"Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № 303-н/қ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36638 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10455 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 367) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 367) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңартылатын энергия көздерінің (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Е. Аккенженов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 5 тамыздағы
№ 303-н/қ бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 11 ақпандағы
№ 74 бұйрығымен
бекітілген
Жаңартылатын энергия
көздерінің пайдаланылуына
және жаңартылатын энергия
көздерін пайдалану бойынша
жоспарланатын объектілердің
іске асырылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы уәкілетті органға.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет –ресурста орналастырылған:

      https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/activities/directions?lang=ru.

      Әкімшілік нысанның атауы: Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпараты.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1 ЖЭК нысан.

      Кезеңділік: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: ______ жылғы_______тоқсан.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей.

      Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электрондық түрде.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпараты

      1. Энергия өндіруші ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі_______________________________________________________________

     


      2. ЖЭК пайдалану объектісінің атауы ____________________________

      3. ЖЭК пайдалану объектісінің мекенжайы ______________________

      4. ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуаты (кВт)

      _________________________________________________________________

      5. Пайдаланатын ЖЭК түрі________________________________________

      6. Жинау нысаны (электрондық/қағаз)_________________________

      7. Жалпы жұмыс орындарының саны__________, оның ішінде:

      1) әйелдер ______

      2) ерлер ________

Көрсеткіштер

___тоқсан ішіндегі нақты өндіріс

___тоқсан ішіндегі болжамдық өндіріс


1

2

3

1

Электр энергиясын өндіру, мың киловатт сағат



2

Жылу энергиясын өндіру, гигакалория



3

Электр энергиясын босату, мың киловатт сағат



4

Жылу энергиясын босату, гигакалория



5

Электр энергиясының орташа босату бағасы, теңге/киловатт сағат қосылған құн салығынсыз



6

Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы, теңге/ гигакалория қосылған құн салығынсыз



      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық поштаның мекенжайы ___________________________________

      Орындаушы ____________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________ қолы

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам __________________ қолы

      _______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      Ескертпе:

      Электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-тың екі және одан көп түрлерін пайдаланған жағдайда, есеп әрбір түрі бойынша жеке ұсынылады.

      Мөрдің орны:___________________________________________________

  "Жаңартылатын энергия
көздерін пайдалану
объектілерінің электр және
(немесе) жылу энергиясын
өндіру және босату туралы
ақпараты" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпараты" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: № 1 ЖЭК нысан, мерзімділігі: тоқсан сайын)

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпараты" әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:

      1-тармақта ақпарат ұсынатын ұйымның толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      2-тармақта жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдалану объектісінің атауы көрсетіледі;

      3-тармақта ЖЭК объектісінің нақты мекенжайы көрсетіледі;

      4-тармақта ЖЭК объектісінің қуаты көрсетіледі;

      5-тармақта ЖЭК пайдалану объектісінің түрі (күн, жел, гидроэлектр станциясы, биогаз қондырғысы) көрсетіледі;

      6-тармақта энергия өндіруші ұйымдардың ақпаратты ұсыну нысаны көрсетіледі;

      7-тармақта объектіге қызмет көрсетуге тартылған жұмыскерлердің, оның ішінде әйелдер және ерлердің жалпы саны көрсетіледі.

      1-жолдың 2-бағанында есепті кезеңдегі (тоқсан) ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруінің нақты деректері көрсетіледі;

      1-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңге (тоқсан) ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруінің болжамды деректері көрсетіледі;

      2-жолдың 2-бағанында есепті кезеңдегі (тоқсан) ЖЭК объектілерінің жылу энергиясын өндіруінің нақты деректері көрсетіледі;

      2-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңге (тоқсан) ЖЭК объектілерінің жылу энергиясын өндіруінің нақты деректері көрсетіледі;

      3-жолдың 2-бағанында есепті кезеңдегі (тоқсан) электр желісіне босатылған электр энергиясының нақты саны көрсетіледі;

      3-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңге (тоқсан) электр желісіне босатуға жоспарланған электр энергиясының болжамды саны көрсетіледі;

      4-жолдың 2-бағанында есепті кезеңдегі (тоқсан) бірыңғай жылу жүйесіне босатылған жылу энергиясының нақты саны көрсетіледі;

      4-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңге (тоқсан) бірыңғай жылу жүйесіне босатуға жоспарланған жылу энергиясының болжамды саны көрсетіледі;

      5-жолдың 2-бағанында есепті кезеңде (тоқсан) энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сатқан орташа бағасы көрсетіледі;

      5-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңде (тоқсан) энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын сатуды жоспарлайтын орташа бағасы көрсетіледі;

      6-жолдың 2-бағанында есепті кезеңде (тоқсан) энергия өндіруші ұйымның жылу энергиясын сатқан орташа бағасы көрсетіледі;

      6-жолдың 3-бағанында алдағы есепті кезеңде (тоқсан) энергия өндіруші ұйымның жылу энергиясын сатуды жоспарлайтын орташа бағасы көрсетіледі.

  бұйрығына 2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 11 ақпандағы
№ 74 бұйрығымен бекітілген
Жаңартылатын энергия
көздерінің пайдаланылуына
және жаңартылатын энергия
көздерін пайдалану бойынша
жоспарланатын объектілердің
іске асырылуына мониторинг
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ұсынылады: жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы уәкілетті органға.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: https://rfc.kegoc.kz/vie/about.

      Әкімшілік нысанның атауы: Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі жоспарланатын жоба бойынша ақпарат.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 2 ЖЭК нысан.

      Кезеңділік: тоқсан сайын.

      Есепті кезең: ______ жылғы_______тоқсан.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: жаңартылатын энергия көздерін (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қаржы-есеп айырысу орталығы.

      Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар үшін есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей қаржы-есеп айырысу орталығына, қаржы-есеп айырысу орталығы үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей ұсынылады.

      Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште, электрондық түрде.

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын жоба жөнінде ақпарат

      1. Энергия өндіруші ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________

     


      2. Энергия өндіруші ұйымның мекенжайы ___________________

      3. Объектінің атауы және қуаты _________________________________

      4. Пайдалануға берудің жоспарланған күні (айы, жылы)_____________

      5. Жер учаскесінің болуы (мемлекеттік актінің № ) ___________________

      6. Қосылу нүктесінің болуы (техникалық шартты кім берді және орындау мерзімі.)________________________________________________________

      7. Қаржыландыру сомасы мен көзі (банк, меншікті және басқа да қаражат)

      ________________________________________________________

      8. Шетелдік тараптан келген қатысушылардың деректері (ел, компания деректері)

      _________________________________________________________________

      9. Қазақстан тарапынан келген қатысушылардың деректері_____________

      10. Құрылыс кезіндегі жұмыс орындарының жалпы саны________, оның ішінде:

      1) әйелдер _____;

      2) ерлер _______.

      11. Жоба бойынша ағымдағы жағдай ________________________________

      Телефоны ______________________________________________________

      Электрондық поштаның мекенжайы ________________________________

      Орындаушы ____________________________________________________

      ________________________________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы

      Ескертпе:

      ЖЭК-тың екі және одан да көп түрлері пайдаланылған жағдайда, жоспарланатын ЖЭК жобасы бойынша ақпарат, есеп әрбір түрі бойынша жеке ұсынылады.

      Мөрдің орны:___________________________________________________

  "Жаңартылатын энергия
көздерін пайдалану бойынша
жоспарланатын жоба жөніндегі
ақпарат" әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын жоба жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: № 2 ЖЭК нысан, мерзімділігі: тоқсан сайын)

      "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын жоба жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректер нысанына мынадай деректер енгізіледі:

      1-тармақта ақпарат беретін ұйымның толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

      2-тармақта ЖЭК пайдалану объектісінің нақты мекенжайы (облыс, қала/аудан, елді мекен) көрсетіледі;

      3-тармақта ЖЭК объектісінің атауы және белгіленген қуаты көрсетіледі;

      4-тармақта пайдалануға берудің жоспарланған күні (айы, жылы) көрсетіледі;

      5-тармақта жер учаскесінің болуы туралы ақпарат көрсетіледі (мемлекеттік актінің № __ );

      6-тармақта қосу нүктесінің болуы туралы ақпарат көрсетіледі (техникалық шартты кім берді және мерзімі);

      7-тармақта сома және қаржыландыру көздері (банк, меншікті және басқа қаражат) туралы ақпарат көрсетіледі;

      8-тармақта шетелдік тараптан келген қатысушылардың деректері көрсетіледі (ел, компания деректері);

      9-тармақта Қазақстан тарапынан келген қатысушылардың деректері көрсетіледі;

      10-тармақта әйелдер, ерлер үшін құрылыс кезінде жұмыс орындарының саны туралы ақпарат көрсетіледі;

      11-тармақта жоба бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпарат белгілі бір күнге (күні, айы, жылы) көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады