Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 тамызда № 36578 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 25.08.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 182-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
С. Жумангарин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 4 тамыздағы
№ 76 бұйрығымен
бекітілген

Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттар

      1. Осы Байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қойылатын өлшемшарттар (бұдан әрі – Өлшемшарттар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 182-1-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және байқау кеңестері құрылатын, мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге (бұдан әрі – Серіктестік) қойылатын өлшемшарттарды айқындайды.

      2. Бақылау кеңесі төменде санамаланған өлшемшарттардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келетін Серіктестіктерде құрылады:

      1) Серіктестіктің бағалы қағаздары қор биржасында орналастырылады;

      2) Серіктестік Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабымен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылады;

      3) Серіктестік Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады