ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 31.08.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Бағалы қағаздар рыногы туралы", "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы", "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы", "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы", "Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 37-бабының 11-тармағына, 39-бабының 3-тармағына, 46-бабына, 217-бабының 9) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) 3-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына және 73-бабының 2-тармағына, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң) 6-тарауына, "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-3-бабына, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Қор туралы заң) 5-бабының 5-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 8-бабы 9-тармағының 9-2) тармақшасына, "Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін айқындайды.";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кастодиан – қаржы құралдары мен ақшаны есепке алуды, солар бойынша құқықтарды растауды, олардың сақталуы жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдай отырып, құжаттық қаржы құралдарын сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк);
2) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.";
20-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) өз клиенттерінің активтерімен жасалған мәмілелердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуіне, оның ішінде Қағидалардың 24, 24-1, 25, 26, 26-1-тармақтарында белгіленген тәртіппен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, инвестициялық қорлардың активтерін, эндаумент-қорлар активтерін, арнайы қаржы компаниясының активтерін және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының зиянын өтеу резервін мақсатты орналастыруына (пайдалануына) бақылау жасайды;";
мынадай мазмұндағы 22-2-тармақпен толықтырылсын:
"22-2. Эндаумент-қордың активтерін сақтау және есепке алу функцияларын іске асыру мақсатында кастодиан:
1) инвестициялық кіріс алу бойынша операцияларды, сондай-ақ эндаумент-қордың активтерін инвестициялық басқаруға байланысты операциялар бойынша есептерді есепке алуды;
2) инвестициялық портфельді басқарушыны ақшаны есепке алу және сақтауға арналған активтерді есепке алу үшін пайдаланылатын шоттардың жай-күйі туралы, сондай-ақ нысан бойынша шоттар бойынша есепті кезеңдегі ақша қозғалысы туралы кастодианның ішкі құжаттарында және кастодиандық шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде ай сайын хабардар етуді;
3) басқаруында эндаумент-қордың активтері болатын инвестициялық портфельді басқарушыға (бұдан әрі - нысаналы капитал қорының инвестициялық портфелін басқарушы) беру үшін, оның ішінде Қағидалардың 36-тармағына сәйкес салыстырып тексеру үшін кастодианның ішкі құжаттарында анықталған нысан бойынша эндаумент - қор (нысаналы капитал) активтерінің құрылымы туралы есепті кастодиандық шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ай сайын жасауды;
4) эндаумент-қор активтері есебінен орындалуға жататын міндеттемелерді есепке алуды;
5) эндаумент-қор активтері құрамының Қазақстан Республикасы заңнамасының, нысаналы капитал қорының инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкестігін бақылауды;
6) эндаумент-қор активтерінің құнын, қозғалысын және құрамын есепке алуды жүзеге асырады.
Эндаумент-қор активтері құрылымының (құрамының) Қазақстан Республикасы заңнамасының, нысаналы капитал қорының инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда кастодиан сәйкессіздік анықталған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы уәкілетті органға және нысаналы капитал қорының инвестициялық портфелін басқарушыға хабарлама жібереді.";
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
"24-1. Эндаумент-қордың активтерін нысаналы орналастыруды (пайдалануды) бақылауды кастодиан эндаумент-қор (нысаналы капитал) активтерінің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша құжаттарды және эндаумент-қордың инвестициялық портфелін басқарушы ұсынған кастодианды есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша операциялар жасауға бұйрықтарды (тапсырмаларды):
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында;
2) инвестициялық декларацияда (эндаумент-қордың активтеріне қатысты);
3) эндаумент-қордың активтеріне қатысты нысаналы капитал қорының инвестициялық портфелін басқарушының инвестициялық қызметін шектеуге бағытталған, уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру жолымен жүзеге асырады.
27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, инвестициялық қорлардың активтерін, эндаумент-қорлардың активтерін, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын нысаналы орналастыруды (пайдалануды) бақылау жөніндегі функцияны орындау шеңберінде кастодиан кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған шоттар бойынша көрсетілген активтер есебінен операция жасауға алынған бұйрық Қағидалардың 24, 24-1, 25, 26 және 26-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде операцияны тіркеуді (орындауды) жүзеге асырады және осы бұйрықты (осы тапсырманы) берген тұлғаға тиісті бұйрықтың (тапсырманың) орындалғаны туралы есеп жібереді.
Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген есепті жіберу қор биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалған мәмілелер бойынша талап етілмейді.
28. Бұйрықтың (тапсырманың) Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, кастодиан уәкілетті органды, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын және егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса, қор биржасын жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабардар етеді.
Бұйрықтың (тапсырманың) Қағидалардың 24-1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, кастодиан уәкілетті органды, басқарушы компанияны, егер мәміле нысаналы капитал қорының активтерінің қатысуымен жасалған болса, нысаналы капитал қорының атқарушы органын, егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса, қор биржасын жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабардар етеді.
Бұйрықтың (тапсырманың) Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, кастодиан уәкілетті органды, басқарушы компанияны, егер мәміле акционерлік инвестициялық қор активтерінің қатысуымен жасалған болса, акционерлік инвестициялық қордың атқарушы органын, егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса, қор биржасын жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабардар етеді.
Бұйрықтың (тапсырманың) Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, кастодиан уәкілетті органды, арнайы қаржы компаниясын, инвестициялық портфельді басқарушыны, сондай-ақ, егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса, қор биржасын жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабардар етеді.
Бұйрықтың (тапсырманың) Қағидалардың 26-1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, кастодиан уәкілетті органды, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын және егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса, қор биржасын жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабардар етеді.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Кастодианның ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, инвестициялық қорлардың активтерін, эндаумент-қорлардың активтерін, "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын, арнайы қаржы компанияларының бөлінген активтерін, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарды және олармен жасалатын мәмілелерді есепке алуы Қазақстан Республикасының заңдарымен, кастодиандық шартпен және кастодианның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.";
39-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) салыстырып тексеру актісін жасау күніндегі инвестициялық қор активтерінің, эндаумент-қор активтерінің құрамына кіретін ақша мен қаржы құралдарынан басқа активтердің қалдығы туралы және салыстырып тексеру жүзеге асырылатын кезеңде осы активтермен жасалған мәмілелер (операциялар) туралы ақпарат туралы мәліметтерді қамтитын салыстырып тексеру актісін жасау жолымен жүзеге асырылады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Кастодиан кастодианның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен № 210 қағидалардың 21-тармағында көзделген есепке алу журналдарын, сондай-ақ мыналарды:
1) кастодиан олар Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) осы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық декларацияларына және (немесе) зейнетақы қағидаларына және (немесе) акционерлік инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына, және (немесе) нысаналы капитал қорларының инвестициялық декларацияларына, және (немесе) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді қорының зиянды өтеу резервінің қаражаттарын инвестициялау қағидаларына және (немесе) инвестициялық пай қорларының қағидаларына, және (немесе) арнайы қаржы компаниялары мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару шарттарына сәйкес келмеуі себебінен қабылданбаған (орындалмаған) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, инвестициялық қорлардың, нысаналы капитал қорларының, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының және арнайы қаржы компанияларының жеке шоттары бойынша операцияларды;
2) кастодиан олар Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) акционерлік инвестициялық қорлардың, нысаналы капитал қорларының инвестициялық декларацияларына сәйкес келмеуі себебінен қабылданбаған (орындалмаған) инвестициялық қорлардың, эндаумент-қорлардың активтерінің құрамына кіретін ақша және қаржы құралдарынан басқа, инвестициялық портфельді басқарушы мүлікпен жасаған мәмілелерді (операцияларды), сондай-ақ инвестициялық қорлардың ақша және қаржы құралдарынан басқа, мүлікпен жасалған мәмілелерді (операцияларды) және эндаумент-қорлардың активтерінің құрамына кіретін мүлікпен жасалған мәмілелерді (операцияларды);
3) кастодианға инвестициялық қорлардың инвестициялық портфельді басқарушыларының не арнайы қаржы компанияларының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорларының, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) осы ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық декларацияларына және инвестициялық қорлардың инвестициялық декларацияларына және (немесе) зейнетақы қағидаларына және (немесе) акционерлік инвестициялық қорлардың, нысаналы капитал қорларының инвестициялық декларацияларына және (немесе) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді қорының зиянды өтеу резервінің қаражаттарын инвестициялау қағидаларына және (немесе) инвестициялық пай қорларының қағидларына, және (немесе) арнайы қаржы компаниясы мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған инвестициялық портфельді басқару шарттарына сәйкес келмейтін арнайы қаржы компанияларының берілген бұйрықтары (тапсырмалары) туралы уәкілетті органға жіберілген хабарламаларды есепке алу журналдарын жүргізу арқылы дәйекті және актуалды есепке алуды (есепке алу деректерін өзгертуге негіздемелер туындаған күні) жүзеге асырады.";
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Кастодианның инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін, инвестициялық қордың активтерін, эндаумент-қордың активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының активтерін және арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін жаңа кастодианға беруді клиент жаңа кастодианмен кастодиандық шарт жасасқаннан кейін іс-әрекет етуші және жаңа кастодианның уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.";
61 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Осы Қағидалардың 60-тармағында көрсетілген клиенттердің берілетін құжаттарының тізбесіне:
1) клиентке кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған, орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған, активтерді беру күніндегі жағдай бойынша жасалған (Астана қаласының уақыты бойынша 00 сағат 00 минут) жеке шоттан және қосалқы шоттан алынған үзінді көшірмелерінің;
2) активтерді беру күніндегі жағдай бойынша кастодиан мен клиент арасында жасалған салыстырып тексеру актілерінің (Астана қаласының уақыты бойынша 00 сағат 00 минут) көшірмелері, сондай-ақ олардың негізінде салыстырып тексеру жүргізілген құжаттардың;
3) кастодианның есепке алу жүйесінде ашылған клиенттердің шоттары бойынша операциялар жүргізуге клиенттердің тапсырмалардың (бұйрықтардың), сондай-ақ кастодиандық шарттар шеңберінде осы клиенттердің активтеріне кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі қызметке жататын өзге де құжаттардың көшірмелері енгізіледі.
Кастодиан инвестициялық қордың, эндаумент-қордың активтерін берілетін құжаттардың тізбесіне беру кезінде қосымша инвестициялық қордың, эндаумент-қордың активтерінің құрамына кіретін ақша мен қаржы құралдарынан басқа, өзге мүлікке қатысты инвестициялық қордың, нысаналы капитал қорының меншік құқығын белгілейтін құжаттардың көшірмелері енгізіледі.
Арнайы қаржы компаниясының берілетін құжаттар тізбесіне облигациялармен мәмілелерді есепке алу жөніндегі қызметке, оның ішінде олар бойынша сыйақы төленуге тиіс құжаттардың көшірмелері қосымша енгізіледі.
62 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) кастодиандық шарт жасалған күннен бастап инвестициялық қордың, эндаумент-қордың активтерінің құрамына кіретін ақша мен өзге қаржы құралдарынан басқа өзге мүліктің қозғалысы туралы және активтерді қабылдау-өткізу актісі жасалған күнге кастодианның есепке алу жүйесінің деректеріне сәйкес инвестициялық қордың, эндаумент-қордың активтерінің құрамына кіретін ақша мен өзге қаржы құралдарынан басқа өзге мүліктің қалдығы туралы мәліметтер;";
64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының белгіленген активтерін, инвестициялық қордың активтерін, эндаумент-қордың активтерін, "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының зиянды өтеу резервінің қаражаттарын жаңа кастодианға қабылдау-өткізу актісінде Қағидалардың 62-тармағында көрсетілген ақпараттан басқа мынадай ақпарат қамтылады:
1) активтерді қабылдау-өткізу актісін жасаған күнгі жағдай бойынша жасалған депонент-банктердің атауын, салымдар сомаларын, банктік салым шартының жасалған күні мен нөмірлерін, салымдар мерзімдерін, сыйақы мөлшерлемелерін көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар туралы ақпарат;
2) активтерді қабылдау-өткізу актісін жасаған күнгі жағдай бойынша клиенттердің активтерін құрайтын қаржы құралдарының сатып алу және ағымдағы құны туралы ақпарат;
3) активтерді қабылдау-өткізу актісін жасаған күнгі жағдай бойынша әрбір қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кірістің сомасы туралы, сондай-ақ әрбір қаржы құралы бойынша есептелген, бірақ төленбеген сомасы туралы;
4) активтерді қабылдау-өткізу актісін жасаған күнгі жағдай бойынша есептелген және төленген, сондай-ақ төлеуге жататын комиссиялық сыйақылар сомасы туралы;
5) кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі қызметке қатысты өзге де мәліметтер.";
мынадай мазмұндағы 67-1-тармақпен толықтырылсын:
"67-1. Эндаумент-қордың активтерін қабылдау-өткізу актісі кастодиандық шарт бұзылған күндегі жағдай бойынша инвестициялық портфельді басқарушы, кастодиан, жаңа кастодиан, уәкілетті орган үшін бір-бірден бес данада жасалады, инвестициялық портфельді басқарушы (кастодиан шартының тарабы болып табылатын), кастодиан және жаңа кастодиан нысаналы капитал қорының бірінші басшылары мен бас бухгалтерлері қол қояды.".
69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"69. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, "жалпы сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының зиянды өтеу резервінің қаражатын, арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін, инвестициялық қор активтерін, эндаумент-қордың активтерін қабылдау-өткізу актісінің даналарын кастодиандық қызмет көрсетуге активтерді қабылдайтын кастодиан оған қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ұсынады.".
2. "Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтің жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметтің жүзеге асыру қағидаларында:
кіріспенің бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 892-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 15-бабының 9) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабының 1-тармағына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағының 1-1) тармақшасына, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 11) тармақшасына, "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң) 37-бабының 3-тармағына, "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Секьюритилендіру туралы заң) 6-2-бабының 1 және 3-тармақтарына, "Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (Эндаумент-қорлар туралы заң) 9-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін белгілейді.";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін Секьюритилендіру туралы заңға сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқықтары берілетін заңды тұлға;
2) биржалық ивестициялық пай қоры (Exchange Traded Fund) (ETF) (Эксчейндж Трэйдэд Фандс) – пайлары қор биржасында айналыста болатын индекстік инвестициялаудың аралық ивестициялық пай қоры;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) инвестициялық декларация – инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор немесе эндаумент-қорлар активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегияларын, талаптары мен шектеулерін, активтерді хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;
5) инвестициялық портфель – инвестициялық портфельді басқарушының меншігіндегі немесе басқаруындағы қаржы құралдарының алуан түрлерінің не өзге мүліктің жиынтығы;
6) инвестициялық портфельді басқарушы – өз атынан клиенттің мүддесінде және оның есебінен азаматтық құқықтар объектілерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
7) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі шарт – оған сәйкес клиент мүлікті инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беретін, ал инвестициялық портфельді басқарушы осы мүлікті клиенттің мүддесі үшін басқаруды жүзеге асыруға міндеттенетін шарт;
8) инвестициялық портфельді басқарушының есепке алу жүйесі – инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің инвестициялық шоттарында қамтылған, клиент пен оның активтерін сәйкестендіруді, инвестициялық портфельдің құрылымын және белгілі бір уақыт сәтінде клиенттің активтерімен мәмілелерді қамтамасыз ететін мәліметтер жиынтығы;
9) инвестициялық шешім – инвестициялық қордың немесе эндаумент-қорлардың активтерін басқару процесінде қабылданатын оның активтерімен мәміле жасасу туралы шешім;
10) клиент – инвестициялық портфельді басқарушының қызметтерін пайдаланатын немесе пайдалануға ниет білдірген тұлға, инвестициялық қор, нысаналы капитал қоры, сондай-ақ инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және активтері инвестициялық портфельді басқарушысында болатын, сақтанушының инвестицияларға қатысу талаптарын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (шығындардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған инвестициялық қор және инвестициялық портфель, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтеріне қатысты бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры;
11) клиенттің активтері – инвестициялық портфельді басқарушының басқаруындағы активтердің жиынтығы;
12) құрылымдық өнім - шығару талаптары осы қаржы құралы бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы сомалары төлемдерінің оны шығару талаптарында берілген көрсеткіштерге қол жеткізуге және (немесе) оқиғалардың туындауына тәуелділігін көздейтін қаржы құралы;
13) маркет-мейкер - қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралы бойынша баға белгілеуді жариялап отыру және қолдау қызметтерін ұсынатын ұйым;
14) мүдделер қақтығысы – инвестициялық портфельді басқарушы мен оның клиентінің (клиенттерінің) мүдделері бір-біріне сәйкес келмейтін жағдай;
15) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
16) үлестес тұлғалар – тізбесі "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес белгіленетін, тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді айқындауға және (немесе) бір-бірімен (тұлғалардың бірімен) қабылданатын шешімдерге, оның ішінде жасалған мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлғалар;
17) хеджирлеу – хеджирлеу объектiсi бағасының немесе өзге де көрсеткiшiнiң қолайсыз өзгеруi нәтижесiнде туындайтын ықтимал залалды өтеу мақсатында жасалатын туынды қаржы құралдарымен операциялар. Активтер және (немесе) мiндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) мiндеттемелерге немесе күтiлетiн мәмiлелерге байланысты ақша ағыны хеджирлеу объектiлері деп танылады;
18) ішкі құжаттар – инвестициялық портфельді басқарушының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің қызметінің талаптары мен тәртібін, қызметтер көрсетуді және оларға ақы төлеу тәртібін реттейтін құжаттар.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Инвестициялық портфельді басқарушының акционерлік инвестициялық қормен, нысаналы капитал қорымен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасасатын инвестициялық қордың және (немесе) эндаумент-қордың активтерін сенімгерлікпен басқару шартын жасау тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Инвестициялық қорлар туралы заңда және Эндаумент-қорлар туралы заңда белгiленедi.";
21, 22 және 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Қағидалардың 20-тармағында көзделген хабарламалар жазбаша түрде ресiмделедi және почта байланысымен және (немесе) электронды почтамен және (немесе) факсимильдік және (немесе) телекстік және (немесе) телеграфтық хабарламамен немесе шартта немесе инвестициялық пай қорының немесе нысаналы капитал қорының қағидаларында айқындалған байланыстың өзге де ықтимал түрлерімен клиентке жiберiледi. Сондай-ақ, Қағидалардың 20-тармағының 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген хабарламалар көрсетілген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельді басқарушының интернет-ресурсында орналастырылады.
22. Инвестициялық портфельді басқарушының жарнамалық ақпаратты таратуы "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Инвестициялық қорлар туралы заңның, Эндаумент-қорлар туралы заңның талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
23. Инвестициялық пай қорының (сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және сақтанушының инвестицияларға қатысу шарттарын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен зиян) есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің), эндаумент-қордың активтерін сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органның лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру туралы хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы қордың (инвестициялық портфельдің) активтерін есепке алуды жүзеге асыратын кастодианға кредиторлық және дебиторлық берешектің, оның ішінде кредиторлар, дебиторлар және "репо" операцияларына қатысқан тұлғалар туралы мәліметтерді қосқанда, "репо" операцияларын ашу аясында пайда болған берешектің сомалары туралы ақпаратты жібереді.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Клиенттің инвестициялық портфелін басқару Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Бағалы қағаздар рыногы туралы заңға, Инвестициялық қорлар туралы заңға, Эндаумент-қорлар туралы заңға, Қағидаларға және клиенттің инвестициялық декларациясына сәйкес жүзеге асырылады.";
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Клиенттің инвестициялық декларациясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 болып тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларының (бұдан әрі - Тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру қағидалары) 37-тармағында көзделген мәліметтер болады.
Инвестициялық қорлардың инвестициялық декларациясына қойылатын талаптар Инвестициялық қорлар туралы заңның 39-бабында белгіленген.
Эндаумент-қорлардың инвестициялық декларациясына қойылатын талаптар Эндаумент-қорлар туралы заңның 29-бабында белгіленген.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдің инвестициялық декларациясына қойылатын талаптар Сақтанушының инвестицияларға қатысу қағидаларында айқындалған.";
33-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Инвестициялық қорлар активтерінің, эндаумент-қорлар активтерінің, сақтанушылардан инвестициялау мақсаттары үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістердің (зияндардың) бір бөлігі есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельдер активтерінің, инвестициялық портфельді басқарушының (сақтандыру ұйымының) басқаруындағы зейнетақы активтерінің және инвестициялық портфельді басқарушының (сақтандыру ұйымының) меншікті активтерінің қаржы нарығы лицензиаттарының дауыс беретін акцияларына инвестицияларының жиынтық көлемі инвестициялық портфельді басқарушының (сақтандыру ұйымының) оларды сатып алуға уәкілетті органның келісімін алуды талап ететін мөлшерден аз болуы тиіс.";
38-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының меншікті активтері есебінен, инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақылары (сақтандыру жарналары) және сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары бойынша оларды инвестициялаудан алынған кірістер (зияндар) бөлігінің есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді құрайтын активтерді есепке алуды және сақтауды, эндаумент қорлардың активтерін есепке алуды және сақтауды, сондай-ақ инвестициялық қорлардың активтерін және арнайы қаржы компаниясының активтерін есепке алуды және сақтауды кастодиан мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған кастодиандық шарт негізінде кастодиан жүзеге асырады.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының меншікті активтері есебінен, сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (зиян) есебінен қалыптастырылған инвестициялық портфельді құрайтын активтерді, сондай-ақ инвестициялық қорлардың активтері, эндаумент-қорлардың активтері мен арнайы қаржы компаниясының активтерін қоспағанда, клиенттердің шетелдік қаржы құралдарын есепке алуды және сақтауды шетелдік есеп айырысу ұйымы жүзеге асыра алады.".
3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |