"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36716 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жер комиссиясы – облыстың, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы жер учаскелеріне құқық беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекендердің жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерін басқа санаттардағы жерге ауыстыру туралы өтініштерді (өтінімдерді) қарауға және қорытындыларды дайындауға арналған алқалы орган;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Аквашаруашылықты жүргізу үшін жер учаскесін беруді қоспағанда, конкурстық ұсыныста:

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

      2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бекітілген Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылады.";

      мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "12-1. Аквашаруашылықты жүргізу үшін конкурстық ұсыныста (бұдан әрі – конкурстық ұсыныс):

      1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, аквашаруашылық объектілерін өсіру көлемі, тиісті инфрақұрылымның және аквашаруашылықты жүргізуге арналған жабдықтардың, аквашаруашылық саласындағы білікті мамандардың біліктілігі, ашылатын жұмыс орындарының санының болуы);

      2) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының және Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамысының талаптарын орындау бойынша міндеттемелер қамтылады.

      12-2. Өтінім беруші конкурстық ұсыныста ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:

      1) жер учаскесі жалға алынған алғашқы бес жылда 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:

      суарылмайтын егістікке:

      50-ге дейін – 1 балл;

      50-ден 70-ке дейін –2 балл;

      70-тен 90-ға дейін – 3 балл;

      90-нан 110-ға дейін – 4 балл;

      110-нан жоғары – 5 балл;

      суарылатын егістікке (суарылатын жерлер):

      200-ге дейін – 1 балл;

      200-ден 300-ге дейін – 2 балл;

      300-ден 400-ге дейін – 3 балл;

      400-ден 500-ге дейін – 4 балл;

      500-ден жоғары – 5 балл;

      жайылымдық және шабындық алқаптарға:

      5-ке дейін – 1 балл;

      5-тен 10-ға дейін – 2 балл;

      10-нан 20-ға дейін – 3 балл;

      20-дан 30-ға дейін – 4 балл;

      30-дан жоғары – 5 балл;

      2) жайылымдық жерлерге – ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы:

      50-ден аз ірі қара мал, жылқы, түйе – 5 балл;

      50 және одан да көп бас ірі қара мал, жылқы, түйе – 10 балл;

      300-ден аз ұсақ мал басы – 5 балл;

      300 және одан да көп ұсақ мал басы – 10 балл;

      3) меншігінде ауыл шаруашылығы техникасының болуы:

      5 бірліктен кем – 5 балл;

      5 және одан да көп бірлік – 10 балл;

      4) технологиялық жабдықтың болуы:

      1 бірлік – 1 балл;

      2 және одан да көп бірлік – 3 балл;

      5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы:

      5 білікті маманнан кем – 5 балл;

      5 және одан да көп білікті маман – 10 балл.";

      мынадай мазмұндағы 23-1 және 23-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "23-1. Осы Қағидалардың 12-1-тармағында көрсетілген конкурстық ұсыныстар бойынша балдар міндеттемелердің мынадай өлшемшарттары бойынша беріледі:

      1) 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге:

      20 000-ға дейін – 5 балл;

      20 000-нан 50 000-ға дейін – 10 балл;

      50 000-нан 100 000-ға дейін – 15 балл;

      100 000-нан жоғары – 20 балл;

      2) аквашаруашылық объектісін өсірудің болжамды көлемі, тонна:

      50-ге дейін – 3 балл;

      50-ден 100-ге дейін – 5 балл;

      100-ден 200-ге дейін – 7 балл;

      200-ден 500-ге дейін – 10 балл;

      500-ден жоғары – 12 балл;

      3) балық шаруашылығы немесе аквашаруашылық саласындағы білікті мамандардың болуы:

      балық шаруашылығы немесе аквашаруашылық саласындағы мамандығы бойынша білімі туралы дипломы бар әрбір жұмыскер үшін – 3 балл, бірақ 9 балдан аспайды;

      4) ашылатын жұмыс орындарының болуы:

      әрбір ашылған жұмыс орны үшін – 1 балл, бірақ 10 балдан аспайды.

      23-2. Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі.

      Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады