Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 және "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 тамызда № 36670 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларында:

      2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) нұсқаушы – он сегіз жасқа толған, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі-уәкілетті орган) аумақтық органында даярлықтан өткен жеке тұлға;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Шомылуға бөлінген су айдыны акваториясы учаскесінің түбін 2 метрге дейінгі тереңдікте зерттеп-қарауды және тазалауды, сондай-ақ жағажайдың осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкестігін көзбен шолып қарауды уәкілетті органның аумақтық органдары немесе қарамағындағы мемлекеттік мекемелері немесе жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органның аумақтық органдары өкілдерінің қатысуымен су астында жұмыс жүргізу үшін сүңгуірлік жабдықтары мен құрал-жабдықтары бар ұйымдар жүргізеді.

      6-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) шомылуға тыйым салынған және рұқсат етілген орындарда (уәкілетті органның аумақтық органының басшысы бекіткен патрульдеу ай сайынғы графигі негізінде) патрульдеу жүргізуді ұйымдастырады.";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шомылу маусымы басталар алдында 2 метрге дейінгі тереңдікте шомылуға бөлінген су айдыны акваториясы учаскесінің түбін тексеру және тазалау жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жағажайды зерттеу актісі уәкілетті органның аумақтық органдарымен беріледі (жағажайды зерттеу актісі барлық қолдар болған жағдайда жарамды болып табылады);";

      10-1 және 10-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-1. Ұйымдастырушы су айдындарында бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін аумағында ол өтіп жатқан жергілікті атқарушы органдарға су айдындарындағы бұқаралық іс-шараларды өткізу күніне дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрі-хабарлама), бұқаралық іс-шараларды өткізу бағдарламаларын (регламент, сценарий) еркін түрде қоса бере отырып жолдайды. Жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органның аумақтық органын хабардар етеді.

      10-2. Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны қарайды және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде хабар береді. Егер бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болып табылған жағдайда, хабарлама жолданбайды, тек уәкілетті органның аумақтық органына ғана хабар береді";

      36 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Туристік топтарды ұйымдастырушылар уәкілетті органның аумақтық органдарына су айдындарындағы туристік маршруттар туралы, сондай-ақ топтың шығу және қайту күні, қатысушылар саны, топ басшысының тегі, аты, әкесінің аты туралы мәліметтерді хабар береді.";

      көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 55) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      3 және 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шаралар мына деңгейлер бойынша:

      республикалық – еліміздің барлық аумағында;

      аумақтық – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде;

      объектілік – азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      Салалық кіші жүйесінде азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шаралар тиісті орталық атқарушы органдарымен және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарымен ұйымдастырылады және өткізіледі.

      4. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының ұйымдастырылуына және жүргізілуіне әдістемелік басшылық ету азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органына (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүктеледі.";

      6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жыл сайын тиісті жылғы 1-10 қараша аралығында ағымдағы жылы азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы есептерді (бұдан әрі - есеп) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес растайтын материалдарды қоса бере отырып):

      базасында облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар уәкілетті органның аумақтық органдарына;

      азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған және олардың базасында облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар уәкілетті органның аумақтық органдарының аудандық және қалалық төтенше жағдайлар басқармаларына (бөлімдеріне) ұсынылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Орталық атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда, және ұйымдарда азаматтық қорғанысқа басшылық етуді лауазымы бойынша азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтары болып табылатын, олардың бірінші басшылары жүзеге асырады.";

      11, 12 және 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары лауазымы бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктерінің тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарының орынбасарлары болып табылады.

      12. Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету мыналарға:

      1) уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына;

      2) орталық атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге жүктеледі.

      Бұл ретте азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелер мемлекеттік органның жұмылдыру органдарымен ұйымдық түрде біріктірілуі мүмкін;

      3) азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылған, бірінші басшыға тікелей бағынатын ұйымдарда азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелерге немесе жекелеген жұмыскерлерге жүктеледі.

      13. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі бөлімшелердің (қызметкерлердің) жасақталуын (тағайындалуын) жүзеге асырады, олардың функционалдық міндеттері мен штаттық кестесін әзірлейді және бекітеді.";

      16 және 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Азаматтық қорғаныс жоспары:

      республикалық деңгейде – уәкілетті органы;

      салалық кіші жүйеде – орталық атқарушы органның, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның және олардың аумақтық органдарының азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі тиісті құрылымдық бөлімшесі;

      аумақтық деңгейде – уәкілетті органның аумақтық органы жергілікті атқарушы органдармен, сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын және соғыс уақытында жұмысты жалғастыратын атқарушы органдармен бірлесіп;

      объектілік деңгейде – азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған және базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйымдар әзірлейді.

      17. Орталық атқарушы органның және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның азаматтық қорғаныс жоспарына жетекшілік ететін салада жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шаралары кіреді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Азаматтық қорғаныс жоспарлары тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарымен бекітіледі және жоспарланатын жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жыл сайын түзетіледі.

      Азаматтық қорғаныс жоспарын түзету үшін қажетті ақпаратты орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдары уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының сұрау салуы бойынша береді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Азаматтық қорғаныс жоспарларына құпиялық белгі:

      орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар үшін - құпия;

      азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған облыстар, қалалар үшін - құпия;

      азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылмаған қалалық және ауылдық аудандар, қалалар үшін - "қызметтік пайдалану үшін";

      азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған және базасында азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар үшін - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпиялар саласындағы заңнамасына сәйкес ұйым басшысының шешімі бойынша құпиялық белгісі белгіленеді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Азаматтық қорғау қызметтері республикалық, облыстық, аудандық, қалалық деңгейлерде құрылады.

      Жергілікті атқарушы орган тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органының аумақтық органымен бірлесіп, базасында тиісті әкімнің шешімімен облыстық, аудандық және қалалық азаматтық қорғау қызметтерін құратын ұйымдарды айқындайды. Қажет болған жағдайда қызметтердің құрамына бірнеше ұйым кіреді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Азаматтық қорғау күштері азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінен, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарынан, өртке қарсы қызметтің мемлекеттік және кәсіби бөлімшелерінен, азаматтық қорғау құралымдарынан, уәкілетті орган авиациясынан, ахуалды қадағалау, бақылау және болжау қызметтерінен тұрады.";

      46 және 47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Халықты таратуды және эвакуациялауды жоспарлау мен жүргізуді тікелей жүзеге асыру үшін эвакуациялық органдар құрылады:

      эвакуациялық комиссиялар (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, орталық атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда, жергілікті атқарушы органдарда, азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдарда);

      эвакуациялық жинау пункттері (бұдан әрі - ЭЖП);

      эвакуациялаудың аралық пункттері (бұдан әрі - ЭАП);

      эвакуациялық қабылдау пункттері (бұдан әрі - ЭҚП);

      зардап шеккен халықты қабылдау пункттері (баспанасыз, санитариялық шығындарсыз, қайтарымсыз шығындарсыз қалған) (бұдан әрі - ЗШХҚП).

      47. Эвакуациялау (эвакуациялау қабылдау) комиссияларының құрамы мен ережесін тиісті азаматтық қорғаныс бастығы бекітеді.

      Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің эвакуациялау (эвакуациялау қабылдау) комиссиясының құрамын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы жергілікті атқарушы органмен, орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарымен және ұйымдармен келісім бойынша айқындайды.

      Эвакуациялау комиссияларының төрағалары болып орталық атқарушы орган, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган, жергілікті атқарушы орган, азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйым басшысы орынбасарларының бірі, ал эвакуациялық қабылдау комиссияларының төрағалары – жергілікті атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары тағайындалады.

      Эвакуациялық комиссия әкімшілігінің үлгілік құрылымы осы Қағидаларға 1-1-қосымшада айқындалған.

      Эвакуациялық қабылдау комиссиясы әкімшілігінің үлгілік құрылымы осы Қағидаларға 1-2-қосымшада айқындалған.";

      48-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48-3. ЗШХҚП төтенше жағдайлар түріне қарай төтенше жағдайлар салдарын жою кезеңінде зардап шеккен халықты тікелей қоныстандыруды ұйымдастыруға арналған.

      ЗШХҚП орналастырылатын халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін ғимараттар (медициналық ұйымдар, санаторийлер, демалыс үйлері, балалардың сауықтыру лагерлері, қонақ үйлер, білім беру мекемелері, адамдар жаппай объектілер) бөлінеді.

      ЗШХҚП саны және қабылдаушы халықтың көлемі бойынша есептеуді уәкілетті органның аумақтық органдары төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын әзірлеу кезінде жүзеге асырады.

      ЗШХҚП әкімшілігінің штатын, құрылымын, функционалдық міндеттері мен құрамын қабылдаушы халықтың санына қарай ЗШХҚП басшысы айқындайды.

      ЗШХҚП өз қызметінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияға бағынады.

      ЗШХҚП аумақтық деңгейдегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасының немесе төтенше жағдайды жою басшысының өкімі бойынша төтенше жағдайлардың туындау немесе туындау қаупі төнген кезде бейбіт уақытта өрістетіледі.

      Өкімді ала отырып ЗШХҚП басшысы зардап шеккен халықты қабылдау және орналастыру бойынша ЗШХҚП жұмысын дереу ұйымдастырады.

      Өкімді алғаннан кейінгі алғашқы үш сағатта жергілікті атқарушы орган мүлікті ЗШХҚП жеткізуді қамтамасыз етеді.

      ЗШХҚП аумақтық деңгейде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасының немесе төтенше жағдайды жою басшысының ерекше өкіміне дейін халықты қабылдауды және орналастыруды қамтамасыз етеді.

      ЗШХҚП әкімшілігінің үлгілік құрылымы осы Қағидаларға 1-6-қосымшада айқындалған.";

      67 және 68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Бөлімді әзірлеуге арналған бастапқы деректер мен техникалық талаптарды жобалау ұйымының қатысуымен жобаға тапсырыс беруші әзірлейді.

      Тапсырыс берушінің сұрау салуы бойынша уәкілетті органның аумақтық органдары жобаның жоспарланған ауданының жай-күйі туралы бастапқы деректер, сондай-ақ бөлім мазмұны бойынша ұсыныстар береді.

      Жобаның аяқталуы туралы ақпаратты тапсырыс беруші уәкілетті органның аумақтық органдарына ұсынады.

      68. Азаматтық қорғаныс объектілеріне: қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттері, азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайлары, ең қарапайым жасырын паналар, азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайлары жатады.

      Азаматтық қорғаныс мүлкіне мыналар жатады: жеке қорғану құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметриялық бақылау құралдары, жеке медициналық қорғау құралдары, байланыс және құлақтандыру құралдары және басқа да материалдық-техникалық құралдар.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Мемлекеттік органдардың азаматтық қорғанысының қорғаныш құрылыстары бюджет қаражаты есебінен күтіп-ұсталады.

      Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдардың азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайлары көрсетілген ұйымдардың қаражаты есебінен күтіп-ұсталады. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылысжайлары неғұрлым үлкен жұмыс істейтін ауысымға есептелуге және азаматтық қорғау мақсатында пайдаланылуға тиіс.

      Азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкі бар заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, азаматтық қорғаныстың объектілері мен мүлкін әзірлікте ұстап тұру және нысаналы пайдалану жөніндегі міндеттер, сондай-ақ оларды құру мен жинақтау жөніндегі тапсырмалар азаматтық қорғаныс объектілер мен мүлкінің жаңа меншік иелеріне немесе коммуналдық меншікке өтеді.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар жыл сайын уәкілетті орган белгілеген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес азаматтық қорғаныс объектілеріне кешенді тексеру жүргізеді.";

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарын кешенді тексерудің нәтижелері азаматтық қорғаныс объектісін тексеру журналына енгізіледі және уәкілетті органның аумақтық органдарына тиісті жылдың 1 желтоқсанына дейін жолданады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының

      Атом энергиясы жөніндегі агенттігі"

      Республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Президентінің Іс басқармасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі"

      Республикалық мемлекеттік мекемесі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 22 тамыздағы
№ 348 Бұйрыққа 1-қосымша
3-қосымша
су айдындарындағы
қауіпсіздік ережелеріне

Жағажайды зерттеу актісі № _____

      Біз жағажай акваториясының түбіне зерттеу жүргізген мекеменің ұйымның)

      өкілі, төменде қол қойдық

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      жергілікті атқарушы органның өкілі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      бір жағынан,

      және су объектілері мен су шаруашылығы ұрылыстарындағы бұқаралық демалыс,

      туризм және спорт орнын ұйымдастырушының өкілі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      екінші жағынан,

      20__ жылғы "___" ______________ жағажай зерттеу жүргізілді

      _____________________________________________________________________

      (жағажайдың атауы)

      су қоймасында орналасқан

      _____________________________________________________________________

      (су қоймасының атауы)

      Тереңдікті өлшейтін және шомылу кезінде қауіпті заттарды көрсететін жағажайдың

      жоспар – схемасын жасады.

      Көлденең профиль бойынша түбінің тереңдігін өлшеді.

      Жағажай акваториясының түбінен кедергілерді жойды / өткізбеді.

      Жағажайдың сәйкестігін визуалды тексеруден өткізді/өткізбеді.

      Тексеру кезінде мыналар анықталды:

      1. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы жаппай демалыс орны

      "_________________" орналасқан мекен-жайы: ________________________

      және 20__ жылғы "___" __________ әкімдіктің № ______ қаулысымен белгіленген

      (көшірмесі қоса берілген).

      2. Құтқару бекеті – құрылды/жоқ.

      3. Медициналық көмек көрсету пункті – құрылды/жоқ.

      4. Қорғау посты – құрылды/жоқ.

      5. Кезекші персонал – жасақталған/жоқ.

      6. Шомылуға арналған балалар жағажайы – жабдықталған/жоқ.

      7. Бақылау мұнарасы – орнатылған/жоқ.

      8. Ақпараттық стендтер – орнатылған/жоқ.

      9. Акватория учаскесінің шекаралары (буйки) – белгіленген/жоқ.

      10. Шағын кемелерді жалға беру пункттері – орнатылған/жоқ.

      11. Суға секіруге арналған орындар – орнатылған/жоқ.

      12. Құтқару құралдары бар қалқандар – орнатылған/жоқ.

      13. Қолда бар мүлік:

      1) моторлы қайық – ____ дана бар/жоқ;

      2) ескекті қайық – ____ дана бар/жоқ;

      3) тасымалданатын радиостанция – ____ дана бар/жоқ;

      4) құтқару шеңбері – ____ дана бар/жоқ;

      5) "Александровтың соңы" – ____ дана бар/жоқ;

      6) мүйіз түріндегі дауыс зорайтқыш – ____ дана бар/жоқ;

      7) мысықтармен трал – ____ дана бар/жоқ;

      8) сақтандырудың соңы – ____ дана бар/жоқ;

      9) құтқару кеудешесі (төсбелгі) – ____ дана бар/жоқ;

      10) құтқару багоры, полюс – ____ дана бар/жоқ.

      Қорытындылар:

      Су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт орнының жұмыс істеуіне жол беріледі/жол берілмейді (себебі).

      Осы акт үш данада жасалды (1 – уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі, 2 – жергілікті атқарушы орган, 3 – жағажайдың ұйымдастырушы) және жағажайдың жұмыс істеуіне рұқсат беретін/тыйым салатын құжат болып табылады.

      Жағажай акваториясының түбіне зерттеу жүргізген мекеменің (ұйымның) өкілі

      ________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, мөр орны (бар болса)

      жергілікті атқарушы органның өкілі

      ________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, мөр орны (бар болса)

      уәкілетті органның аумақтық бөлімше өкілі

      ________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарының жаппай демалу

      орындарын ұйымдастырушы

      ________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы, мөр орны (бар болса)

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 22 тамыздағы
№ 348 Бұйрыққа 2-қосымша
Су айдындарындағы
қауіпсіздік қағидаларына
4-қосымша

Су айдындарында жаппай іс-шара өткізу туралы хабарлама

      1. Бұқаралық іс-шараның мақсаты

      _____________________________________________________________________

      2. Бұқаралық іс-шара нысаны

      _____________________________________________________________________

      3. Бұқаралық іс-шараны өткізу орны (орындары), қатысушылардың қозғалыс маршруттары, көлік (оның ішінде жүзу) құралдарын пайдаланған жағдайда оларды пайдалану туралы ақпарат

      _____________________________________________________________________

      4. Бұқаралық іс-шараның басталу күні, уақыты

      _____________________________________________________________________

      Бұқаралық іс-шараның аяқталу күні, уақыты

      _____________________________________________________________________

      5. Бұқаралық іс-шараға қатысушылардың болжамды саны _____ адам

      6. Ұйымдастырушының бұқаралық іс-шараны қамтамасыз ету нысандары мен әдістері:

      1) көрермендер мен қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (уәкілетті органның аумақтық органында нұсқаушыларды даярлау жөніндегі курстардан өткені туралы анықтамасы бар нұсқаушылардың саны)

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2) қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету (полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуде көмек көрсету үшін тартылатын жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің, еріктілер мен бақылаушылардың саны (олар тартылған жағдайда)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3) медициналық көмекті ұйымдастыру

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      7. Бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушының (ұйымдастырушылардың) Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не атауы, оның тұрғылықты немесе болған жері туралы не тұрған жері туралы мәліметтер және телефон нөмірі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      8. Бұқаралық іс-шараны өткізу тәртібі, оның ішінде келушілерге, көрермендерге және

      бұқаралық іс-шараның өзге де қатысушыларына

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      9. Су объектісіндегі адамдардың қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), байланыс деректері

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Қосымша:

      _____________________________________________________________________

      (бұқаралық іс-шара өткізу объектісін пайдалануға құқықтардың бар екендігін растайтын құжаттар)

      20__ жылғы "___"__________ _________________________________

      (хабарламаның берілген күні) (бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушының (ұйымдастырушылар) қолы

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 22 тамыздағы
№ 348 Бұйрыққа 3 қосымша
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру
және жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық қорғау қызметтерімен ұсынылатын әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: базасында облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне, базасында облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық төтенше жағдайлар басқармаларына (бөлімдеріне).

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/kgovch.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының атауы: облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауы туралы есеп.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-(АҚ).

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: базасында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнің 1-10 қазан (қоса алғанда).

      ЖСН/БСН


      Жинау әдісі: электронды түрде.

р/с

Азаматтық қорғаныс іс-шаралары

Бар / орындалды

Жоқ / орындалмаған

А

1

2

3

1

Тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастығы бекіткен азаматтық қорғаныс жоспарының болуы



2

Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы



3

Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларының талап етілетін санының болуы және әзірлікте ұстап тұру



4

Ұйымда азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын құру туралы құқықтық актінің болуы



5

Азаматтық қорғау құралымының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы



6

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытудан өткені туралы сертификаттарының болуы



7

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның оқу орындарында даярлықтан немесе қайта даярлаудан өткені туралы сертификаттардың болуы



8

Азаматтық қорғаудың негізгі құралымдарының, оның ішінде шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін құралымдардың әзірлігі



      Атауы __________________________________________________

      Мекенжайы ______________________________________________________

      Телефоны ________________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы _____________________________________ _____

      Кәсіпкерлік санаты ___________________________________

      (микро, кіші, орта, ірі)

      Орындаушы ___________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың және
астананың, ауданның (облыстық
маңызы бар қаланың)азаматтық
қорғау қызметтері құрылған
ұйымдар ұсынатын әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (индекс: 2-(АҚ), кезеңділігі: жылдық)

      1. 1-8-жолдарда "Бар/орындалды" немесе "Жоқ/орындалмаған" деген белгі қойылуы тиіс.

      2. 2-бағанда тиісті жолдың азаматтық қорғаныс іс-шарасы болған/орындалған жағдайда "бар/орындалды" қойылады.

      3. 3-бағанда тиісті жолдың азаматтық қорғаныс іс-шарасы болмаған/орындалмаған жағдайда "жоқ/орындалмаған" қойылады.

      4. Бір жолда "Бар/орындалды" және "Жоқ/орындалмаған" толтыруға жол берілмейді.

      5. 1-8-жолдар міндетті түрде толтырылады.

      6. 1, 2, 4, 6, 7 жолдарды "Бар/орындалды" толтыру кезінде жоспарлардың, құқықтық актілердің, сертификаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.

  Әкімшілік деректерді
  жинауға арналған нысан

Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдарымен ұсынылатын әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің аудандық және қалалық төтенше жағдайлар басқармаларына (бөлімдеріне).

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/kgovch.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанының атауы: Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдардың азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындауы туралы есеп.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 3-(АҚ).

      Кезеңділігі: жылдық

      Есепті кезең: 20__ жыл

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдары.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті кезеңнің 1-10 қазан (қоса алғанда).

      ЖСН/БСН


      Жинау әдісі: электронды түрде.

р/с №

Азаматтық қорғаныс іс-шаралары

Бар / орындалды

Жоқ / орындалмаған

А

1

2

3

1

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшені немесе жекелеген қызметкерлерді құру туралы құқықтық актінің (бұйрық, қаулы, шешім) болуы



2

Тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс бастығымен бекітілген азаматтық қорғаныс жоспарының болуы



3

Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен объектілік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының болуы



4

Эвакуациялық комиссия құру туралы құқықтық актінің болуы (бұйрық, қаулы, шешім)



5

Эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссияның құрамын және ережесін бекіту туралы тиісті құжаттың (бұйрық, қаулы, шешім) болуы



6

Азаматтық қорғаныс мүлкі қорларының талап етілетін санының болуы және әзірлікте ұстап тұру



7

Ұйымда азаматтық қорғаудың объектілік құралымдарын құру туралы ұйым басшысының құқықтық актісінің болуы



8

Азаматтық қорғау құралымының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы



9

Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыратын адамдардың уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқытудан өткені туралы сертификаттардың болуы



10

Талап етілетін, жарамды құлақтандыру жүйесінің, оның ішінде локалды құлақтандыру жүйесінің болуы



11

Азаматтық қорғау бойынша сабақтар өткізуге арналған құралдар жиынтығының және азаматтық қорғау бойынша бұрыштың болуы



12

Әрбір әкімшілік және өндірістік ғимаратта көп бейінді кабинеттің немесе бір-бірден азаматтық қорғау бұрышының болуы



13

Ұйым басшысы бекіткен оқу топтары, сабақ жетекшілері тізімінің және сабақ өткізу кестесінің болуы



14

Азаматтық қорғау саласында өткізілген сабақтарды есепке алу журналының болуы



15

Ұйым қызметкерлерінің азаматтық қорғау саласында оқытудан өткені туралы анықтамаларының болуы



16

"Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 шiлдедегi № 494 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20990 тіркелген) 81 тармағына сәйкес азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұйымдастырушылық құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, азаматтық қорғау саласында оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізу туралы ұсынылған ақпараттың болуы



17

Азаматтық қорғаудың негізгі құралымдарының, оның ішінде шұғыл ден қою жасағының құрамына кіретін және авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін құралымдардың әзірлігі



18

Азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстары қорының болуы, оларды жұмысқа әзірлікте ұстау



19

Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтауға арналған қойма үй-жайларының болуы



      Атауы __________________________________________________

      Мекенжайы______________________________________________________

      Телефоны________________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы _____________________________________

      Кәсіпкерлік санаты ___________________________________

      (микро, кіші, орта, ірі)

      Орындаушы ___________________________________ _________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефоны

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Азаматтық қорғаныс бойынша
санатқа жатқызылған ұйымдар
ұсынатын әкімшілік деректерді
өтеусіз негізде жинауға арналған
нысанға қосымша

"Азаматтық қорғаныс бойынша санатқа жатқызылған ұйымдардың азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындауы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме" (индекс: 3-(АҚ), кезеңділігі: жылдық)

      1. 1-19 жолдарда "Бар/орындалды" немесе "Жоқ/орындалмаған" деген белгі қойылуы тиіс.

      2. 2-бағанда тиісті жолдың азаматтық қорғаныс іс-шарасы болған/орындалған жағдайда "Бар/орындалды" қойылады.

      3. 3-бағанда тиісті жолдың азаматтық қорғаныс іс-шарасы болмаған/орындалмаған жағдайда "Жоқ/орындалмаған" қойылады.

      4. Бір жолда "Бар/орындалды" және "Жоқ/орындалмаған" толтыруға жол берілмейді.

      5. 1-10, 13-17, 19 жолдар міндетті түрде толтырылады.

      6. 1-7, 9, 13-16 жолдарды "Бар/орындалды" толтыру кезінде жоспарлардың, бұйрықтардың, қаулылардың, шешімдердің, сертификаттардың, тізімдердің, журналдардың, анықтамалардың, тауарларды босатуға арналған жүкқұжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.

      7. 11-жол қызметкерлер саны қоса алғанда 100 адамға дейінгі азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін толтыруға міндетті.

      8. 12-жол қызметкерлер саны 100 адамнан асатын азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар үшін толтыруға міндетті.

      9. 18-жол ұйымдардың ең көп жұмыс істейтін ауысымы, сондай-ақ медициналық ұйымдардың тасымалдауға келмейтін науқастары болған кезде толтыруға міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады