БҰЙЫРАМЫН:
1. Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33103 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидалары бекітілсін";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидалары";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды (бұдан әрі - Бірыңғай оператор) айқындау тәртібін белгілейді.
2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жанынан бірыңғай операторды айқындау үшін дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Комиссия өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конверттерді ашу және дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау жөнінде отырыс өткізеді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрдің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау бойынша конкурсына қатысуға өтініш
Осы өтінішпен______________________________________________________
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің толық атауын көрсету)
бағыты бойынша дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс
ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау бойынша конкурсына қатысуға
ниетті.
Қазақстан Республикасы "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8 бабына
сәйкес, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Өтінімді толтыру күні: : 20___ жылғы "____"__________.
Лауазымы (қолы)
Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
Мөр орыны ( болған жағдайда)