БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрліктерінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 2025 жылғы 14 тамыздағы № 318 Бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі
1. "Сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 33 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10369 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережесінің 16-тармағының 70) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларына:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 70) тармақшасына сәйкес әзірленді және сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Сүңгуірлік жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Сүңгуірлік жабдық пен жараққа қойылатын қауіпсіздік талаптары";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Сүңгуірлік жұмыстарды және түсулерді жүргізу кезінде сүңгуірлерді медициналық қамтамасыз ету талаптары".
2. "Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10334 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек сіңірген жылдарына пайыздық үстемеақы төлеу үшін кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының өтілін есептеу қағидаларына:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда әскери қызмет, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарында және ішкі істер органдарында қызмет өткеру;".
3. "Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 226 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10797 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 59) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 226 бұйрығымен бекітілген |
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары
1. Осы Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу тәртібін айқындайды.
2. Мерзімді аттестаттау барысында сыныптылық берілген, сондай-ақ мерзімді, кезектен тыс және қайтадан аттестаттау мен қайта аттестаттау кезінде авариялық–құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес үстемеақы төленеді.
3. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының не азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы басшысының сыныптық беру (растау) туралы бұйрығының негізінде, мерзімді аттестаттау қорытындысы бойынша жүргізіледі.
4. Мерзімді және кезектен тыс аттестаттау өтпеген авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының не азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы басшысының сәйкес бұйрығының негізінде сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу тоқтатылады.
5. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу олар қайта аттестаттаудан өткен соң авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының не азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы басшысының сыныптылығын растау туралы бұйрығының негізінде қайта жалғастырылады.
6. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу қайта аттестаттау кезінде құтқарушы сыныптылығын жоғалтқан (растамаған) жағдайда авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының не азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы басшысының сәйкес бұйрығының негізінде тоқтатылады.