"Азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, орнын ауыстыру, қызметке ұсыну, демалыс беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 270 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 360 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 тамызда № 36699 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, орнын ауыстыру, қызметке ұсыну, демалыс беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 270 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34759 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, орнын ауыстыру, қызметке ұсыну, демалыс беру, арнаулы атақтар беру, жұмыстан шығару және іссапарға жіберу туралы нұсқаулықта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Аға басшы құрамның лауазымдарына қабылдау конкурстық іріктеуден өткен адамдарға қатысты тағылымдамадан өткеннен кейін және сынақ мерзімінен үш айға дейін жүргізіледі.

      Сынақ мерзімінің қанағаттанарлықсыз нәтижесі болған кезде сынақ мерзімі қайта кейінгі ұзартусыз үш айға ұзартылады.";

      29-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қызметкер басқа елді мекенге көшкен кезде:

      қызметкердің қызметтік тізімі;

      ұсыным;

      қызметкердің тікелей басшысы куәландырған баянаты;

      ӘДК қорытындысы (қажет болған жағдайда);

      отбасы мүшесіне медициналық мекеменің қорытындысы (отбасы мүшесінің денсаулығына байланысты басқа елді мекенге көшкен жағдайда);

      халықты әлеуметтік қорғау органының қорытындысы (басқа елді мекенге көшкен жағдайда, бөлек тұратын жұбайының (зайыбының) қарттарға немесе науқас ата-аналарына күтім жасау қажеттілігіне байланысты);

      БП ҚСАЕАК АЖ ақпараты.".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады