"Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 1 шiлдедегі № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 шiлдеде № 36406 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20784 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік қызмет осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) спортшылар мен жаттықтырушыларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын ұсына отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.

      Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына (портал арқылы қызмет көрсетуді ескере отырып), Мемлекеттік корпорациясы, Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты ұсынады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға материалдық қамсыздандыруды төлеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Материалдық қамсыздандыруды төлеу Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі көрсетілетін қызметті алушының жеке шотына ай сайын ақша аудару арқылы жүргізіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.";

      "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

      ";

      реттік нөмірлері 7 және 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызмет беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00 – ден 14.30 – ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00 – ден 18.30 – ға дейін.
Мемлекеттік корпорация: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз "электрондық" кезек тәртібімен көрсетіледі немесе портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
Портал: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында: www.gov.kz/entities/tsm "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияға:
спортшы үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат немесе көрсетілетін қызметті алушының өкілі (сенім білдірілген өкіл) жүгінген кезде – жеке тұлғаның (сенім білдірушінің) нотариуспен куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) Қазақстан Республикасының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасы, немесе төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
4) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі;
жаттықтырушы үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжат немесе көрсетілетін қызметті алушының өкілі (сенім білдірілген өкіл) жүгінген кезде – жеке тұлғаның (сенім білдірушінің) нотариуспен куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);
2) осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
3) Қазақстан Республикасының аумағында жаттықтырушылық жұмысының жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасы, не төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
4) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан (өтініш берген кезде жаттықтырушы болып жұмыс істемеген жағдайда – Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінен немесе спорт түрі бойынша ұлттық аккредиттелген спорт федерациясынан) анықтама;
5) өзі жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі;
порталға:
спортшы үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
2) электрондық құжат нысанындағы, Қазақстан Республикасының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасы, не төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
электрондық құжат нысанындағы тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
электрондық құжат нысанындағы еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
электрондық құжат нысанындағы жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
электрондық құжат нысанындағы жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
3) электрондық құжат нысанындағы Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі;
жаттықтырушы үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
2) электрондық құжат нысанындағы Қазақстан Республикасының аумағында жаттықтырушылық жұмысының жиырма жыл еңбек өтілін растайтын еңбек кiтапшасы, не төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
электрондық құжат нысанындағы тоқтату күні мен оны тоқтатудың негізі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
электрондық құжат нысанындағы еңбек шартын жасасу және (немесе) тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және (немесе) тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірмелер;
электрондық құжат нысанындағы жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірмелер;
электрондық құжат нысанындағы жұмыс беруші қол қойған және мөрімен (ол болған кезде) растаған қызметтік тізім (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
3) электрондық құжат нысанындағы Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан (өтініш берген кезде жаттықтырушы болып жұмыс істемеген жағдайда – Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінен, немесе спорт түрі бойынша ұлттық аккредиттелген спорт федерациясынан) анықтама;
4) электрондық құжат нысанындағы өзі жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмені, еңбек қатынастарының болуын растайтын заңды фактіні анықтау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжатты, жүргізілген әлеуметтік аударымдар туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      ";

      "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге негізгі талаптар тізбесіне қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықты қолданысқа енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт
министрі
  2025 жылғы 1 шілдедегі
№ 116 бұйрығына
1-қосымша
"Спортшылар мен
жаттықтырушыларға өмір бойы
ай сайынғы материалдық
қамсыздандыруды төлеу"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
негізгі талаптар тізбесіне
қосымша
Нысан
  Кiмге ___________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің басшысының
лауазымы,
___________________________
тегi, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда) кiмнен
_________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының
___________________________
тегi, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда)
ЖСН ____________________
_________________________
(мекенжайы және телефон нөмірі)

Өтініш

      Сізден маған өмір бойы ай сайынғы материалдық қамтамасыз ету төлемдері тағайындау мәселесін
___________________________________________________________________________
өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
___________________________________________________________________________
      (жаттықтырушы үшін: дайындықпен спортшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);спортшы / жаттықтырушы үшін: спортшының жетістігі (спорт түрі бойынша бос емес орын), спорттық іс-шараның атауы (қала, ел, өткізілген жылы)
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
қарастыруыңызды сұраймын.
      Банк деректемелері:
Банктің атауы___________________________________
Банк шотының №________________________________
Шот түрі ағымдағы_______________________________
      "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалануға келісемін (өтініште еңбек қатынастарының болуын растайтын заңды фактіні анықтау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың нөмірі мен күнін көрсету (ол болған жағдайда)).
      Өтiнiшке мынадай құжаттарды қоса бермен:
1. ________________________________________
2. ________________________________________
3. ________________________________________
4. ________________________________________
5. ________________________________________
__________________________________________ ____________
(тегi, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
20____жылғы "_____" ____________
Өтiнiштiң түскен күнi 20____жылғы "_____"
_________________________________________________ __________
      (өтінішті қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты (қолы)
      (ол болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт
министрі
2025 жылғы 1 шілдедегі
№ 116 бұйрығына
2-қосымша
Спортшылар мен
жаттықтырушыларға өмір бойы
ай сайынғы материалдық
қамсыздандыруды төлеу"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
___________________________
(Көрсетілетін қызметті
алушының
____________________________
тегi аты, әкесінің аты, (ол болған
жағдайда)
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының № ___________ бөлімі ____________
      ________________________________________________________________________________
(заңды мекенжайы көрсетілсін)
      Сіздің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбағаныңызға байланысты "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен және (немесе) жоқ құжаттардың атауы:
      1)____________________________________________________________;
2)____________________________________________________________;
3)____________________________________________________________.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:
      ______________________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Орындаушы:___________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (қолы)
Байланыс телефонының нөмірі __________________________________
Алдым:__________________________________________ _____________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (қолы)
(ол болған жағдайда)
20__ жылғы "___"_________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады