"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 18 тамыздағы № 330 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36652 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 175 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10983 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағы 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      4-тармақта:

      екінші бөлімнің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      4) гидрологиялық қауіпті құбылыстар: судың жоғарғы деңгей (су басу), су толу, жаңбыр (қар) тасқыны, кептелістер мен сеңнің тоқтауы, жел айдаулары кезіндегі судың жоғарғы деңгейі, судың төменгі деңгейі;

      екінші бөлім мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) гидрогеологиялық қауіпті құбылыстар: жер асты суларының төмен деңгейі, жер асты суларының жоғары деңгейі (су жайылу / су басу);";

      үшінші бөлімнің 9) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "АЭС, өндірістік және ғылыми-зерттеу мақсатындағы ядролық және радиациялық қондырғыларда радиоактивті заттарды шығаратын (шығару қаупі бар) авариялар;";

      6 және 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік есептілік құжаттары:

      1) жедел ақпарат – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары басшыларының қолы қойылып, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға дереу немесе бекітілген уақыт аралығында азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының жедел кезекшілерінің қолы қойылып берілетін табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар және жағдайлар туралы мәліметтер;

      2) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ туралы ақпараттық карточка – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес уақтылы жедел ден қоюды қажет ететін адамдардың өмірі мен денсаулығына, жануарларға және өсімдіктерге қатер төндіретін, қоршаған табиғи ортаға залал келтіретін табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ өршуінің анықталған үрдістері туралы салалық бөліктегі жиынтық мәліметтер немесе ақпарат;

      3) жедел есепке алу – халықты және мүдделі ұйымдарды уақтылы құлақтандыру, ахуалды нақтылау және талдау, басқарушылық шешімдерді қабылдау, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға аумақтық органдар, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары қол қойып берілетін, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар кезіндегі ахуалдың туындауы және өршу фактілері және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат;

      4) табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ және оқиғалар туралы жедел мәлімдеме – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес дереу ден қоюды талап ететін, шұғыл міндеттерді шешу үшін қажет ақпарат: ТЖ фактісі немесе қатері және негізгі параметрлері туралы; халықты және аумақтарды қорғау бойынша бірінші кезекті шаралар туралы; авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу туралы; ТЖ жоюға жұмылдырылған күштер, құралдар және ресурстар туралы ақпарат;

      5) арнайы журналдар – азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары тіркейтін, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды, оқиғаларды және өзге келіп түскен ақпаратты есепке алуға арналған журналдар;

      6) комиссия мүшелері мен мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінің қолы қойылған және мөрмен расталған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығымен бекітілген Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалаларды, апаттарды тергеп-тексеру қағидаларына қосымшаға сәйкес нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10325 болып тіркелген), ТЖ туындауына әкеп соққан аварияларды, зiлзалаларды және апаттарды тергеп-тексеру актiсi (болған төтенше жағдай, төтенше жағдай аймағының ауданы, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдалу және қирау дәрежесі мен сипаты, зардап шеккендер саны, залал мөлшері, төтенше жағдайды жою жөніндегі шаралар туралы негізгі мәліметтер көрсетіледі);

      7) анықтамалар – болған төтенше жағдайдың, келтірілген залалдың және өзге де зардаптардың ауқымын растайтын мүдделі мемлекеттік органдардың басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған және мөрмен куәландырылған қорытынды;

      8) өрт туралы актілер - азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органның қызметкері басшылық жасайтын комиссия әрбір өртке оны жойғаннан кейін бір тәулік ішінде жасайды. Комиссия құрамына ТЖ-дан зардап шеккен заңды тұлға өкілі немесе жеке тұлғалар және басқа да мүдделі адамдар кіреді. Өрт сөндіру бөлімшелері шақыртылмаған және хабарлама (ауызша немесе жазбаша) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына зардап шегушіден, сақтандыру ұйымдарынан немесе басқа да көздерден түскен өрт туралы актіні ақпарат алынған уақыттан бастап екі тәуліктен кешіктірілмей сол құрамдағы комиссия Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15430 болып тіркелген) Өрт сөндіруді ұйымдастыру қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес кемінде екі данада жасайды.

      Акті оған комиссия қол қойғаннан кейін өрт фактісі бойынша тексеріс жүргізген органда қалады. Өрт салдарынан келтірілген материалдық залал сомасы және оның туындау себептері жөнінде деректер болмаған кезде бұл мәліметтер 30 тәуліктен кешіктірілмей қорытынды (өрт сынақ зерттеу зертханасы), сараптама (өрт-техникалық), не ұйымның бухгалтерлік есептілік құжаттары, сақтандыру ұйымдары мәліметтері, сот органдары шешімдерінен үзінділер немесе мүлік иелерінің құжаттары ұсынылғаннан кейін толтырылады. Өрт туралы актінің көшірмесі мүлік иелері мен өрттен зардап шеккендерге өтініш бойынша сот органдарына шығынды өтеу, құжаттарды қалпына келтіру мәселелері бойынша жүгіну үшін, сондай-ақ сот органдарының жазбаша сұрау салулары бойынша беріледі.

      7. Қазақстан Республикасының аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ фактілері бойынша құзыреті шегіндегі тоқсан сайынғы нақтыланған ақпаратты:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (жарылыстар, өрт туралы, оқ-дәрі және әскери үлгідегі жару қондырғыларын табу);

      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (ауыл шаруашылығы жануарларының аурулары мен улануы, ауылшаруашылығы өсімдіктерінің аурулар және зиянкестермен зақымдануы туралы);

      3) Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі (темір жол, су көлігіндегі, автожолдардағы, әуе кемесінде болған авариялар, авиаапаттар және көлік коммуникациялары элементтерінің қирауы туралы);

      4) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (коммуналдық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі авариялар туралы);

      5) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (электроэнергетика жүйелеріндегі, кәсіпорындар мен магистрал құбыржолдарын, мұнай, мұнай-газ және газконденсатты кен орындарындағы өрттер, жарылыстар, авариялар туралы,);

      6) Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (өндірістік және ғылыми-зерттеу мақсатындағы ядролық және радиациялық қондырғылардағы радиоактивті заттарды шығаратын авариялар, радиоактивті заттарды табу (жоғалту) туралы);

      7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (ТЖ медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы, адамдардың қауіпті инфекциялық аурулары мен уланулары туралы);

      8) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі (орман өрттері, ормандардың аурулар және зиянкестермен зақымдануы, жабайы жануарлардың аурулары мен өлімі, балықтардың жаппай қырылуы, экологиялық жағдайлар, атмосфералық ауаның, топырақтың, жерүсті теңіз және өзен суларының ластануы, қоршаған ортаның радиоактивті ластануы туралы);

      9) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі (бөгеттердің (бөгендердің, шлюздердің, бөгеулердің) бұзылулары мен гидрогеологиялық құбылыстар туралы);

      10) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (қауіпті метеорологиялық және гидрологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның ластануы туралы);

      11) "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (жер сілкіністері туралы);

      12) облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялардан зардап шеккендер, дала өрттері, дәнді және басқа да дақылдардың егінді алқабының жануы туралы) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынады.";

      9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) аумақтық органдар, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға;

      10-тармақ алып тасталсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оқиғалардың қатері, туындауы немесе оларды жою туралы ақпаратты азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына:

      жергілікті атқарушы органдар (облыстар, қалалар, аудандар, қала аудандары, ауылдар, ауыл округтері);

      меншік нысандарына қарамастан ұйымдар тез арада байқаған сәттен бастап береді.

      Өңірлік немесе жаһандық сипаттағы ТЖ қатері немесе олар туындаған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары ақпаратты тиісті аумақтың әкіміне, сондай-ақ шектесетін әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдеріне дереу береді.";

      20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, оқиғалар кезінде зардап шеккендер, медициналық көмек көрсетуге өтініш жасағандар немесе жеткізілгендер туралы, сондай-ақ алған жарақатынан қайтыс болғандар туралы ақпаратты азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарына дереу ұсынады;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары жергілікті жерде тоқсан сайын мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық органдарымен ауыл шаруашылығы жануарларының аурулары мен улануы, ауылшаруашылығы өсімдіктерінің аурулар және зиянкестермен зақымдануы туралы;

      2) Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің аумақтық органдарымен темір жол, су көлігіндегі, автожолдардағы, әуе кемесінде болған авариялармен авиаапаттар, көлік коммуникациялары элементтерінің қирауы туралы;

      3) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аумақтық органдарымен коммуналдық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері туралы;

      4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің аумақтық органдарымен электроэнергетика жүйелеріндегі өрт, жарылыстар, кәсіпорындар мен магистралды құбыр өткізгіш көлікте, мұнай, мұнай-газ және газконденсатты кен орындарындағы авариялар туралы;

      5) Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің аумақтық органдарымен атом энергетикалық станцияларында, өндірістік және ғылыми-зерттеу мақсатындағы ядролық және радиациялық қондырғыларда радиоактивті заттарды шығаратын авариялар туралы;

      6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық органдарымен ТЖ медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы, адамдардың қауіпті жұқпалы аурулары мен уланулары туралы;

      7) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман өрттері, ормандардың аурулар және зиянкестермен зақымдануы, жабайы жануарлардың аурулары мен өлімі, балықтардың жаппай қырылуы, экологиялық жағдайлар, атмосфералық ауаның, топырақтың, жерүсті теңіз және өзен суларының ластануы, қоршаған ортаның радиоактивті ластануы туралы;

      8) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі (бөгеттердің (бөгендердің, шлюздердің, бөгеулердің) бұзылулары, гидрогеологиялық құбылыстар туралы;

      9) Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен қауіпті метеорологиялық және гидрологиялық құбылыстар, қоршаған ортаның ластануы туралы;

      10) "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жер сілкіністері туралы (жер сілкіністері туралы);

      11) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен авариялар нәтижесінде зардап шеккендер, дала өрттері, дәнді және басқа да дақылдардың егінді алқабының жануы, медициналық-санитариялық салдарының туындау қатері және (немесе) туындауы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ, оқиғалар мен жағдайлар кезінде зардап шеккен адамдарды есепке алу бойынша мәліметтерді салыстыра тексеруді жүргізеді.".

      Көрсетілген Қағидалардан 3-қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және

      ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады