ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініштердің нысандарын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11074 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына және 12-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлар экспорты мен импортын лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
реттік нөмірі 77-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
77 | Тауардың қазақстандық шығу тегін растау | "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы куәлік немесе қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді-көшірме | Тыңайтқыштардың және мойынтіректердің жекелеген түрлері экспортталған жағдайда |
".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Реттік нөмірі 77-жол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
"
77 | Тауардың қазақстандық шығу тегін растау | Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінен үзінді-көшірме | Тыңайтқыштардың, мойынтіректердің жекелеген түрлері экспортталған жағдайда |
".
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және
құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі