Қазақстан Республикасының Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру Қағидалары бекітілсін.
2. "Су шаруашылығы құрылысжайларын жалға және сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-5/293 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 12235 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік меншікке жататын, су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жалдауға (жалға) алушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
2) жалдауға (жалға) беруші – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент әкімінің аппараты;
3) кепілдік жарна – конкурсқа қатысу қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар төлейтін ақша сомасы;
4) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы (бұдан әрі – Құрылтайшы) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;
5) сенімгерлік басқарушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрылтайшымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
6) сыйақы – сенімгерлік басқаруға берілген кезде құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кіріс есебінен жүзеге асыратылатын сенімгерлік басқарушыға берілетін төлемдер;
7) су шаруашылығы құрылысжайлары – суды алуға, тазартуға, сақтауға, таратуға және дренаждық суларды бұруға арналған құрылысжайлар мен құрылғылар;
8) конкурс – мемлекеттік меншікке жататын су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттық нысаны – тізілімнің веб-порталы арқылы электрондық форматта өткізілетін конкурс, оның барысында жалдауға (жалға) беруші немесе құрылтайшы өзі ұсынған бастапқы талаптардың негізінде өзі үшін шарттың жақсы талаптарын ұсынатын конкурсқа қатысушылармен шарт жасасуға міндеттенеді;
9) конкурстық комиссия – конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін жалдауға (жалға) беруші немесе құрылтайшы құратын алқалы орган;
10) конкурсқа қатысушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
11) баланс ұстаушы – су шаруашылығы құрылысжайларын жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;
12) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - бірыңғай оператор) – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысы бойынша айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару мен пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
14) тізілімнің веб-порталы - Интернет желісінде: www.e-qazyna.kz адресі бойынша орналастырылған, мемлекеттік меншікке жататын су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
15) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
16) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы;
17) электрондық әмиян – бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына енгізілген қаражатты көрсету үшін тізілімнің веб-порталындағы қатысушының дербес шотындағы есеп.
3. Су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалану мерзiмдерiне қарай оларды амортизациялау нормаларын ескере отырып, келісім бойынша бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы Заңының 2-бабы 24-3) тармақшасына сәйкес беріледі.
4. Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) және сенімгерлік басқаруға беру конкурстар өткізу арқылы жүзеге асырылады.
5. Оларды әрі қарай нысаналы мақсаты бойынша пайдалану су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) және сенімгерлік басқаруға берудің шарты болып табылады.
Су шаруашылығы құрылысжайларын нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау жалдауға (жалға) берушінің немесе құрылтайшының шешімі бойынша мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқару шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру кезінде технологиялық циклдің сақталуын қамтамасыз ету талабы, сондай-ақ жалдауға (жалға) алушының немесе сенімгерлік басқарушының су шаруашылығы құрысжайларын ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау жөнінде шаралар қабылдау жөніндегі міндеті белгіленеді.
2-тарау. Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібі
6. Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады.
Су шаруашылығы құрылысжайлары бойынша жалдау төлемінің есептік мөлшерлемелері олардың баланстық құнына, белгіленген су режиміне, гидротехникалық құрылысжайларын пайдалану қағидаларына және жерүсті су көздерін пайдалануға төлем мөлшеріне сәйкес баланс ұстаушы тарапынан айқындалып, бекітіледі.
7. Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары бойынша жалдауға (жалға) беруші ретінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган әрекет етеді.
Коммуналдық меншікке жататын, су шаруашылығы құрылысжайлары бойынша жалдауға (жалға) беруші ретінде жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімімен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты әрекет етеді.
8. Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы шешімді жалдауға (жалға) беруші баланс ұстаушының ұсынысы негізі арқылы қабылдайды.
9. Конкурстың ұйымдастырушысы ретінде жалдауға (жалға) беруші әрекет етеді.
1-параграф. Конкурсты өткізуге дайындық
10. Конкурсты дайындау және өткізу кезінде жалдауға (жалға) беруші:
1) конкурстық комиссияны қалыптастырады;
2) конкурсты өткізу мерзімдерін айқындайды;
3) конкурстық құжаттаманы әзірлейді;
4) тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялайды;
5) кепілдік жарнаның мөлшерін белгілейді;
6) конкурсты өткізеді;
7) конкурс жеңімпаздарымен шарт жасасады және оның шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
11. Конкурстық құжаттама мыналарды қамтиды:
1) су шаруашылығы құрылысжайларының нысаналы мақсатын көрсете отырып, мәліметтерді;
2) өтiнiмнің және онымен бiрге ұсынылатын құжаттардың мазмұны бойынша талаптарды;
3) конкурс талаптарын;
4) шарттың жобасын;
5) кепілдік жарнаның мөлшері және оны енгізуге арналған банк деректемелерін (кепілдік жарна мөлшері хабарландыру жарияланғаннан кейін өзгертілмейді) қамтиды.
12. Конкурстық комиссияның құрамына: жалдауға (жалға) берушінің, уәкілетті органның, баланс ұстаушының және өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері енгізіледі.
Конкурстық комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауға тиіс. Комиссия төрағасы – жалдауға (жалға) беруші өкілінен тағайындалады.
Комиссияның құрамы жалдауға (жалға) берушінің шешімімен бекітіледі.
Конкурстық комиссияның хатшысы - жалдауға (жалға) берушінің өкілі болып табылады және комиссия мүшесі болып саналмайды. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлейді және конкурстық комиссияның хаттамасын ресімдейді.
13. Жалдауға (жалға) беруші тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарламаның конкурс өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануын қамтамасыз етеді.
14. Конкурс өткiзу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:
1) жалдауға (жалға) берушінің атауын;
2) конкурс талаптарды;
3) конкурсқа шығарылатын су шаруашылығы құрылысжайларының қысқаша сипаттамасын;
4) конкурс өткiзіу күнін, уақытын;
5) конкурсқа қатысуға өтінімдi қабылдау мерзiмдерiн;
6) мүлiктiк жалдауға (жалға) беру мерзiмiн және жалдау төлемінің бастапқы мөлшерлемесінің мөлшерін;
7) жалдау ақысы төлемдерінің кезеңділігін;
8) кепiлдiк жарнаның мөлшерiн, мерзiмi мен оны енгiзу үшін банк деректемелерін;
9) шартты жасасу мерзімін;
10) конкурсқа шығарылатын су шаруашылығы құрылысжайларының мекенжайын, мерзімдері мен танысу шарттарын қамтиды.
15. Бірыңғай оператор:
1) конкурс жеңімпазы болып танылған қатысушының электрондық әмиянында бұғаттан шығарылған кепілдік жарнасын, веб-портал арқылы жалдауға (жалға) беруші ЭЦҚ қолдана отырып қол қойған, кепілдік жарнаны аудару туралы өтініш негізінде, тиісті бюджеттік сыныптама коды бойынша аударады;
2) конкурсқа қатысушылардың веб-портал арқылы ЭЦҚ қол қойған ақшаны қайтару туралы өтініштері негізінде, электрондық әмияннан қаражатты үш жұмыс күнінен кешіктірмей қайтарып береді.
16. Қатысушылар конкурс өткiзу туралы хабарламада көрсетiлген мөлшерде, мерзiмдерде және тәртiппен, бірыңғай оператордың шотына кепiлдiк жарна енгiзедi. Бір кепілдік жарна бір су шаруашылығы құрылысжайына арналған конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді.
Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалармен енгізеді. Кепілдік жарнаны енгізген кезде төлем құжатында төлем мәнінде жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) немесе қатысушының бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН) көрсетеді.
Кепiлдiк жарнаның мөлшерi хабарлама жарияланғаннан кейiн өзгертiлмейдi.
Кепілдік жарна конкурстың қорытындысы туралы хаттамаға сәйкес жеңімпаз атанған тұлғаның шарт жасасуын қамтамасыз ету тетігі болып табылады.
Кепілдік жарна конкурс жеңімпазының ұсыныстарына жауап беретін талаптарда хаттамаға немесе шартқа қол қойылмаған жағдайда, жеңімпазға қайтарылмайды.
Егер қатысушы конкурстың өткізілуіне кемінде үш (3) жұмыс күні қалғанға дейін оған қатысудан бас тартқан жағдайда, бірыңғай оператор кепілдік жарнаны қайтармайды.
Егер конкурс жеңімпазы конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоймаған жағдада кепілдік жарна қайтарылмайды және құрылтайшы көрсеткен деректемелер бойынша республикалық немесе жергілікті бюджет кірісіне аударылады.
Барлық басқа жағдайларда кепілдік жарна сомасындағы енгізілген ақшалай қаражат сауда өткізілген күні конкурсқа қатысушының электрондық әмиянында бұғаттан шығарылады.
Қаражат конкурсқа қатысушының электрондық әмияннан қаражатты шығару туралы өтінішінде көрсетілген деректемелер бойынша қайтарылады.
17. Баланс ұстаушының өтініші бойынша конкурстың шарттары өзгерген не конкурсы болмаған жағдайда, жалдауға (жалға) беруші конкурсты өткізгенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын өзгерістер немесе конкурстың болмайтын туралы хабарламаны тізілім веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Конкурсқа қатысуға өтінім берген тұлғаларға конкурс шарттарын өзгерту не конкурстың болмайтыны туралы хабарлама жарияланғанға дейін кепілдік жарнаны тізілім веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған кепілдік жарнаны қайтаруға өтініш негізінде қайтарылады.
18. Конкурс өткiзу туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн жалдауға (жалға) берушi тізілім веб-порталы арқылы су шаруашылығы құрылысжайлары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етеді, ал баланс ұстаушы су шаруашылығы құрылысжайын қарауға қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
19. Конкурстық комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) жалдауға (жалға) беруші белгілеген мерзімде және оның ұсынған су шаруашылығы құрылысжайлары туралы мәліметтерінің негізінде конкурстың шарттарын әзірлейді, оның негізгі шарттары - жалдау ақысының есептік бастапқы мөлшерлемесі және су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалану мен су беру қызметтерін көрсету жөніндегі бизнес-жоспар болып табылады;
2) конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін қарайды;
3) конкурс жеңімпазын жариялайды.
20. Конкурсқа қатысушылардың өтінімдерін ұсыну мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында орналастырылған күннен бастап кемінде он бес күнтізбелік күнді құрайды.
2-параграф. Конкурсты өткізу
21. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу тізілімнің веб-порталында конкурс өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс өткiзiлгенге дейін бес минут бұрын аяқталады.
22. Конкурсқа қатысу үшін қатысушы тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркеуден өтіп, келесі мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: ЖСН, тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (бар болған жағдайда);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайы, телефонын, электрондық поштаның мекенжайын) көрсете отырып, тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілім веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
23. Қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) ұсыну бойынша конкурсқа қатысуға өтінімді (бұдан әрі - өтінім) тіркейді.
24. Қатысушылар тізілім веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке жүктелетін конкурстық шарттарға келісімі мен бағалық ұсынысты қамтитын өтінімді конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса тіркейді.
25. Конкурсқа қатысушылар конкурстық шарттармен келісімді және баға ұсынысын қамтитын өтінімді тіркейді, ол тізілім веб-порталының арнайы бөлінгінде орналасқан электрондық конвертке жүктеледі, осы Қағиданың 14 тармағына сәйкес конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптарға сәкестікті растайтын (сканерленген) құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
26. Осы Қағидалардың 21 және 22-тармақтарына сәйкес, конкурсқа қатысушының конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ конкурсты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның бірыңғай оператордың шотына түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
27. Конкурсқа өтінім берілген су шаруашылығы құрылысжайлары бойынша электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасында ақшалай қаражат болған жағдайда, тізілім веб-порталы бұл қаражатты конкурс нәтижелері анықталғанға дейін бұғаттайды, өтінімді қабылдайды және конкурсқа қатысушыларға рұқсат береді. Электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасында қаражат болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдамайды
Тізілім веб-порталы конкурсқа қатысушының тізілім веб-порталында көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
28. Конкурс тізілім веб-порталында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден жұмаға дейін өткізіледі. Конкурс сағат 10:00-ден 13:00-ге дейінгі кезеңде басталады және конкурс өткізілетін күні аяқталады.
29. Егер конкурс басталған сәтте конкурсқа қатысушылардың тіркелген өтінімдері болмаса, конкурс тізілімнің веб-порталымен өткізілмеген деп танылады және жалдауға (жалға) беруші осы Қағидалардың 2-тарауындағы 2-параграфта көзделген тәртіппен су шаруашылығы құрылысжайын конкурсқа қайта қою туралы шешім қабылдайды.
30. Тізілім веб-порталы конкурс өткізу хабарламада көрсетілген конкурстың күні мен уақыты келген бойда өтінімдерді автоматты түрде ашады.
31. Конкурсқа жіберілген конкурсқа қатысушыларды анықтау үшін өтінімдер мен құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін жалдауға (жалға) беруші тізілім веб-порталында қарайды.
Конкурс қатысушы конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, конкурстық комиссия қатысушыны себептерін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға жібермейді.
32. Конкурс өткiзу кезінде конкусқа қатысушы су шаруашылығы құрылысжайлары үшін жалдау төлемінің ең жоғары сомасын ұсынған және конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген талаптарға жауап беретін конкурсқа қатысушы конкурс жеңімпазы деп жарияланады.
Конкурсқа қатысушылар ұсынған жалдау төлемақысының сомасы сәйкес (тең) болған жағдайда, өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.
33. Тізілім веб-порталында баға белгілеу ұсыныстарын автоматты түрде салыстыруды және конкурсты қорытындылауды жүргізеді.
Конкурстың нәтижелері туралы хаттама веб-порталда автоматты түрде орналастырылады.
3-параграф. Конкурс нәтижелерін ресімдеу
34. Жалдауға (жалға) беруші конкурс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей шарттың жобасын жасайды және оны жеңімпазға тізілім веб-порталы арқылы жібереді.
35. Шарт электронды форматта тізілім веб-порталында жасалады және оған жалдауға (жалға) беруші мен жалдауға (жалға) алушы ЭЦҚ пайдалана отырып, конкурс өкізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қол қояды және шарт сәйкестендіргішін көрсете отырып, веб-порталда тіркеледі.
36. Жеңімпаз шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаса, жалдауға (жалға) беруші шарт жобасын жасайды және тізілім веб-порталы арқылы екінші қатысушыға жібереді.
37. Жалдауға (жалға) беруші, егер конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаз анықталмаса, күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде су шаруашылығы құрылысжайын тізілімнің веб-порталында конкурс өтпеді деп танылған конкурстың шарттары бойынша қайтадан орналастырады.
38. Енгізілген кепілдік жарнаның сомасы жасалған шарт бойынша конкурс су шаруашылығы құрылысжайларын пайдаланғаны үшін төлем есебіне жеңімпазға есептеледі.
4-параграф. Қабылдау-тапсыру актісі бойынша су шаруашылығы құрылысжайларын беру
39. Шартқа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде су шаруашылығы құрылысжайын баланс ұстаушы, жалдауға (жалға) алушы қол қоятын және электрондық цифрлық жүйені пайдалана отырып, тізілім веб-порталында жалдауға (жалға) беруші бекітетін қабылдау актісіне сәйкес баланс ұстаушы жалдауға (жалға) алушыға беріледі және қағаз нұсқасы (болған жағдайда) мөрлермен куәландырылады.
Мүліктік жалдауға (жалдау) жалдау ақысын есептеу су шаруашылығы құрылысжайын қабылдау-тапсыру актісі бойынша баланс ұстаушыға қайтарылғанға дейін жүргізіледі.
40. Қабылдау-тапсыру актісінде:
1) акт жасалған орны мен күні;
2) өкiлдерге оларға сәйкес тараптардың мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттiк берілген құжаттардың атауы мен деректемелері;
3) берілетін су шаруашылығы құрылысжайларына сәйкес жүргізілетін шарттың нөмiрi мен қол қойылған күнi;
4) берiлетiн су шаруашылығы құрылысжайларының атауы, орналасқан жері, анықталған ақаулардың тiзбесімен бірге, оның техникалық сипаттамасы мен жай-күйі көрсетіледі.
3-тарау. Су шаруашылығы құрылысжайларын сенімгерлік басқаруға беру тәртібі
41. Су шаруашылығы құрылысжайларын сенімгерлік басқаруға беру уәкілетті органның (баланс ұстаушының) ұсынысы негізінде құрылтайшының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
42. Конкурсты өткізу үшін конкурстық комиссияларды құрылтайшы құрады.
Конкурстық комиссияның құрамына құрылтайшының, басқару органының, жергілікті өкілді органдардың және басқа да қызығушылық танытқан органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының жанындағы комиссияларда), жергілікті қоғамдастықтар мен өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді.
Конкурстық комиссияның төрағасы мен хатшысы құрылтайшының өкілдері болып табылады. Конкурстық комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауы тиіс. Хатшы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды.
43. Баланс ұстаушы су шаруашылығы құрылысжайларын сенімгерлік басқаруға беру үшін құрылтайшыға мынадай ақпаратты ұсынады:
1) су шаруашылығы құрылысжайларының қысқаша сипаттамасы, оның баланстық құны туралы мәліметтер және баланс ұстаушының атауы;
2) су шаруашылығы құрылысжайларының құрылтайшы құжаттары;
3) су шаруашылығы құрылысжайларын сенімгерлік басқаруға беру орындылығының негіздемесі;
4) су шаруашылығы құрылысжайларын сенімгерлік басқаруға беру шарттары және конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды белгілеу бойынша ұсыныстар;
5) су шаруашылығы құрылысжайларын сенімгерлік басқарудан түсетін жоспарланған кірістер мен шығыстардың есептері;
6) сыйақының мөлшерін белгілеу бойынша ұсыныстар (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кіріске қарағанда пайыздық қатынаста);
44. Конкурстық комиссия:
1) конкурсты өткізу мерзімдерін айқындайды;
2) конкурстық құжаттаманы бекітеді;
3) кепілдік жарна мөлшерін бекітеді;
4) 50%-дан аспайтын мөлшердегі сыйақы (сенімгерлік басқарудан алынатын құрылтайшының таза кірсіне пайыздық қатынаста) көлемін бекітеді;
5) тізілімнің веб-порталында конкурсқа қатысушылардың өтінімдері мен құжаттарын қарап, конкурсқа жіберілген қатысушыларды айқындайды;
6) тізілімнің веб-порталында конкурс жеңімпазын қарапайым дауыс беру көпшілігімен айқындайды.
45. Құрылтайшы сенімгерлік басқаруды тағайындау мақсатында:
1) конкурс ұйымдастырады (конкурстық комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, хабарламаны жариялануын қамтамасыз етеді);
2) конкурстың өткізу барысын бақылауды жүзеге асырады;
3) сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады;
4) су шаруашылығы құрылысжайды сенімгерлік басқаруға беруге байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.
46. Су шаруашылығы құрылысжайларын сенімгерлік басқаруға беру кезінде Құрылтайшы конкурс өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын тізілімнің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде конкурс өткізу туралы хабарлама жариялайды, онда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) конкурстың шарттары мен конкурс жеңімпазын айқындау өлшемшарттары;
2) су шаруашылығы құрылысжайларының қысқаша сипаттамасы;
3) конкурстың өткізу күні, уақыты;
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінімді (бұдан әрі - өтінім) беру мерзімі;
5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оны электрондық әмиянға енгізу үшін банк деректемелері (кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгермейді);
6) сыйақы мөлшері (құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кіріске қатысты пайыздық қатынаста);
7) конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар.
47. Бірыңғай оператор тізілімнің веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, конкурстың жеңімпазы конкурстың қорытындысы туралы хаттама мен шартқа қол қойғаннан кейін оның кепілдік жарнасын және басқа да қатысушылардың кепілдік жарналарын бұғаттан шығарады.
48. Бірыңғай оператор:
1) конкурс жеңімпазымен шарт жасалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оның электрондық әмиянында кепілдік жарнаны бұғаттан шығарады;
2) басқа сауда-саттықтарға қатысу үшін өзге қатысушылардың электрондық әмиянында бұғаттан шығарылған қаражатты бірнеше рет пайдалануға мүмкіндік береді;
3) конкурсқа қатысушының электрондық әмиянынан қаражатты шығару туралы өтінішінде көрсетілген деректемелер бойынша қаражатты аударуды қамтамасыз етеді;
4) веб-порталда ЭЦҚ арқылы құрылтайшы қол қойған, конкурс өткізілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған кепілдік жарнаны аудару туралы өтініш негізінде (конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа конкурс жеңімпазының қол қоймаған жағдайында), сондай-ақ конкурс өткізілерден үш (3) жұмыс күнінен аз уақыт бұрын конкурсқа қатысудан бас тартқан қатысушының кепілдік жарнасын құрылтайшы көрсеткен деректемелер бойынша республикалық немесе жергілікті бюджет кірісіне аударады.
49. Конкурсқа қатысушылар кепілдік жарнаны конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мөлшерде, мерзімде және мәліметте электрондық әмиянға енгізеді. Кепілдік жарнаны қатысушының өзі не оның атынан кез келген жеке немесе заңды тұллар енгізе алады. Бір кепілдік жарна бір су шаруашылығы құрылысы бойынша конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Кепілдік жарнаның алушысы - бірыңғай оператор.
50. Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна әрбір су шаруашылығы құрылысжайларына жекелей белгіленеді және оның баланстық құнының 3 (үш) пайызын құрайды, бірақ 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) кем емес және 30 000 (отыз мың) АЕК-тен аспауға тиіс.
51. Кепілдік жарна қатысушының келесі міндеттемелерін қамтамасыз ету кепілдігі ретінде енгізіледі:
1) конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
2) құрылтайшымен шарт жасасу.
52. Егер қатысушы конкурстың өткізілуіне кемінде үш (3) жұмыс күні қалғанға дейін оған қатысудан бас тартқан жағдайда, бірыңғай оператор кепілдік жарнаны қайтармайды.
Егер конкурс жеңімпазы конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоймаған жағдада кепілдік жарна қайтарылмайды және құрылтайшы көрсеткен деректемелер бойынша республикалық немесе жергілікті бюджет кірісіне аударылады.
Барлық өзге жағдайларда кепілдік жарна сомасындағы қаражат конкурс күні конкурсқа қатысушының электрондық әмиянында бұғаттан шығарылады.
Бірыңғай оператор шарт жасалған күннен бастап бір (1) жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазының электрондық әмиянында кепілдік жарнаны бұғаттан шығарады.
Қаражат конкурсқа қатысушының электрондық әмияннан қаражатты шығару туралы өтінішінде көрсетілген деректемелер бойынша қайтарылады.
5-параграф. Су шаруашылығы құрылысжайларын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурсты өткізу
53. Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.
54. Конкурсқа қатысу үшін қатысушыға алдын ала тізілімнің веб-порталында келесі мәліметтерді көрсете отырып тіркелуі қажет:
1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: ЖСН, тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: БСН, толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефонын, электрондық мекенжайын) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталындағы деректерге тиісті өзгерістер енгізеді.
55. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.
56. Конкурс шарттарымен келісімді қамтитын өтінімге келесі құжаттардың электрондық ("PDF (PortableDocumentFormat)" форматында сканерленген) көшірмелері қоса беріледі:
1) хабарландыруда көрсетілген талаптарға қатысушының сәйкестігін растайтын құжаттар;
2) су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалану және су беру бойынша қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі бизнес-жоспар (жеке электрондық құжат түрінде).
57. Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде:
электрондық әмиянда өтінім берілген су шаруашылығы құрылысжайлары бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің болуына;
мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік дерекқорында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 6-тарауына сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша кейінге қалдыруды беру жағдайларын қоспағанда, қатысушының әлеуметтік төлемдер бойынша берешегінің және салықтық берешегінің болмауына автоматты түрде тексеру жүргізеді.
Тізілімнің веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуына негіздемелер осы Қағидалардың 56 және 57-тармақтарында көрсетілген талаптардың қатысушы тарапынан сақталмауы, сондай-ақ конкурс басталғанға дейін 5 (бес) минут ішінде электрондық әмиянда конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген кепілдік жарна сомасында ақшалай қаражаттың болмауы болып табылады.
Өтінім берілген су шаруашылығы құрылысжайы бойынша кепілдік жарна сомасына тең қаражат электрондық әмиянда болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы бұл қаражатты сауда-саттық нәтижелері анықталғанға дейін бұғаттайды, өтінімді қабылдайды және қатысушыны конкурсқа жібереді. Электрондық әмиянда кепілдік жарна сомасына тең қаражат болмаған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімнен бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
58. Конкурсқа қатысушы конкурс өткізуге үш жұмыс күнінен аз уақыт қалғанда өз өтінімін кері қайтарып ала алады. Бұл жағдайда кепілдік жарна конкурсты тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ қолдана отырып конкурсқа қатысушы қол қойған, реквизиттері көрсетілген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей бірыңғай оператор тарапынан қайтарылады.
59. Өтінімдерді ашу конкурс өткізу туралы хабарламада көрсетілген конкурстың күні мен уақыты келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
60. Қатысушылардың өтінімдері конкурсқа қатысуға жіберілген және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін қатысушыларды анықтау мақсатында конкурстық комиссия мүшелерімен тізілімнің веб-порталы арқылы қаралады.
61. Конкурстық комиссияның өтінімге жетіспейтін құжаттарды толықтыруға, өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкестендіруге қатысты сұрау жолдау және өзге де әрекеттеріне жол берілмейді.
62. Конкурстық комиссияның хатшысы тізілімнің веб-порталында комиссия мүшелері ЭЦҚ арқылы қол қоятын қатысушыларды жіберу туралы хаттаманы қалыптастырады.
63. Конкурсқа қатысушыларды жіберу туралы хаттамасы комиссияның барлық мүшелері ЭЦҚ арқылы қол қойған сәттен бастап жіберу хаттамасы тізілімнің веб-порталында конкурсқа қатысушыларға қолжетімді болады және қатысушылардың веб-порталдағы жеке кабинеттеріне автоматты түрде хабарлама жолданады.
64. Жіберу беру хаттамасында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) жіберілмеген қатысушылардың тізімі және оларды жібермеу себептері;
2) конкурсқа жіберілген қатысушылардың тізімі.
Қатысушыны конкурсқа жібермеу себептері:
3) қатысушының конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі.
4) конкурсқа қатысушының конкурстық құжаттамада шындыққа сай келмейтін (жалған, бұрмаланған не расталмаған) мәліметтерді ұсынуы.
65. Конкурсқа жіберілген қатысушылардың өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалану және су беру қызметтерін ұйымдастыру бойынша конкурстық құжаттамада көзделген барлық талаптарға сәйкес келетін ең үздік шарттарды ұсынған қатысушыны конкурс жеңімпазы ретінде айқындайды.
Су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалану және су беру қызметтерін ұйымдастыру шарттары қатысушылар арасында тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның шешімімен бұрын өтінім берген қатысушы конкурс жеңімпазы болып танылады.
66. Конкурстың нәтижелері туралы хаттама конкурс қорытындылары шығарылатын күні тізілімнің веб-порталында конкурстық комиссия мүшелері және конкурс жеңімпазы тарапынан қол қойылады.
Конкурстың қорытындылары өтінімдер ашылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде комиссиямен шығарылады.
67. Тізілімнің веб-порталы жеңімпазға конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы конкурс нәтижелері туралы хабарлама жібереді.
Конкурс нәтижелері туралы хаттамада:
1) себептерін көрсете отырып жіберілмеген қатысушылар тізімі;
2) жіберілген қатысушылар тізімі;
3) жеңімпаз көрсетіледі.
68. Конкурс келесі жағдайларда өткізілмеген деп танылады:
1) конкурсқа қатысуға жіберілген қатысушылардың саны екіден кем болған;
2) конкурсқа жіберілген қатысушылар саны екіден кем болған;
3) конкурсқа қатысушылардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеген;
4) конкурс жеңімпазының конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда.
69. Егер конкурс өткізілмеген деп танылса, конкурс қорытындылары шығарылғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде құрылтайшы ЭЦҚ қолдана отырып, тізілімнің веб-порталымен қалыптастырылатын конкурс өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
70. Егер конкурс жеңімпазы белгіленген мерзімде конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаса, құрылтайшы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын конкурстың нәтижелерін жою туралы актіге ЭЦҚ қолдана отырып қол қояды.
71. Конкурсты өткізуге кедергі болатын тізілім веб-порталының техникалық ақаулық фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы құрылтайшыға жазбаша хабарлайды және тізілімнің веб-порталында ақпарат орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының жеке кабинетіне хабарлама жіберу арқылы аталған конкурсты жалғастыру күні мен уақыты туралы конкурсқа қатысқан қатысушыларды алдын ала міндетті түрде хабардар ете отырып, конкурсты техникалық ақаулықты жойған күннен кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырады.
Конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға және/немесе шартқа қол қою үдерістерінің техникалық ақаулар салдарынан бұзылған жағдайында, бірыңғай оператор құрылтайшыға және/немесе конкурс жеңімпазына конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға және/немесе шартқа қол қою үшін техникалық мүмкіндік беруді қамтамасыз етеді.
72. Су шаруашылығы құрылысжайлары сенімгерлік басқару шарттың негізінде туындайды (құрылады).
73. Шартқа тізілімнің веб-порталында құрылтайшының басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға және конкурс жеңімпазы ЭЦҚ қолдана отырып, конкурстың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қол қояды.
74. Су шаруашылығы құрылысжайларын қабылдау-тапсыру актісіне сенімгерлік басқарушы және теңгерім ұстаушы қол қояды және ЭЦҚ пайдалана отырып тізілімнің веб-порталында құрылтайшы бекітеді.
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі конкурсқа қатысуға ӨТІНІМ
1. Мемлекеттік меншікке жататын су шаруашылығы құрылысжайларын жалға беру туралы жарияланған хабарландыруды қарап және су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) және сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен таныса отырып
______________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және сенімхат негізінде әрекет ететін заңды тұлғаның басшысы немесе өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) "____" _______________ 20__ жылы өтетін конкурсқа қатысуға ниет білдіреді.
2. Мен (біз) сауда-саттыққа қатысу үшін жалпы сомасы (санмен)
_______________________ теңге (жазбаша) ______________________________
болатын ____________________ (санын көрсету) кепілдік жарна (-лар) енгіздім
(енгіздік) депозиттік шотқа: ____________________________________________
(жалға беруші көрсетіледі)
ЖСК № _____________, БСН _________, төлем тағайындау коды ______________,
Кбе __________________, мекеме коды __________________.
Мүліктік жалдауға (жалға) су шаруашылығы құрылысжайы туралы мәліметтер кепілдік жарна енгізілді:
Кепілдік жарна енгізілген мүліктік жалдауға (жалға) нысандары туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
_______________________________________________________________
№ | Жалға алынатын су шаруашылығы құрылысжайдың атауы | Аударуға жататын кепілдік жарнаның соммасы, тенге |
1 | ||
2 | ||
Барлығы |
Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:
№ | Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген мүліктік жалдауға (жалға) берілетін су шаруашылығы құрылысжайдың атауы және кепілдік жарнаның мақсаты | төлем құжатының № | төлем құжатының күні | кепілдік жарнаның сомасы, теңге |
1 | ||||
2 | ||||
Барлығы |
3. Конкурсқа қатысушыға (жалдауға алушыға) қойылатын талаптарға менің (біздің) сәйкес келмеуім анықталған жағдайда конкурсқа қатысу құқығынан айырылатыныммен (айырылатынымызбен) келісемін (-міз).
4. Егер мен (біз) конкурс жеңімпазы болып анықталсақ, конкурс нәтижелері туралы хаттаманы қол қоюға және хаттаманы қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мүліктік жалдауға (жалға) шартын жасауға міндеттенемін (-із).
5. Егер мен (біз) конкурс жеңімпазы болып анықталсақ, конкурс нәтижелері туралы хаттаманы қол қоюға және хаттаманы қол қойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мүліктік жалдауға (жалға) шартын жасауға міндеттенемін (-із):
1) конкурсты өткізуге үш (3) жұмыс күнінен аз уақыт қалғанда конкурсқа қатысудан бас тарту;
2) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоймау.
6. Өзім туралы мәліметтерді ұсынамын (-ыз):
Заңды тұлға үшін:
Атауы _________________________________________________________
БСН ___________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мекен-жайы: ___________________________________________________
Телефон нөмірі (факс): ___________________________________________
Банк деректемелері:
ЖСК __________________________________________________________
БИК ___________________________________________________________
Банктің атауы ___________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________
Өтінімге қоса беріледі:
1) _____________________________________________________________
2) _____________________________________________________________
3) _____________________________________________________________
Жеке тұлға үшін: ________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
ЖСН __________________________________________________________
Төлқұжат деректері ______________________________________________
Мекен-жайы: ___________________________________________________
Телефон нөмірі (факс): ___________________________________________
Банк деректемелері:
ЖСК __________________________________________________________
БИК ___________________________________________________________
Банк атауы _____________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________
Өтінімге қоса беріледі:
1) _____________________________________________________________
2) _____________________________________________________________
3) _____________________________________________________________
_______________________________________________________________
Өтініш беруші тарапынан сағат 00:00 "___" ________ 20__ жылы қол қойылды
және жіберілді.
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ арқылы қол қойған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Өтінім мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы қабылданды
"____" ________ 20__ жылы, сағат _______ минут __________.
Конкурсқа қатысушының нөмірі: ____________________
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік меншікке жататын су шаруашылығы құрылысжайларды сенімгерлік басқаруға беру конкурсына қатысу үшін ӨТІНІМ
1. мемлекеттік меншіктегі _________________________________________
(су шаруашылығы құрылысжайдың атауы)
сенімгерлік басқаруға ___ жыл мерзімге беру жөніндегі конкурс өткізу туралы жарияланған ақпараттық хабарламамен таныса отырып, мемлекеттік меншікке жататын су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) және сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен танысып, мен, төменде қол қоюшы,
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы және сенімхат негізінде әрекет ететін заңды тұлғаның басшысының не өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) www.e-qazyna.kz интернет желісінде орналасқан мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында "_" ________ 20 жылы өтетін конкурсқа қатысуға ниет білдіреді.
2. Біздермен (менімен) конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі - бірыңғай оператор) хабарландыруда көрсетілген шотына
_________________________________________________________________
(ИИК, БИК, төлем тағайындау коды, Кбе, мекеме коды)
____________________________________________________________________
(сомасы теңгемен, оның ішінде жазбаша түрде көрсетіледі)
сомасында кепілдік жарна енгізілді.
Кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқаруға берілетін су шаруашылығы құрылысжайы туралы мәліметтер
№ | Сенімгерлік басқаруға берілетін сушаруашылығы құрылысжайдың атауы | Аударылуға жататын кепілдік жарна сомасы, теңге |
1 | ||
2 | ||
Барлығы |
Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:
№ | Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару су шаруашылығы құрылысжайының атауы және кепілдік жарнаның мақсаты |
Төлем құжатының |
Төлем құжатының | Кепілдік жарна сомасы, теңге |
1 | ||||
2 | ||||
Барлығы |
3. Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптарға біздің (менің) сәйкессіздігіміз анықталған жағдайда, біз (мен) конкурсқа қатысу құқығынан айырылатындығымызбен (айырылатыныммен) келісеміз (келісемін).
4. Егер біз (мен) конкурс жеңімпазы болып танылсақ, ақпараттық хабарламада және біздің (менің) ұсынысымызда көрсетілген конкурс шарттарында Конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға және Сенімгерлік басқару шартын жасасуға он жұмыс күнінен кешіктірмеуге міндеттеме аламыз (аламын).
5. Төмендегі жағдайларда енгізілген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынына және республикалық немесе жергілікті бюджетке аударылатынына келісеміз (келісемін):
1) конкурс басталуына үш (3) жұмыс күнінен аз уақыт қалғанда конкурсқа қатысудан бас тарту;
2) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға немесе шартқа қол қоймау.
6. Өзім туралы мәліметтерді ұсынамын (-ыз):
Заңды тұлға үшін:
Атауы _________________________________________________________
БСН ___________________________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мекен-жайы: ___________________________________________________
Телефон нөмірі (факс): ___________________________________________
Банк деректемелері:
ЖСК __________________________________________________________
БИК ___________________________________________________________
Банктің атауы ___________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________
Өтінімге қоса беріледі:
1) _____________________________________________________________
2) _____________________________________________________________
3) _____________________________________________________________
Жеке тұлға үшін: ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
ЖСН __________________________________________________________
Төлқұжат деректері ______________________________________________
Мекенжайы: ____________________________________________________
Телефон нөмірі (факс): ___________________________________________
Банк деректемелері:
ЖСК __________________________________________________________
БИК ___________________________________________________________
Банк атауы _____________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________
Өтінімге қоса беріледі:
1) _____________________________________________________________
2) _____________________________________________________________
3) _____________________________________________________________
Өтініш беруші тарапынан сағат 00:00 "___" ________ 20__ жылы қол қойылды
және жіберілді.
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ арқылы қол қойған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Өтінім мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы қабылданды
"____" ________ 20__ жылы, сағат _______ минут __________.
Конкурсқа қатысушының нөмірі: ____________________
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік меншікке жататын мүлікті мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі үлгі шарт
___________ қаласы | "__" ___________ 20__ жыл |
____________________________________________________________________
(су шаруашылығы құрылысжайдың атауы)
жыл ________ № __________ "__" ______ 20 _ жылы
_______________________________, бұдан әрі "жалдауға (жалға) беруші" деп
аталатын, ___________________________________________________________
(жалдауға (жалға) берушінің атауы)
атынан әрекет етуші _____________________________________________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
"__" ______ 20_ жылғы № _____ ____________________ туралы Ережеге
(құжат атауы) сәйкес әрекет ететін, бір тараптан, және
_____________________________________________________________, атынан
(жалдауға (жалға) алушының атауы)
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
бұдан әрі "жалдауға (жалға) алушы" деп аталатын, екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегідей шарт жасасты:
1-тарау. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні мына мекенжайда орналасқан
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(орналасқан жері және қысқаша сипаттамасы)
бұдан әрі "су шаруашылығы құрылысжайы" деп аталатын,
________________________ балансында тұрған (баланс ұстаушының атауы)
бұдан әрі "баланста ұстаушы" деп аталатын:
1) "__" _____ 20__ жылғы №________ бұйрығы негізінде
___________________________________________________________________
(жалдауға (жалға) берушінің атауы)
2) "___" 20 __ жылғы №_________ конкурс нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес
мүліктік жалдауға (жалға) беру болып табылады:
2. Жалдауға (жалға) беруші су шаруашылығы құрылысжайды "__" ________ 20__
жылдан бастап "__" ______ 20__ жылға дейін мүліктік жалдауға
(жалға) береді, ал жалдауға (жалға) алушы қабылдайды және оны
____________________________________________________________________
(су шаруашылығы құрылысжайының мақсаты немесе конкурс шарттары)
мақсатында пайдаланады:
Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін бұл шарт өз күшін жояды.
2-тарау. Жалпы шарттар
3. Су шаруашылығы құрылысжайын жалдауға (жалға) беру қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша жүзеге асырылады (су шаруашылығы құрылысжайды тапсыру сәттегі нақты жағдайы көрсетіледі), ол жалдауға (жалға) алушы мен баланс ұстаушының өкілдерімен қол қойылады, жалдауға (жалға) берушімен бекітіледі және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
4. Шартқа қол қою арқылы жалдауға (жалға) беруші және баланс ұстаушының жазбаша келісімімен берілетін су шаруашылығы құрылысжайы тапсыру сәтінде ешқандай кепілде, сатылмаған немесе қамауға алынбаған және де шартқа қатысы жоқ үшінші тұлғалар тарапынан шарт әрекет ететін мерзімде талап етіле алмайтыны расталады.
5. Осы шарт кемінде бір жыл мерзімге жасасылған, Қазақстан Республикасының "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" заңына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жатады және мұндай тіркеу сәтінен бастап шарт жасалған болып саналады. Мемлекеттік тіркеу шығындары жалдауға (жалға) алушының есебінен жүзеге асырылады.
6. Жалдауға (жалға) алушы су шаруашылығы құрылысжайдың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, дұрыс пайдалануына, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген міндеттерді тиісінше орындамаудың салдарына толық жауапты болады.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
7. Жалдауға (жалға) беруші:
1) жалға беру ақысын дер кезінде және толық аударылуын бақылауды жүзеге асыруға;
2) жалға беру ақысы дер кезінде енгізілмеген жағдайда айыппұл салуға;
3) тараптардың келісімі бойынша шарт мерзімін ұзартуға, шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе оны бұзуға;
4) су шаруашылығы құрылысжайдың мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге құқылы.
8. Жалдауға (жалға) алушы:
1) жалға алу ақысын аванспен төлеуге;
2) жалдауға (жалға) берушіге шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе шартты бұзу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
9. Жалдауға (жалға) беруші:
1) су шаруашылығы құрылысжайды баланс ұстаушыдан жалдауға (жалға) алушыға қабылдап алу-тапсыру актісі арқылы беруді қамтамасыз етуге және шартқа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оны бекітуге;
2) жалдауға (жалға) алушыға шартта белгіленген тәртіпте су шаруашылығы құрылысжайды иеленуге және пайдалануға кедергі жасамауға;
3) шарттың шарттары немесе жалға алу ақысы мөлшері өзгерген жағдайда келесі төлем мерзімінен бір ай бұрын жалдауға (жалға) берушіні жазбаша хабардар етуге;
4) жалдауға (жалға) аслуға кешіктірілген жалға алу төлемдері үшін өсімпұл мен айыппұлдар туралы хабарламаны келесі төлем мерзімінен он күн бұрын жіберуге;
5) су шаруашылығы құрылысжайды қабылдап алу-тапсыру актісі бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) осы шарт туралы мәліметтерді енгізуге;
6) су шаруашылығы құрылысжайды пайдалану кезінде суды тиімді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
10. Жалдауға (жалға) алушы:
1) ай сайын жалға алу ақысы мен басқа да төлемдерді (айыппұлдар, өсімпұлдар)
___________________________________________________________________
(жалға алу ақысын енгізу мерзімдері)
шартта көрсетілген мерзімнен кешіктірмей төлеуге;
2) қабылданған су шаруашылығы құрылысжайды шартта көрсетілген мақсаттарда ғана пайдалануға;
3) су шаруашылығы құрылысжайын ақаусыз күйде ұстайды, ағымдағы жөндеуді өз есебінен жасайды және мүліктің күтіп-ұстау шығындарын көтереді, сондай-ақ тараптардың келісілген мерзімінде күрделі жөндеуді жүзеге асыруға;
4) су шаруашылығы құрылысжайы орналасқан су шаруашылығы құрылысжайы мен жер учаскелеріне жалдауға (жалға) беруші, су шаруашылығы құрылысжайды пайдалану және пайдалану тәртібіне қатысты нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыратын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметтері және басқа да мемлекеттік бақылаушы органдардың өкілдерін кедергісіз өткізеді және анықталған заңбұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоюға;
5) шарт бойынша өз құқықтарын кепілдікке бермейді, шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым ретінде немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде енгізбеуге;
6) Қазақстан Республикасының Су кодексі 75-бабының 5-тармағына сәйкес су шаруашылығы құрылысжайларын ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
4-тарау. Жалға беру ақысы және есеп айырысу тәртібі
11. Су шаруашылығы құрылысжайды мүліктік жалдауға (жалға) беру үшін айына
____________ теңгені құрайды (жалға беру ақысы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада көрсетілген).
12. Мүліктік жалға беру ақысына коммуналдық қызметтерге төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге арналған аударымдар, су шаруашылығы құрылысжайды күтіп-ұстау мен күзетуге байланысты төлемдер кірмейді. Бұл төлемдерді жалдауға (жалға) алушымен тікелей ведомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және өзге де қызметтер көрсететін мекемелерге төлейді.
13. Ай сайынғы жалға ақысы, жалдауға (жалға) алушы тарапынан жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қолма-қол бақылау шотына немесе мынадай бюджеттік сыныптамалар кодтарының біріне аударылады: 201501 - республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; 201504 - облыстың коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; 201506 - республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; 201508 - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер (қалалық, ауылдық округ, ауыл, кент әкімдерінің басқаруындағы мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда); 201___ - аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер. Бенефициардың БИК _______, ИИК _______, бенефициар банкі: _____________.
Жалдауға (жалға) алушы жалға алу төлемін төлеу туралы төлем тапсырмасына немесе түбіртекте "төлем тағайындауы" жолында:
жалдауға (жалға) алушының жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірін;
мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы тағайындаған шарт идентификаторын енгізеді;
Төлем мөлшерлері орталықтан белгіленетін баға мен тарифтер өзгерген жағдайларда тараптардың бірінің талабы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Мүлікті пайдалану үшін төлем мөлшерлері, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, жылына бір реттен жиі өзгертілмеуі тиіс.
14. Егер жалдауға (жалға) алушы шарттың 10-тармағының 1) тармақшасында көзделген жалға беру ақысының төлеу мерзімін бұзса, ол әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген берешек сомасының 0,5%-ы мөлшерінде өсімпұл төлейді.
15. Осы шартта көзделген айыппұлдар мен өсімпұлдарды төлеу жалдауға (жалға) алушыны өз міндеттемелерін тиісінше орындаудан босатпайды.
16. Егер шарт жалдауға (жалға) алушының бастамасымен мерзімінен бұрын бұзылса, алдын ала төленген жалға беру ақысы қайтарылмайды.
5-тарау. Шартты мерзімінен бұрын бұзу шарттары
17. Жалдауға (жалға) алушы шартты мерзімінен бұрын бұзуға құқылы, бұл туралы жалдауға (жалға) берушіні кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде ескерту арқылы хабардар етуі тиіс.
18. Жалдауға (жалға) берушінің талабымен шарт мынадай жағдайларда бұзылып, су шаруашылығы құрылысжайы баланс ұстаушыға қайтарылуы мүмкін:
1) егер жалдауға (жалға) берушінің жазбаша ескертуіне қарамастан жалдауға (жалға) алушы шарт талаптарын елеулі түрде бұзып, пайдалануды жалғастырса;
2) егер жалдауға (жалға) алушы шартпен берілген су шаруашылығы құрылысжайын көзделмеген мақсатта пайдаланса;
3) егер жалдауға (жалға) алушы қасақана немесе абайсызда су шаруашылығы құрылысжайының жағдайын елеулі түрде нашарлатса;
4) егер жалдауға (жалға) алушы шартта белгіленген төлем мерзімінен кейін екі рет қатарынан жалға алу ақысын төлемесе;
5) егер жалдауға (жалға) алушы шартта белгіленген мерзімде, ал егер шартта мұндай мерзімдер көрсетілмесе, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе шартқа сәйкес күрделі жөндеу жүргізу міндеттемесі жалдауға (жалға) алушыға жүктелген жағдайда, оны ақылға қонымды мерзімде орындамаса, жалдауға (жалға) беруші шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап ету құқығын жалдауға (жалға) алушыға міндеттемесін орындауға мүмкіндік бергеннен кейін ғана пайдалана алады;
19. Шарт жалдауға (жалға) алушының талабы бойынша мынадай жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін:
1) егер баланс ұстаушы шарттың шарттарына немесе су шаруашылығы құрылысжайының мақсаттылығына сәйкес су шаруашылығы құрылысжайды жалдауға (жалға) алушының пайдалануына бермесе немесе оны пайдалануға кедергі келтірсе;
2) жалдауға (жалға) алушыға берілген су шаруашылығы құрылысжайында кемшіліктер болса, олар шарт жасасу кезінде жалдауға (жалға) беруші тарапынан ескертілмесе, жалдауға (жалға) алушыға алдын ала белгілі болмаған және су шаруашылығы құрылысжайын қарау немесе оның жарамдылығын тексеру кезінде анықталмаған болса;
20. Шартты біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзу сот тәртібімен даулануы мүмкін. Сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін су шаруашылығы құрылысжайы жалдауға (жалға) алушыда сақталады, ол шартқа сәйкес жалға алу ақысын төлеуді жалғастыра береді.
21. Шарт бұзылған немесе мерзімі аяқталған жағдайда жалдауға (жалға) алушы су шаруашылығы құрылысжайын баланс ұстаушыға шарт бұзылған күннен немесе шарттың мерзімі аяқталған күннен кешіктірмей, теңгерім ұстаушы мен жалдауға (жалға) алушы қол қоятын және жалдауға (жалға) беруші мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында ЭЦҚ пайдалана отырып бекітетін қабылдау-тапсыру актісі бойынша қайтарады.
6-тарау. Ерекше шарттар
22. Шарт қазақ және орыс тілдерінде үш дана етіп жасалды, олардың заңды күші бірдей, әр тарапқа бір данадан беріледі.
23. Шартқа өзгерістер мен толықтыруларды тараптар қосымша шарттқа қол қою арқылы енгізеді. Шартқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар күшіне оларды енгізуге уәкілетті тұлғалар жасаған жағдайда енеді.
Шарттың барлық қосымшалары мен қосымша шарттары осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
24. Егер жалдауға (жалға) алушы өзінің жеке қаражаты есебінен және баланс ұстаушының келісімімен және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) жазбаша рұқсаты негізінде су шаруашылығы құрылысына зиян келтірмей бөліп алуға келмейтін жақсартулар жүргізсе, шарт тоқтатылғаннан кейін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, жалдауға (жалға) алушы бұл жақсартулардың құнын баланс ұстаушыдан өтеп алуға құқылы.
Жалдауға (жалға) алушы жүзеге асырған бөліп алуға келетін жақсартулар оның меншігі болып табылады.
Жалдауға (жалға) беруші мен баланс ұстаушының келісімінсіз жасалған бөліп алуға келмейтін жақсартулардың құны Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, өтелуге жатпайды.
25. Су шаруашылығы құрылысжайды жалдауға (жалға) беру ақысын есептеу су шаруашылығы құрылысжайын баланс ұстаушыға қабылдап алу-тапсыру актісі бойынша қайтарылғанға дейін жүргізіледі.
ЭЦҚ арқылы веб-порталда жалдауға (жалға) алушы мен баланс ұстаушы қол қойған және жалдауға (жалға) беруші бекіткен су шаруашылығы құрылысжайын қабылдап алу-тапсыру актісі шарттың бұзылғанын және оның аяқталғанын растайтын құжат болып табылады.
26. Су шаруашылығы құрылысжайын жалдауға (жалға) алушының кінәсінен пайдалану үшін жарамсыз күйге келтірілген жағдайда, жалдауға (жалға) алушы қалпына келтіру жұмыстарын өз қаражаты есебінен жүргізеді.
27. Жалдауға (жалға) алушы су шаруашылығы құрылысжайын жұмыс істемейтін немесе қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайда (нормативтік көрсеткіштерден асатын тозумен) қайтарған жағдайда келтірілген залалды өтейді.
7-тарау. Форс-мажор
28. Тараптар Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мiндеттеменi орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған жағдайда, егер бой бермейтiн күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және т.б.) салдарынан тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмағандығын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауаптылықты көтередi. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң нарықта болмауы жатпайды.
Заңнамаларда немесе шартта жауапкершiлiктiң және одан босатылудың өзге негiздерi ескерiлуi мүмкiн.
29. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі форс-мажорлық мән-жайлар әрекет еткен уақытқа және осы мән-жайлар туғызған салдарға сәйкес ұзартылуға жатады.
30. Тараптардың кез-келген форс-мажор жағдайлары туындаған кезде отыз күнтізбелік күн ішінде екінші Тарапқа бұл жағдайлар туралы хабарлауға міндетті.
Хабарлама келесі тәсілдердің бірімен жолданады: жеткізілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен, телефонограмма немесе телеграмма арқылы, "электрондық үкімет" мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті арқылы, тіркелген ұялы байланыс абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы, сондай-ақ ұялы байланыс абоненттік нөміріне немесе электрондық пошта мекенжайына мәтіндік хабарлама арқылы.
Жалдауға (жалға)беруші немесе жалдауға (жалға) алушы (тараптар) шартта көрсетілген тұрғылықты мекенжайлары (орналасқан жері), жұмыс орны, ұялы байланыс абоненттік нөмірі мен электрондық пошта мекенжайы шынайы екенін растайды және көрсетілген байланыс деректеріне (мекенжайға) жіберілген хабарлама тиісті әрі жеткілікті болып есептелетінін өз қолтаңбасымен растайды.
8-бөлім. Дауларды шешу тәртібі
31. Осы шарттан туындайтын немесе оған байланысты туындауы мүмкін даулар тараптар арасында келіссөздер арқылы шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда - сот тәртібінде қаралады.
9-бөлім. Тараптардың заңды мекенжайлары мен банктік реквизиттері
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарт үлгісі
_____________ қаласы | 20__ жылғы "___" _________ |
Бұдан әрі "Құрылтайшы" деп аталатын ____________________________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы органның) не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы) атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы "___" _________ № ____ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің немесе Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 20__жылғы "__"_______№ ____ бұйрығымен бекітілген
_______________________________________________________________
(мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы) туралы ереженің немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген атқарушы орган ережесінің негізінде әрекет ететін Басшы
_______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) бір тараптан және бұдан әрі "Сенімгерлік басқарушы" деп аталатын
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
атынан ______________________________________________________________
(20__ жылғы "__" ____ № ____ жарғының, ереженің, сенімхаттың) негізінде әрекет ететін
_______________________________________________________________
екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар 20__"__" _____ № ___
шешімнің негізінде төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты:
1-тарау. Шарттың нысанасы
1. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға бұдан әрі "су шаруашылығы құрылысы" деп аталатын
_______________________________________________________________
(мүліктің атауы)
сенімгерлік басқаруға беріледі, ал Сенімгерлік басқарушы Су шаруашылығы құрылысжайын Қазақстан Республикасының немесе Әкімшілік-аумақтық бірліктің мүддесін көздейтін Бенефициардың мүддесінде басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді, онда Тапсырыс беруші өкіл болып табылады.
2. Су шаруашылығы құрылысжайын Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіп пен шарттар негізінде сенімгерлік басқаруға беріледі.
3. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.
4. Құрылтайшы су шаруашылығы құрылысжайын Сенімгерлік басқарушыға берілген күні:
1) кепілде тұрмағанын;
2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын /салынбағанын;
3) сатуға қойылмағанын растайды.
5. Су шаруашылығы құрылысжайын сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығының Сенімгерлік басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды.
6. Сенімгерлік басқарушының су шаруашылығы құрылысжайын басқару бойынша құқықтары мен міндеттері су шаруашылығы құрылысжайын Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Су шаруашылығы құрылысжайын беру (қабылдау-беру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлік басқаруға берілетін су шаруашылығы құрылысжайына байланысты өзге жолмен) осы Шарт жасалған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Су шаруашылығы құрылысжайын қабылдау-беру актісіне Сенімгерлік басқарушы және теңгерім ұстаушы қол қояды және Құрылтайшы электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі - ЭЦҚ) пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында бекітеді.
2-тарау. Тараптардың құқықтары
7. Құрылтайшының:
1) жазбаша сұрау салу бойынша су шаруашылығы құрылысжайын басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;
2) Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде су шаруашылығы құрылысжайын басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Сенімгерлік басқарушының Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі есебін тыңдау арқылы бақылауға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.
8. Сенімгерлік басқарушының:
1) сенімгерлік басқаруға берілген Су шаруашылығы құрылысжайына қатысты Құрылтайшының мүддесіне заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасауға;
2) Құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түскен таза кірісі есебінен, бар болған жағдайда, сыйақы ретінде ____________ мөлшерінде (құрылтайшының сенімгерлік басқарудан түскен таза кірісіне пайыздық арақатынаста, бірақ конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мөлшерден аспайтын) мөлшерде төленеді;
3) Осы Шартта және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3-тарау. Тараптардың міндеттері
9. Құрылтайшы:
1) Сенімгерлік басқарушыға Су шаруашылығы құрылысжайын осы Шартта белгіленген мерзімдерде беруге;
2) осы Шарт бойынша өз міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды Сенімгерлік басқарушыға тапсыруға;
3) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде су шаруашылығы құрылысжайын кепілге бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және оны үшінші тұлғаларға сатуға шығармауға міндетті.
10. Сенімгерлік басқарушы:
1) Су шаруашылығы құрылысжайын тиімді басқаруды жүзеге асыруға;
2) Су шаруашылығы құрылысжайын сақталуын қамтамасыз етуге;
3) өзінің Сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген Су шаруашылығы құрылысжайымен мәмілелерді өз атынан жасауға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;
5) осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға;
6) су шаруашылығы құрылысжайына қатысты иеліктен шығару салдарына әкеп соғатын қандай да бір құқықтық немесе фактілік әрекеттерге жол бермеуге;
7) сенімгерлік басқаруға алған Су шаруашылығы құрылысжайын өз меншігінен оқшаулауға міндетті. Су шаруашылығы құрылысжайын Сенімгерлік басқарушының жеке теңгерімінде көрсетіледі және ол бойынша дербес есеп жүргізуге;
8) Су шаруашылығы құрылысжайын сенімгерлік басқарумен байланысты қызмет бойынша есеп айырысу жүргізу үшін жеке банк шотын ашуға;
9) __________ бюджет кірісіне _________________ бюджеттік сыныптама кодына тиісті мемлекеттік кірістер департаментінің бизнес сәйкестендіру нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, мынадай деректемелер бойынша: ____________________________________ құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түскен таза кірісін аударуды қамтамасыз етуге;
10) өзінің Шартты тиісінше орындамауының салдарынан Құрылтайшыға келтірілген шығындарды өтеуге;
11) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша әрекеттер нәтижесінде туындаған міндеттерді орындауға;
12) Құрылтайшыға _____________________ (беру мерзімі) жазбаша нысанда жылдық есеп беруге;
13) Құрылтайшыға _____________________ (беру мерзімі) жазбаша нысанда шарттың барлық қолданылу мерзімінің есебін беруге;
14) сенімгерлік басқарушының осы Шартпен өзінің сенімгерлік басқаруына берілген мемлекеттік мүлікпен байланысты қаржылық қызметі туралы есебін "Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 31 шiлдедегi № 816 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33221 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен (бұдан әрі – Бұйрық) беруге;
15) осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға;
16) Су шаруашылығы құрылысжайын Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылған кезде (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) он жұмыс күні ішінде беруге;
17) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 75-бабы 5-тармағына сәйкес су шаруашылығы құрылысжайын ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті;
18) өзге де міндеттерді орындайды.
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
11. Су шаруашылығы құрылысжайын басқару кезінде еңсерілмейтін күш әрекетімен келтірілген зиянды немесе залалды қоспағанда, Құрылтайшының мүддесіне келтірілген кез келген зиян немесе залал үшін Сенімгерлік басқарушы жауапты болады.
12. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5-тарау. Форс-мажор
13. Тараптап Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мiндеттеменi орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған жағдайда, егер бой бермейтiн күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары, төтенше жағдай және т.б.) салдарынан тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмағандығын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауаптылықты көтередi. Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң нарықта болмауы жатпайды.
14. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш мән-жайлары, сондай-ақ осы мән-жайлардан туындаған салдарлар болған уақытқа мөлшерлес мерзімге кейінге қалдырылады.
15. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде Тараптардың кез келгені екінші Тарапқа күнтізбелік 30 күн ішінде жазбаша түрде осы мән-жайлардың туындағаны туралы хабарлауға міндетті.
16. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты жоғарыда көрсетілген кез келген мән-жайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.
17. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауына күнтізбелік 2 (екі) айдан астам уақыт мүмкін болмаса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.
6-тарау. Құпиялылық
18. Тараптар Шарттағы барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
19. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ.
7-тарау. Дауларды шешу
20. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.
21. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралуға тиіс.
8-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
22. Осы Шарт Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және
_____________________________________________ дейін қолданылады.
9-тарау. Шарт талаптарының орындалуын бақылау
23. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады. Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруге тиіс.
10-тарау. Шарттың қолданылуын тоқтатуға қойылатын талаптар
24. Осы Шарттың қолданылуы:
1) осы Шарттың 10-бөлімінің 10.2-тармағына сәйкес Тараптардың келісуі бойынша не біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзылған;
2) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда тоқтатылады.
25. Тарап осы Шарттың талаптарын орындамаған және/немесе тиісінше орындамаған жағдайда екінші Тарап күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейінгі мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою қажет екені туралы жазбаша ескертеді.
Бұзушылықтар осы Шарттың 10.2-тармағында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда, ескерту жасаушы Тарап осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
26. Осы Шартты тоқтатудың өзге негіздері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.
11-тарау. Өзге талаптар
27. Осы Шартта көзделмеген басқа барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алатын болады.
28. Құрылтайшы мен Сенімгерлік басқарушы өзара келісу бойынша қосымша келісімдер жасасу арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
29. Осы Шартқа барлық қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады және оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоюға тиіс.
30. Осы Шарттың қолданылу мерзімін тоқтату Тараптардың ол бойынша міндеттемелерін тоқтатуына әкеп соғады, бірақ егер Тараптар осы Шарттың талаптарын орындаған кезде осындай жағдайлар орын алса, осы Шарттың Тараптарын оны бұзғаны үшін жауаптылықтан босатпайды.
31. Сенімгерлік басқару шарты сатып алу құқығынсыз тоқтатылған жағдайда Сенімгерлік басқарушы Су шаруашылығы құрылысжайын қабылдау-беру актісі бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде теңгерімді ұстаушыға қайтарады.
32. Осы Шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде, тізілімнің веб-порталы арқылы ЭЦҚ пайдаланыла отырып жасалған.
12-тарау. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері:
Құрылтайшы | Сенімгерлік басқарушы | ||
________ | ____________________ | ________ | ____________________ |
(қолы) |
(басшының немесе алмастыратын | (қолы) |