"Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-227/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 6 тамыздағы № 77 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 8 тамызда № 36598 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-227/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 21708 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрыққа қосымшамен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
2025 жылғы 6 тамыздағы
№ 77 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 қарашадағы
№ ҚР ДСМ - 277/2020
бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 8-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу – өтініш берушінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін ресми тану рәсімі;

      2) аккредиттеуден кейінгі мониторинг – денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау субъектілерінің, ұйымдар мен заңды тұлғалардың қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін мониторингілеу;

      3) аккредиттеу туралы куәлік – өтініш берушінің аккредиттеудің белгілі бір саласында аккредиттелгенін растайтын ресми құжат;

      4) аккредиттелген субъект – Кодекстің 8-бабының 9) тармақшасында белгіленген тәртіппен денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен субъект;

      5) аккредиттеуден кейінгі мониторинг жөніндегі комиссия - аккредиттелген субъектілердің аккредиттеуден кейінгі мониторингін жүргізу үшін аккредиттеуші орган құратын комиссия;

      6) сыртқы кешенді бағалау жөніндегі сарапшы – осы Қағидалардың өлшемшарттарына сәйкес келетін, медициналық ұйымдардың сараптама тобының құрамындағы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігіне сыртқы кешенді бағалау жүргізу үшін тартылатын денсаулық сақтау ұйымының маманы;

      7) фокустық бағалау – медициналық ұйымды құжаттарды талдау және (немесе) медициналық ұйымға бару негізінде, бұрын жүргізілген сыртқы кешенді бағалау нәтижелерінің дұрыстығына күмән келтірілген жағдайларда не пациенттің, персоналдың және келушілердің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, медициналық ұйымдарды аккредиттейтін органға белгілі болған жағдайда, растау немесе нақтылау мақсатында жүргізілетін бағалау.

      3. Аккредиттеуден кейінгі мониторингке денсаулық сақтау саласында аккредиттеуден өткен тұлғалар жатады:

      1) көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері;

      2) денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдар;

      3) денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері;

      4) денсаулық сақтау менеджерлерін сертификаттау бойынша басқару қызметіне даярлығын растауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      5) денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіптік медициналық қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктер;

      6) қызметтің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сыртқы кешенді бағалау негізінде медициналық ұйымдар;

      7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы кәсіби қауымдастықтар;

      8) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу бойынша жеке және заңды тұлғалар.

      4. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жоспарлы тәртіппен, аккредиттеу туралы куәлікті алған күннен бастап 3 (үш) жылда бір рет, бірақ 6 (алты) айдан ерте емес жүргізіледі. Аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүргізу жоспары жыл сайын жасалады және тиісті күнтізбелік жылдың 25 қазанға дейін денсаулық сақтау саласында аккредиттеуді жүзеге асыратын (жүзеге асыратын) тиісті органның (ұйымның) (бұдан әрі – аккредиттеуші орган) сайтында орналастырылады.

      Аккредиттеуші органынға аккредиттеу туралы куәліктің қолданысы кезінде аккредиттелген ұйымның қызметіне қарау нәтижелері бойынша өтініш берушілердің құқықтарын бұзу фактілері расталған жеке және (немесе) заңды тұлғалардан екі және одан да көп шағымдарды келіп түскен жағдайларда аккредиттеуден кейінгі жоспардан тыс мониторинг жүргізіледі.

2-тарау. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу тәртібі

      5. Аккредиттеуден кейінгі мониторингті аккредиттеуші орган 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      6. Аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүргізу үшін аккредиттеуші органда бірінші басшының бұйрығымен осы тармақтың және осы Қағидаларға 7–тармақтың талаптарын сақтай отырып, аккредиттеуден кейінгі мониторинг жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) қалыптастырылады.

      Комиссияның құрамы аккредиттелген субъектінің жұмысы мен қызметіне байланысты қалыптастырылады және адамдардың тақ санын құрайды.

      Комиссия құрамына келесі тұлғалар тартыла алмайды:

      1) соңғы 5 (бес) жыл ішінде аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісімен еңбек немесе шарттық қатынастарда болған немесе қазіргі кезде осындай қатынастарда тұрған тұлға;

      2) аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерімен және (немесе) басшылығымен жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары бар тұлға.

      7. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар тартыла алмайды.

      8. Аккредиттеуден кейінгі мониторинг комиссиясының төрағасы болып аккредиттеуші органның бірінші басшысы болып айқындалады. Комиссияның қызметін аккредиттеуші органының құрылымдық бөлімшесінің хатшысы қамтамасыз етеді.

      9. Аккредиттеуден кейінгі мониторингті жүргізу үшін аккредиттеуші орган аккредиттелген субъектіге келесі ақпаратты ұсыну туралы сұрау салады:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыратын аккредиттелген субъектіге қойылатын өлшемшарттар;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес аккредиттелген субъектіге (білім алушылардың, кәсіби даярлықтан өткен түлектердің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімдері мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйым) қойылатын өлшемшарттар;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес аккредиттелген субъектіге (денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыру бойынша) қойылатын өлшемшарттар;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес аккредиттелген субъектіге (денсаулық сақтау менеджерлерін сертификаттау рәсімін іске асыру шеңберінде оларды басқарушылық қызметке дайындығын растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша) қойылатын өлшемшарттар;

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес аккредиттелген субъектіге (денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіби медициналық қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктерге) қойылатын өлшемшарттар.

      10. Комиссия осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың қызметінің нәтижелерін қарайды.

      Аккредиттеуден кейінгі мониторингтің осы Қағидаларының өлшемшарттарына құжаттардың толық емес топтамасын, дұрыс емес немесе толық емес ақпаратты ұсынған кезде комиссия ұсынымдар береді, аккредиттеуден кейінгі мониторингтің осы Қағидаларының өлшемшарттарына сәйкестігі туралы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде аккредиттелген тұлға қызметінің нәтижелері туралы қорытынды беріледі.

      Аккредиттеуден кейінгі мониторинг жөніндегі Комиссия қорытынды/ұсынымдар беру үшін дауыс беруді жүргізеді. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      11. Осы Қағидалардың орындалуы туралы құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда, аккредиттеуден кейінгі мониторинг аккредиттелген субъектінің өндірістік базасына бармай-ақ, қашықтықтан технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.

      12. Осы Қағидалардың өлшемшарттарына сәйкес құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, ақпарат дұрыс емес немесе толық емес болған, не ұсынылған құжаттар бойынша аккредиттелген субъектінің осы Қағидалардың бір және одан да көп тармағына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, аккредиттелген тұлғаның қызметінің нәтижелері бойынша аккредиттеуден кейінгі мониторинг аккредиттелген субъектінің өндірістік базасына бару арқылы жүргізіледі.

      Аккредиттеуден кейінгі мониторинг сондай-ақ мемлекеттік органдардан (ұйымдардан) денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы аккредиттелген субъектінің бұзғаны туралы ақпарат алынған жағдайда да өндірістік базаға бару арқылы жүргізіледі.

      Аккредиттеуші орган аккредиттелген субъектінің өндірістік базасына шығуға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын жазбаша түрде жоспарланған бару күні мен уақытын көрсете отырып, алдағы сапар туралы жазбаша түрде хабарлайды.

      13. Аккредиттелген субъект осы Қағидалардың өлшемшарттарына сәйкес келген кезде аккредиттеуші орган еркін нысанда оң қорытынды береді.

      Ақпараттың осы Қағидалардың өлшемшарттарына сәйкес келмейтін ақпарат анықталған жағдайда, сәйкессіздіктерді жою бойынша еркін нысанда ұсынымдар беріледі.

      Ақпараттың өлшемшарттарға сәйкес келмеуін жою мерзімі ұсынымдар алынған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайды. Аккредиттелген субъектінің өтінішхаты бойынша ақпараттың өлшемшарттарға сәйкес келмеуін жою мерзімі ұзартылады, бірақ 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайды.

      Ұсынымдарда көрсетілген барлық сәйкессіздіктер толық жойылған жағдайда, аккредиттеуші орган оң қорытынды береді.

      14. Ұсынымдарда көрсетілген барлық сәйкессіздіктер жойылмаған, осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген мерзімнен кейін өлшемшарттарға қатысты ақпарат кешігіп берілген жағдайларда, аккредиттеуші орган аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып ала отырып, теріс қорытынды береді.

      Аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу сондай-ақ келесі жағдайларда да жүргізіледі:

      аккредиттелген субъектінің қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтату туралы сот үкімі, сот шешімі немесе өзге де сот актісі мен атқару құжаты заңды күшіне енген жағдайда;

      аккредиттелген субъектінің қызметін, не оның жекелеген қызмет түрлерін тоқтату, тоқтата тұру немесе тыйым салу жағдайында.

      15. Аккредиттеуші органның оң және (немесе) теріс қорытынды туралы шешімі бұйрық түрінде ресімделеді.

      16. Аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алынған және (немесе) санаты өзгерген жағдайда, аккредиттеуші орган куәлікті қайтарып алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізілген аккредиттелген субъектіні жазбаша хабардар етеді.

      17. Аккредиттелген субъект аккредиттеуден кейінгі мониторинг нәтижелеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабында көзделген тәртіппен шағымдануға құқылы.

  Денсаулық сақтау саласындағы
аккредиттеуден кейінгі
мониторингін жүргізу
мерзімдері мен аккредиттеу
туралы куәлікті кері
қайтарып алу қағидаларына
1-қосымша

Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыратын аккредиттелген субъектіге қойылатын өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Растайтын құжат

1.

Медициналық ұйымдарды аккредиттеуге дайындау және медициналық ұйымдарды аккредиттеудің басқа да бағыттары қызмет түрлерінің бірі болып табылатын денсаулық сақтау субъектісінің құқық белгілейтін құжаттарының болуы.

Жарғы (заңды тұлғалар үшін) немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын тұлғалар үшін)

2.

Үй-жайдың болуы

Соңғы 3 (үш) жылдағы үй-жайға меншік құқығы, уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжат (ақыға немесе өтеусіз)

3.

Медициналық ұйымдарды аккредиттеу саласындағы, оның ішінде аккредиттеу мәселелері бойынша оқудан өту, конференцияларға қатысу, медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын (семинарлар, кездесулер, симпозиумдар) жүргізу жөніндегі қызметті жоспарлауды растайтын құжаттың болуы.

Соңғы 3 (үш) жылда 5 (бес) жылға арналған стратегиялық жоспарды және ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейінгі операциялық жоспарды орындау.

4.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін тиісті ресурстарды қамтамасыз ететін бекітілген Бюджеттің болуы

Бекітілген Қаржы-шаруашылық қызмет жоспары /соңғы 3 (үш) жылдағы даму жоспары

5.

Аккредиттеу жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттың болуы

Комиссия туралы бекітілген Ереже

6.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-319/2020 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намысы кодексін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21890 тіркелген) (бұдан әрі - Ар-намыс кодексі) бұйрығымен медициналық ұйым қызметкерлерінің танысқанын растайтын құжаттың болуы.

Ұйым қызметкерлерін кадрлардың ауысуын ескере отырып, Ар-намыс кодексімен таныстыру туралы растайтын құжат

7.

Сыртқы кешенді бағалау барысында медициналық ұйымнан алынған ақпаратты қорғау және сыртқы кешенді бағалау жүргізудің құпиялылық қағидатын регламенттейтін құжаттың болуы

Құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін регламенттейтін құжат

8.

Ұйым басшысы мен қызметкерлердің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайтын лауазымдық нұсқаулықтардың болуы

Барлық мамандарға бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар

9.

Персоналды басқару бойынша ішкі қағидалар мен рәсімдердің болуы (тағайындау, іріктеу, оқыту, бағалау, көтермелеу)

Бекітілген ішкі нормативтік құжаттар

10.

Ішкі қаржылық бақылау және аудит жүйесінің болуы

Ішкі аудит қызметі туралы бекітілген ереже

11.

Аккредиттелген медициналық ұйымдардың сақталатын деректерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағдарламалық қамтылымның, серверлік және (немесе) коммутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуы

Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақылы немесе өтеусіз) жұмыс істейтін серверлік, коммутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуын растайтын құжат.
Бағдарламалық қамтамасыз ету тізімі.

12.

Медициналық ұйымдарды аккредиттеу рәсімі бойынша қазақ және орыс тілдерінде өзекті ақпараттың мазмұны бар жеке жұмыс істейтін интернет-ресурстың (веб-сайттың) болуы

Жұмыс істеп тұрған веб-сайтқа сілтеме (веб-сайт беттерінің скриншоты)

13.

Тараптардың нысанасын, талаптарын, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін көрсете отырып, субъект пен медициналық ұйым арасындағы шарт нысанының болуы

Аккредиттелген денсаулық сақтау субъектісі мен медициналық ұйымдар арасында сыртқы кешенді бағалау жүргізуге барлық шарттарды ұсыну

14.

Денсаулық сақтау саласында сыртқы кешенді бағалау бойынша сарапшылардың болуы.
Сарапшылар тізімі кемінде 20 (жиырма), оның ішінде кемінде 40% - ы жоғары медициналық білімі бар, кемінде 30% - ы "Мейірбике ісі" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) орта медициналық білімі бар сарапшылардың тізімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21852 тіркелген) (бұдан әрі-Аккредиттеу қағидалары) Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларының 58-тармағына сәйкес келуі тиіс.

Субъектінің веб-сайтында орналастырылған электрондық деректер базасы/ сарапшылар тізілімі.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың не жұмыс тәжірибесін растайтын азаматтық-құқықтық шарттардың электрондық көшірмелері

15.

Медициналық ұйымдарға сыртқы кешенді бағалау жүргізу үшін сарапшыларды оқытуды растайтын құжаттар

Соңғы 3 (үш) жылдағы халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық ұйымдарды аккредиттеу мәселелері бойынша оқытуды растайтын құжаттар

16.

Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық ұйымнан аккредиттеуші орган ретінде аккредиттеу туралы сертификаттың болуы (бұрын аккредиттеуші орган ретінде аккредиттелген субъектілер үшін)

Аккредиттеуші орган ретінде аккредиттеу туралы сертификат

17.

Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық ұйымға институционалдық мүшелік туралы куәліктің болуы (аккредиттеуші орган ретінде аккредиттеуге алғаш үміткер субъектілер үшін)

Денсаулық сақтаудағы сапа жөніндегі халықаралық ұйымға институционалдық мүшелік туралы куәлік

18.

"Е-лицензиялау" порталы арқылы "Медициналық ұйымдарды олардың қызметінің аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін тану мақсатында аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсету мүмкіндігін растайтын құжат.

Азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған және "Е-лицензиялау" порталына қолжетімділіктің бар екендігін растайтын құжат.

      * Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеуден кейінгі мониторингі 6 (алты) айдан кейін жүргізілген жағдайда құжаттар аккредиттеуден кейінгі қызмет кезеңі үшін ұсынылады

  Денсаулық сақтау саласындағы
аккредиттеуден кейінгі
мониторингін жүргізу
мерзімдері мен аккредиттеу
туралы куәлікті кері қайтарып
алу қағидаларына
2-қосымша

Аккредиттелген субъектіге (білім алушылардың, кәсіби даярлықтан өткен түлектердің және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімдері мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйым) қойылатын өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Құжат

1.

Медициналық ұйымдарды аккредиттеуге дайындау және медициналық ұйымдарды аккредиттеудің басқа да бағыттары қызмет түрлерінің бірі болып табылатын денсаулық сақтау субъектісінің құқық белгілейтін құжаттарының болуы.

Ұйымның жарғысы немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын тұлғалар үшін)

2.

Білім мен дағдыға бағалау жүргізу үшін бейнебақылау жүйесімен (аудиожазба және бейнежазба) жабдықталған үй-жайдың болуы.

Меншік құқығында білім мен дағдыларды бағалауды жүргізу үшін бейнебақылау жүйесімен жабдықталған үй-жайдың (аудиожазба және бейнежазба) болуын, соңғы 3 (үш) жылда үй-жайды уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығын (ақылы немесе өтеусіз) растайтын құжат.

3.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін білім мен дағдыларды бағалау рәсімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету

Аккредиттеу туралы куәлікті алған сәттен бастап аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізілгенге дейінгі кезең үшін республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада білім мен дағдыларды бағалауды жүзеге асыруды растайтын құжат (статистикалық есеп).

4.

Қызметті жоспарлауды растайтын құжаттың болуы

Аккредиттеу туралы куәлікті алған сәттен бастап аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізгенге дейінгі кезең үшін операциялық жоспарды орындау.

5.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін тиісті ресурстарды қамтамасыз ететін бекітілген бюджеттің болуы

Аккредиттеу туралы куәлікті алған сәттен бастап аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізуге дейінгі кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызмет жоспарын/даму жоспарын орындау

6

Ұжымда, сондай-ақ сарапшылармен, мүдделі тараптармен және халықпен өзара іс-қимыл кезінде субъект қызметкерлері басшылыққа алатын этикалық нормаларды регламенттейтін құжаттың болуы

Бекітілген этикалық нормалардың электрондық көшірмелері

7.

Ұйым басшысы мен қызметкерлердің функциялары мен өкілеттіктерін айқындай отырып, лауазымдық нұсқаулықтардың болу

Барлық мамандарға бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар

8.

Персоналды басқару бойынша ішкі қағидалар мен рәсімдердің болуы (тағайындау, іріктеу, оқыту, бағалау, көтермелеу)

Бекітілген ішкі нормативтік құжаттар

9.

Ішкі қаржылық бақылау және аудит жүйесінің болуы

Ішкі аудит қызметі туралы бекітілетін ереже

10.

Ақпараттық қауіпсіздіктің тиісті деңгеймен электрондық үкімет порталымен интеграциялау мүмкіндігі бар бағалаудың біріңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің болуы

Жұмыс істейтін бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің (платформаның) болуын растайтын құжат

11.

Қызметтік ақпараттың құпиялығы мен тұтастығы қағидатын регламенттейтін құжаттың болуы

Құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін регламенттейтін құжат ақпарат

12.

Білім мен дағдыларды бағалауды қамтамасыз ету үшін бағдарламалық қамтылымның, серверлік және (немесе) комутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуы

Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақылы немесе өтеусіз) жұмыс істейтін серверлік, коммутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуын растайтын құжат.
Бағдарламалық қамтамасыз ету тізімі.

13.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдылардын бағалау мәселелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде өзекті ақпараттың мазмұны бар жеке-меншікті жұмыс істейтін интернет ресурсының (веб-сайт) болуы

Жұмыс істеп тұрған веб-сайтқа сілтеме (веб-сайт беттерінің скриншоты)

14.

Анықтама үшін жұмыс істейтін телефонның болуы

Ұйымның веб-сайтында көрсетілген жұмыс істейтін телефон нөмері

15.

Тестілеу кезінде жеке басын сәйкестендіру жүйесімен (бейнесахатпен) білім және дағдыға бағалау жүргізу үшін ақпараттық жүйенің болуы

Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақылы немесе өтеусіз) білім мен дағдыларды бағалауды жүргізу үшін жұмыс істейтін ақпараттық жүйенің болуын растайтын құжаттар.

16.

Білім және дағдыға бағалау жүргізу бойынша көрсетілген қызметтердің сапасын қамтамасы етуге арналған компьютерлік техниканың және және басқа да жабдықтардың (техниканың) болуы. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолданған жағдайда онлайн прокторинг жүйесінің болуы.

Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақылы немесе өтеусіз) жұмыс істеп тұрған компьютерлік және басқа да жабдықтардың (техниканың) болуын растайтын құжаттар.

17.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) (бұдан ары – бағалау қағидалары) білім және дағдыларды бағалауды жүргізуге сәйкес клиникалық станциялардың, материалдық-техникалық жарақтандырудың болуы.

Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақыға немесе өтеусіз) клиникалық станциялардың, материалдық-техникалық жарақтандырудың болуын растайтын құжат.
Клиникалық станциялардың, материалдық-техникалық жарақтандырудың тізбесі.

18.

Бағалау ережелеріне сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды ұйымдастыруға және жүргізуге араналған симуляциялық жабдықтардың (манекендер, фантомдар, муляждар не автоматтандырылған виртуалды модельдер, интерактивті оқыту, компьютерлік бағдарламалары, аудио-бейне материалдар) және шығыс материалдары болуы.

Бағалау жөніндегі ұйымның симуляциялық жабдықтарының, аппаратураларының және медициналық құралдарының тізбесі (№, атауы, дайындаушы зауыт, Шығарылған жылы, моделі, саны, ескертпесі).
Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақылы немесе өтеусіз) симуляциялық жабдықтар мен шығыс материалдарының болуын растайтын құжаттар.

19.

Денсаулық сақтау, медициналық білім беру, бизнес және құқық, ақпараттық жүйелер мен технологиялар слаасында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесу бар және білім беру дағдылардын бағалауды ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша оқытылған мамандардың болуы.

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы (тіркелген жері бойынша және нақты тұратын жері бойынша), білімі, ЖОО атауы және оны бітірген жылы, диплом бойынша мамандығы, негізгі жұмыс орны (ұйымның атауы, Мекенжайы), жұмыс өтілі (мамандық бойынша, ұйымда бағалау бойынша), соңғы 5 (бес) жылдағы біліктілікті арттыру туралы мәліметтер (куәліктің№, кім бергені, оқу мерзімі, № және берілген күні).
Оқытуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес құжаттардың не жұмыс тәжірибесін растайтын азаматтық-құқықтық шарттардың электрондық көшірмелері

20.

Білім мен дағдыларды бағалауды, ғылыми-педагогикалық кадрлардың, денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдардың білім алушылары мен түлектерінің тәуелсіз бағалауын жүргізу үшін емтихан тест материалдарын әзірлеу және сараптау жөніндегі сарапшылардың болуы

Мамандық бойынша денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардың тізімі. Емтихан тест материалдарын әзірлеу және сараптау бойынша оқытуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың не жұмыс тәжірибесін растайтын азаматтық-құқықтық шарттардың электрондық көшірмелері.

21.

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның талаптарына сәйкес ғылыми-педагогикалық кадрлардың, медициналық білім және ғылым ұйымдарының білім алушылары мен түлектерінің білімі мен дағдыларын бағалауды және тәуелсіз бағалауды жүргізу үшін әзірленген тест тапсырмаларының, әрбір медициналық, фармацевтикалық мамандық бойынша қазақ, орыс тілдерінде кемінде 200 (екі жүз) тест тапсырмаларының болуы.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде тест тапсырмалары (әрбір медициналық, фармацевтикалық мамандық бойынша қазақ, орыс тілдерінде кемінде 200 (екі жүз) тест).

22.

Білім мен дағдыларға бағалау жүргізу үшін әзірленген клиникалық сценарийлер банкінің болуы: медициналық мамандықтардың негізгі бейіндері (терапия, хирургия, педиатрия, акушерия және гинекология, анестезиология және реаниматология, стоматология) бойынша кемінде 10 (он) клиникалық жағдай

Клиникалық сценарийлердің электронды базасы (негізгі медициналық мамандықтар бойынша кемінде 10 (он) клиникалық жағдай)

      * Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеуден кейінгі мониторингі 6 (алты) айдан кейін жүргізілген жағдайда құжаттар аккредиттеуден кейінгі қызмет кезеңі үшін ұсынылады

  Денсаулық сақтау саласындағы
аккредиттеуден кейінгі
мониторингін жүргізу
мерзімдері мен аккредиттеу
туралы куәлікті кері қайтарып
алу қағидаларына
3-қосымша

Аккредиттелген субъектіге (Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыру бойынша) қойылатын өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Құжат

1.

Ережені көздейтін құқық белгілейтін құжаттардың болуы:

Функциялары мен қызметі сипатталған не ұйым мүшелігіне қабылдау және одан шығу шарттары мен тәртібі сипатталған жарғы (мүшелік болған кезде) немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын тұлғалар үшін)

1.1.

ұйым қызметінің бағыты бойынша-денсаулық сақтау саласында тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыру

1.2.

мүшелік шарттары мен тәртібі бойынша (коммерциялық емес ұйымдар үшін)/ жұмысқа орналастыру – бейбәсекелестік туралы келісім

2.

Үй-жайдың болуы

Үй-жайға меншік құқығын, уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжат (ақыға немесе өтеусіз).

3.

Қызметті жоспарлауды растайтын құжаттың болуы

Соңғы 3 (үш) жылда 5 (бес) жылға арналған Стратегиялық жоспарды орындау.
Ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін Операциялық жоспарды орындау.

4.

Ұжымда, сондай-ақ сарапшылармен, мүдделі тараптармен және халықпен өзара іс-қимыл кезінде субъект қызметкерлері басшылыққа алатын этикалық нормаларды регламенттейтін құжаттың болуы

Бекітілген этикалық нормалар

5.

Қызметтік ақпараттың құпиялылығы мен тұтастығы қағидатын регламенттейтін құжаттың болуы

Құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін регламенттейтін құжат ақпарат

6.

Әрбір сарапшы көрсеткен тәуелсіз сараптама бойынша қызметтер санын көрсете отырып, тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізілімінде тұрған мамандардың (кемінде 20 (жиырма) түрлі бейіндегі, оның ішінде терапевтік, хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық, педиатриялық бейіндер бойынша 2 (екі) маманнан) болуы

Аккредиттеу қағидаларының 17-қосымшасына сәйкес ұйым мамандары туралы мәліметтер

7.

Тәуелсіз сараптама мәселелері бойынша қосымша білім алу туралы құжаттардың болуы

Соңғы 5 (бес) жыл ішінде алынған 108 (жүз сегіз) сағаттан кем емес көлемде біліктілігін арттыру туралы куәліктер

8.

Денсаулық сақтау саласындағы мәселелер бойынша қазақ және орыс тілдерінде өзекті ақпараттың мазмұны бар жеке жұмыс істейтін интернет ресурсының (веб-сайт) болуы

Жұмыс істеп тұрған веб-сайтқа сілтеме (веб-сайт беттерінің скриншоты)

9.

Өз бейініне сәйкес сарапшылардың кемінде 30% - ында Денсаулық сақтау саласында авторлықтың (тең авторлықтың) және (немесе) жаңалықтардың болуы

Денсаулық сақтау саласындағы басылымдарда сарапшылардың жарияланымдарын растайтын құжаттар

      * Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеуден кейінгі мониторингі 6 (алты) айдан кейін жүргізілген жағдайда құжаттар аккредиттеуден кейінгі қызмет кезеңі үшін ұсынылады

  Денсаулық сақтау саласындағы
аккредиттеуден кейінгі
мониторингін жүргізу
мерзімдері мен аккредиттеу
туралы куәлікті кері қайтарып
алу қағидаларына
4 -қосымша

Аккредиттелген субъектіге (Денсаулық сақтау менеджерлерін сертификаттау рәсімін іске асыру шеңберінде оларды басқарушылық қызметке дайындығын растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша) қойылатын өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Құжат

1.

Денсаулық сақтау менеджерлерінің басқарушылық қызметке дайындығын растау жөніндегі қызмет ұйым қызметінің бағыттарының бірі болып табылатын құқық белгілейтін құжаттардың болуы

Ұйымның жарғысы немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын тұлғалар үшін)

2.

Білімге бағалау жүргізу және ахуалдық міндеттерді шешу үшін бейнебақылау (аудиожазба және бейнежазба) жүйесімен жабдықталған үй-жайдың болуы (кейс-тестинг)

Үй-жайға меншік құқығын, уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжат (ақыға немесе өтеусіз)*

3.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін білімді бағалау және ахуалдық міндеттерді шешу рәсімдерінің (кейс-тестинг) қолжетімділігін қамтамасыз ету

Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада ахуалдық міндеттердің білімі мен шешімдерін бағалауды (кейс-тестинг) жүзеге асыруды растайтын құжат

4.

Қызметті жоспарлауды растайтын құжаттың болуы

Соңғы 3 (үш) жылда 5 (бес) жылға арналған Стратегиялық жоспарды орындау.
Ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін Операциялық жоспарды орындау.

5.

Қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін тиісті ресурстарды қамтамасыз ететін бекітілген Бюджеттің болуы

Бекітілген Қаржы-шаруашылық қызмет жоспары /орындалу туралы ақпаратпен соңғы 3 (үш) жылдағы даму жоспары

6.

Ұйым шешім қабылдау және үміткерлерге қызмет көрсету кезінде қызметкерлердің мінез-құлық қағидаларын айқындау үшін басшылыққа алатын этикалық нормаларды (ережелерді) регламенттейтін құжаттың болуы

Бекітілген этикалық нормалар

7.

Ұйым басшысы мен қызметкерлердің функциялары мен өкілеттіктерін айқындай отырып, лауазымдық нұсқаулықтардың болуы

Барлық мамандарға бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар (еңбек шарттары бойынша жұмыс істейтін мамандар үшін)

8.

Персоналды басқару бойынша ішкі қағидалар мен рәсімдердің болуы (тағайындау, іріктеу, оқыту, бағалау, көтермелеу)

Бекітілген ішкі нормативтік құжаттар

9.

Мүшелер мен ұйым арасындағы өзара іс-қимылды көрсете отырып, мүшелікке кіру, мүшелердің мінез-құлық этикасы мәселелері бойынша мүдделер қақтығысы мен инциденттерді шешу қағидаларының болуы (қоғамдық бірлестіктер үшін)

Бекітілген ішкі нормативтік құжаттар (ережелер, ережелер)

10.

Қызметтік ақпараттың құпиялылығы мен тұтастығы қағидатын регламенттейтін құжаттың болуы

Құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін регламенттейтін құжат ақпарат

11.

Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін бағдарламалық қамтылымның, серверлік және (немесе) коммутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуы

Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақылы немесе өтеусіз) жұмыс істейтін серверлік, коммутациялық жабдықтың не виртуалды (бұлтты) сервердің болуын растайтын құжат.
Бағдарламалық қамтамасыз ету тізімі.

12.

Қызмет мәселелері бойынша қазақ және орыс тілдерінде өзекті ақпараттың мазмұны бар жеке жұмыс істейтін интернет ресурсының (веб-сайттың) болуы

Жұмыс істеп тұрған веб-сайтқа сілтеме (веб-сайт беттерінің скриншоты)

13.

Анықтама үшін жұмыс істейтін телефонның болуы

Ұйымның веб-сайтында көрсетілген жұмыс істейтін телефон нөмірі

14

Білімге бағалау жүргізу және ахуалдық міндеттерді шешу (кейс-тестинг) бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету үшін компьютерлік техниканың және басқа да жабдықтың (техниканың) болуы. Қашықтықтан технологияларды қолданған жағдайда онлайн прокторинг жүйесінің болуы.

Меншік құқығында, уақытша иелену және (немесе) пайдалану құқығында (ақылы немесе өтеусіз) жұмыс істейтін компьютерлік және басқа жабдықтың (техниканың) болуын растайтын құжаттар.

15.

Штатта не мүшелікте "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық" даярлау, "Қоғамдық денсаулық сақтау" және "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандықтары бойынша қайта даярлау және (немесе) қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау менеджменті немесе қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағыттары бойынша кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесі бар кемінде 35 маманның болуы

Мамандардың тізімі мынадай мәліметтерді көрсете отырып (тегі аты әкесінің аты (бар болса), білімі (ЖОО атауы, бітірген жылы, диплом бойынша мамандығы)
Жоғары/жоғары оқу орнынан кейінгі, негізгі жұмыс орны (ұйымның атауы, мекенжайы), денсаулық сақтаудағы жұмыс өтілі, көрсетілген қатынастардың басталу күнін, мүше мәртебесін (мүшелік түрі) көрсете отырып, маман мен ұйым арасындағы өзара қарым-қатынасты (мүшелік, азаматтық шарт, еңбек шарты және басқалар) растайтын құжат (қажет болған жағдайда)).
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың не жұмыс тәжірибесін растайтын азаматтық-құқықтық шарттардың электрондық көшірмелері.
Денсаулық сақтау менеджменті бойынша оқуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері

16.

Банктің Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган талаптарының негізінде менеджерлерді сертификаттау рәсімін іске асыру шеңберінде басқару қызметіне Денсаулық сақтау менеджерлерінің дайындығын тексеру үшін әзірленген қазақ, орыс тілдерінде кемінде 200 (екі жүз) тест тапсырмаларының, ахуалдық міндеттердің болуы

Уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін тест тапсырмалары, ахуалдық тапсырмалар (қазақ, орыс тілдерінде кемінде 200 (екі жүз))

17.

Денсаулық сақтау менеджерлерінің басқару қызметіне дайындығын Растауды жүргізу үшін емтихан материалдарын әзірлеу және сараптау жөніндегі сарапшылардың болуы

Сарапшылар тізімі. Емтихан материалдарын әзірлеу және сараптау бойынша оқуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың не жұмыс тәжірибесін растайтын азаматтық-құқықтық шарттардың электрондық көшірмелері

18.

Ішкі қаржылық бақылау және аудит жүйесінің болуы.

Ішкі аудит қызметі туралы бекітілген ереже

      * Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеуден кейінгі мониторингі 6 (алты) айдан кейін жүргізілген жағдайда құжаттар аккредиттеуден кейінгі қызмет кезеңі үшін ұсынылады

  Денсаулық сақтау саласындағы
аккредиттеуден кейінгі
мониторингін жүргізу
мерзімдері мен аккредиттеу
туралы куәлікті кері қайтарып
алу қағидаларына
5-қосымша

Аккредиттелген субъектіге (Денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіби медициналық қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктерге) қойылатын өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Құжат

1.

Қызмет бағытын және Қазақстан Республикасында тіркелгенін растайтын құқық белгілейтін құжаттардың болуы

Ұйымның жарғысы немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын тұлғалар үшін)

2.

Үй-жайдың болуы

Үй-жайға меншік құқығын, уақытша иелік ету және (немесе) пайдалану құқығын растайтын құжат (ақыға немесе өтеусіз)

3.

Құрылтай құжаттарында көрсетілген қызмет түрлері бойынша қызметтің жоспарланғанын растайтын құжаттың болуы

Соңғы 3 (үш) жылда 5 (бес) жылға арналған Стратегиялық жоспарды орындау.
Ағымдағы күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін Операциялық жоспарды орындау.

4.

Мамандықтың репрезентативтілігін ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіптік медициналық қауымдастықтар немесе қоғамдық бірлестіктер (бұдан әрі – КМҚ немесе ҚБ) мүшелігінде мамандардың болуы. Мүшелер санының (үлесінің) арақатынасы осы мамандық бойынша ҚР-дағы барлық мамандар санының кемінде 15% - ын құрайды.

Деректерді (ТАӘ (бар болса), ЖСН) және мамандық атауын (қолданыстағы маман сертификатына сәйкес), мүшелік мәртебесін, мүшеліктің жеке нөмірін көрсете отырып, КМҚ қолданыстағы мүшелерінің тізімі

5.

Өз мүшелерінің білімін арттыру. Жыл сайын КМҚ кәсіби ақпаратты таратумен жалпы жиналыс немесе конференция, конгресс, мүшелер съезін өткізеді

Жалпы жиналыстың немесе конференцияның күн тәртібі немесе бағдарламасы, қатысушылар тізімі, жиналыстың немесе конференцияның хаттамасы, веб-сайттағы (әлеуметтік желілердегі) мәліметтер

6.

КМҚ немесе ҚБ мүшелері басшылыққа алатын этикалық нормаларды регламенттейтін құжаттың болуы

Бекітілген этикалық нормалар

7.

КМҚ немесе ҚБ мүшелерінің бірінде Халықаралық денсаулық сақтау қауымдастығына немесе шектес салаға мүшелігін растайтын құжаттың болуы

Халықаралық сертификат (куәлік)

8.

Қызметтің ашықтығы өткізілген іс-шаралар мен қаржы қызметінің көрсеткіштері көрсетілген қызмет туралы есеппен ұсынылған

КМҚ мүшелеріне қол жетімді КМҚ қызметі туралы есеп (соңғы 3 (үш) жылдағы)

9.

Миссиясы, қызметі, байланыс деректері туралы қазақ және орыс тілдеріндегі өзекті ақпараттың мазмұны бар жеке жұмыс істейтін интернет ресурсының (веб-сайт) болуы.

Жұмыс істеп тұрған веб-сайтқа сілтеме (веб-сайт беттерінің скриншоты)

      * Денсаулық сақтау субъектілерінің аккредиттеуден кейінгі мониторингі 6 (алты) айдан кейін жүргізілген жағдайда құжаттар аккредиттеуден кейінгі қызмет кезеңі үшін ұсынылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады