БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15600 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидаларында:
1 және 2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-70) тармақшасына сәйкес әзірленді және авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) авиация персоналы – арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдары мен авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке адамдар;
2) авиация персоналының куәлігі – авиация персоналының біліктілігін және өкілеттіктерін растаушы құжат;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздігін тұрақты дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;
4) арнайы белгі – тілді меңгеру деңгейі туралы белгіні қоса алғанда, ерекше шарттар, құқықтар немесе шектеулер көрсетілетін куәлікте жасалған қосымша көрсетілетін куәлікте жасалған қосымша жазба және осы куәлікке қатысты ақпарат;
5) әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманды бағалаушы (бұдан әрі – бағалаушы) – тиісті біліктілігі бар, уәкілетті ұйым тағайындаған, авиация персоналының куәлігін беру, біліктілік және (немесе) арнайы белгілер енгізу мақсатында әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘК ТҚК) мамандарының тәжірибелік дағдыларына тексеру жүргізуге уәкілетті жеке тұлға;
6) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі – ӘҚҚК) маманы– арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар, авиация персоналының куәлігі бар жеке тұлға (ӘҚҚК диспетчері, ӘҚҚК диспетчер-нұсқаушысы, ӘҚҚК персоналы бойынша емтихан алушы);
7) біліктілік – тапсырманы белгіленген деңгейде орындау үшін талап етілетін білімнің, дағдылардың және орындалатын қызметтік міндеттерге қатынастың үйлесімі;
8) біліктілік белгісі – куәлікте жасалған немесе оның ажырамас бөлігі болып табылатын, оған қатысы бар жазба, онда ерекше жағдайлар, бұл куәлікке қатысты құқықтар немесе шектеулер көрсетіледі;
9) біліктілік емтиханы – авиация персоналының теориялық білімін бағалау және олардың біліктілік деңгейін анықтау немесе растау және дербес кәсіби қызметке жіберу мақсатында жүргізілетін тәжірибелік дағдыларын тексеру рәсімі;
10) біліктілікті тексеру (proficiency check) – ауызша емтиханды қоса алғанда, біліктілік белгілерін ұзарту үшін қажетті дағдыларды көрсету (көзделген жағдайда);
11) біліктілік комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) – қызметті уәкілетті ұйымның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам бекітетін, ережелерге сәйкес жүзеге асыратын, уәкілетті ұйымның тұрақты жұмыс істейтін мүшесі;
12) даярлаудың және бағалаудың құзыреттілік жүйесі – авиация персоналын даярлау және бағалау жүйесі, оған нәтижелерге бағдарлану, операцияларды орындау тиімділігінің стандарттарына және осы стандарттарды өлшеуге ерекше назар аудару, сондай-ақ белгіленген тиімділік стандарттары негізінде оқу курсын әзірлеу тән;
13) емтихан алушы – тиісті біліктілігі бар, уәкілетті ұйым тағайындаған және авиация персоналының куәлігін беру немесе ұзарту, біліктілік және (немесе) арнайы белгілерді енгізу және (немесе) ұзарту мақсатында авиация персоналының теориялық білімін бағалауды және тәжірибелік дағдыларын тексеруге уәкілетті жеке тұлға;
14) құзыреттілік – белгілі бір жұмыстың сәтті орындалуын сенімді болжау үшін қолданылатын адамның мүмкіндіктерін өлшеу. Құзыреттілік белгілі бір жағдайларда қызметті жүзеге асыруға немесе міндеттерді орындауға тиісті білімді, дағдыларды және көзқарастарды жұмылдыратын әрекеттер арқылы көрінеді және байқалады;
15) уәкілетті ұйымның емтихан алушысы – уәкілетті ұйым тағайындаған авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындайтын жеке тұлғалардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымның авиация инспекторы;
16) ұшу дағдыларын тексеру (skill test) – талап етілуі мүмкін ауызша емтихандарды қоса, куәлік немесе бағалауды алу үшін тәжірибелік ептіліктерді көрсету;
17) үміткер – біліктілік емтиханынан өтуге талап етуші жеке тұлға.
3. Авиация персоналының біліктілік деңгейі біліктілік емтиханын өткізу жолымен айқындалады.
4. Біліктілік емтиханын өткізудің міндетті шарты үміткердің авиация персоналы куәлігін беру немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту, біліктілік және (немесе) арнайы белгіні (оқыту, тағылымдама, тренажерлік даярлық, ұшу даярлығы) енгізу және (немесе) қолданылу мерзімін ұзарту үшін біліктілік талаптарында көзделген барлық алдыңғы рәсімдерді толық аяқтауы болып табылады.
5. Үміткердің теориялық білімдерін бағалау және тәжірибелік дағдыларын тексеру:
1) Заңға;
2) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасының талаптарына сәйкестігіне тексеріледі.
6. Осы Қағидалардың талаптарын бақылау және сақтау мақсатында ATPL пәндері бойынша емтихандарды және ӘК ТҚК бойынша мамандарды модульдік даярлау бойынша емтихандарды қабылдау кезінде уәкілетті ұйымның өкілі қатысады.
7. Осы Қағидалардың 7-тарауына сәйкес, авиация персоналының біліктілік деңгейін уәкілетті ұйым тағайындайтын емтихан алушы (бағалаушы) айқындайды.
8. Коммерциялық әуе тасымалдарына қатыспайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның авиация персоналының біліктілік деңгейін әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдардың тұрақты қолданыстағы білікті комиссияларымен осы Қағидаларға сәйкес өткізіледі.
Әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдардың біліктілік комиссиялары өз қызметін, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес коммерциялық емес ұйымның біліктілік комиссиясы туралы басшылыққа сәйкес жүзеге асырады.
9. Біліктілік емтиханының оң нәтижесі авиация персоналы куәлігінің қолданылу мерзімін беру немесе ұзарту, сондай-ақ біліктілік және (немесе) арнайы белгінің қолданылу мерзімін енгізу және (немесе) ұзарту үшін негіз болып табылады.
10. Емтихан алушы (бағалаушы) өз қызметін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті ұйым әзірлеген және бекіткен емтихан алушыларға (бағалаушыларға) арналған басшылыққа сәйкес жүзеге асырады.
11. Біліктілік емтихан өткізгенге дейін емтихан алушы (бағалаушы):
1) қажетті техникалық құралдар және жұмыс орындарының дайындығын тексереді;
2) қажетті тест тапсырмаларының, бақылау парақтарының болуын тексереді;
3) үміткерді қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықпен таныстырады;
4) үміткерге біліктілік емтиханын тек емтихан алушының (бағалаушының) нұсқауы бойынша бастауға болатындығын ескертеді;
5) үміткерге біліктілік емтиханын өткізу тәртібі туралы нұсқама жүргізеді.
12. Үміткердің біліктілік емтиханын өткізу тәртібі туралы нұсқамасы мынадай ақпарат қамтиды:
1) үміткерге аудио-бейне жазба жүргізіліп жатқандығын ескертуі;
2) біліктілік емтиханында өткізілетін пәндердің (модульдердің) саны мен атауы;
3) тапсырмадағы тест сұрақтарының саны;
4) біліктілік емтиханын тапсыруға бөлінген уақыт;
5) біліктілік емтиханынан сәтті өтудің шекті деңгей;
6) біліктілік емтиханын сәтсіз тапсырған жағдайда қайта тапсыру тәртібі, сондай-ақ осы Қағидалардың 20-тармағының талаптары бұзылған жағдайда;
7) біліктілік емтиханының нәтижесімен келіспеген жағдайда апелляциялық өтініш беру тәртібі.
13. Емтихан алушы үміткерлердің біліктілік емтиханын өткізу рәсіміне қатысты сұрақтарына жауап береді. Нұсқаулық уақыты біліктілік емтиханын орындау уақытына кірмейді.
14. Біліктілік емтиханына қатысты электрондық және қағаз тасымалдаушыларындағы жазбалар 5 (бес) жыл сақталады.
Біліктілік емтиханын өткізудің бейнежазбасы кемінде 7 (жеті) жұмыс күні сақталады.
15. Емтихан алушы (бағалаушы) үміткерге өткен шақта нұсқаушы болған жағдайда, біліктілік емтиханын өткізбейді.
16. Емтихан алушы немесе бағалаушы авиация персоналының куәлігін беру немесе ұзарту, олар иеленушілері болып табылатын біліктілік және (немесе) арнайы белгілерді енгізу және (немесе) ұзарту мақсатында үміткерге қатысты біліктілік емтиханын өткізеді.
17. Авиация персоналының куәлігін беру мақсатында, теориялық білімді сынақтауды уәкілетті ұйым немесе тағайындалған емтихан алушының уәкілетті ұйымның келісу бойынша жүзеге асырады.
18. Теориялық білімді немесе тәжірибелік дағдыларды еңсерілмейтін күштің (табиғи құбылыстар, әскери әрекеттер және т.б.) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен бағалауды жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда, теориялық білімді бағалау және тәжірибелік дағдыларды тексеру тоқтатылады.
Бұл жағдайда, емтихан алушы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалауды тоқтату туралы актіні ресімдейді, ал біліктілік емтиханы осы күн ішінде басқа уақытта немесе біліктілік емтихандарын өткізу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.
19. Сынақтау өткізетін орын-жай үміткердің, емтихан алушының кадрында және тестілеу жүргізілетін жабдықтың мониторын қамтитын теориялық білімді бағалау процесінің аудио-бейнежазбасын тіркеу аппаратурасымен жарақтандырылады.
20. Теориялық білімді бағалау кезінде үміткер басқа үміткерлермен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, ақпаратты қағаз, электрондық және өзге де тасымалдағыштарда пайдалануға, сынақ бөлмесінен шықпайды, алушы-таратушы электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтарды) пайдаланбайды. Мұндай құрылғылар теориялық білімді бағалау кезінде өшірілуі керек.
21. Үміткер осы Қағидалардың 20-тармағының талаптарын бұзған жағдайда, емтихан алушы мұндай үміткердің теориялық білімін бағалау процесін тоқтатады және бағалау нәтижелерін жояды.
22. Емтихан алушы бұзушылық анықталған күні, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау Қағидаларын бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзушылық туралы акт) жасайды.
23. Бұзушылық туралы акт жасалған үміткерлер теориялық білімдерін бұзушылық жасалған күннен бастап 12 (он екі) айдан ерте емес қайта бағалаудан өтеді.
24. Бөлінген уақыттан кейін теориялық білімді бағалау автоматты түрде аяқталады.
25. Дұрыс жауаптарды есептеу компьютерлік тестілеу бағдарламасы арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.
26. Тест тапсырмаларын әзірлеуді және оларды жыл сайын жаңартуды, емтихан алушы уәкілетті ұйымның келісімі бойынша жүзеге асырады.
27. Теориялық білімді бағалаудан өту үшін шекті деңгей кемінде 75% -ды құрайды.
28. Теориялық білімді бағалау үміткердің біліктілігіне байланысты тест тапсырмаларының мазмұны бойынша әр түрлі болады.
29. Теориялық білімді бағалау нәтижелері бойынша келесі шешімдердің бірі қабылданады:
1) сынақтан өтті;
2) сынақтан өтпеді.
30. Осы Қағидалардың 27-тармағында белгіленген шекті деңгейден төмен теориялық білімді бағалау нәтижелерін алған үміткерлер бағалаудан өткен күннен бастап (10) он жұмыс күні өткеннен кейін теориялық білімді қайта бағалауға жіберіледі.
Теориялық білімді бағалаудан өтуге тапсыру әрекеттерінің саны 3 (үш) реттен аспайды.
31. 3 (үш) әрекеттен теориялық білімін бағалаудан өтпеген үміткерлер бағалауды қайта өту алдында авиациялық оқу орталығында (бұдан әрі – АОО) оқытудан өтеді.
32. Теориялық білімді бағалаудан сәтті өткен үміткерлер тәжірибелік дағдыларын тексеруге жіберіледі.
33. Теориялық білімді бағалау нәтижелері үміткерлерге бағалау аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
34. Теориялық білімді бағалау нәтижесі алынған бағалар туралы жалпы ақпаратты, сұрақтарға дұрыс емес жауаптар негізінде білімдегі олқылықтар туралы қорытындыны қамтиды.
35. Тәжірибелік дағдыларды тексеру кезеңінен өтпеген жағдайда үміткер осы тексеруден қайта өтуге жіберіледі, бұл ретте теориялық білімді қайта бағалаудан өту талап етілмейді.
36. Үш талпыныстан практикалық дағдыларды тексеруден өтпеген үміткерлер АОО - да дайындықтан өтеді.
37. Аэронавигациялық қызмет көрсету жеткізуші, ӘҚҚК емтихан алушыларын интернет желісі, жабдықтары, сейфі және жиһазы бар қажетті үй-жаймен қамтамасыз етеді.
2-тарау. ӘҚҚК маманының біліктілік деңгейін айқындау тәртібі
1-параграф. ӘҚҚК мамандарының теориялық білімдерін бағалау
38. Теориялық білімді бағалауға арналған компьютерлік бағдарламаны уәкілетті ұйымның біліктілік комиссиясы бекітеді.
39. ӘҚҚ диспетчерінің куәлігін алу үшін біліктілік емтиханы біліктілік белгісін енгізуге бағытталған емтиханмен ұштастыруға мүмкіндік береді және екі және одан да көп жекелеген біліктілік емтихандарын міндетті түрде өткізуді талап етпейді.
40. ӘҚҚК персоналы бойынша емтихан алушы өз қызметін ӘҚҚК мамандарының біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүзеге асырады:
1) ӘҚҚК диспетчерінің куәлігін беру;
2) біліктілік және (немесе) арнайы белгі енгізу;
3) біліктілік және (немесе) арнайы белгінің қолданылу мерзімін ұзарту.
41. Уәкілетті ұйым тағайындаған емтихан алушы ӘҚҚК мамандарының теориялық білімдерін бағалауды компьютерлерде автоматтандырылған тәсілмен жүзеге асырады.
42. Теориялық білімдерін сынақтаудан өткізу үшін үміткерлер емтихан алушыға келесілерді ұсынады:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік емтихандарын өткізуге өтініш;
2) арнайы және кәсіби дайындық құжаттарының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары);
3) жеке басын куәландыратын құжат.
43. Емтихан алушы үміткердің жаттығу дайындығынан толық өткеніне көз жеткізеді, ал жаттығу тапсырмаларына диспетчерлік жаттығу орталығының нұсқаушысы қол қояды.
44. Құжаттардың толық пакетін және үміткердің белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін емтихан алушы біліктілік емтиханын өткізеді.
Ұсынылған құжаттар толық болмаған және үміткер белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда емтихан алушы біліктілік емтиханын өткізбейді.
45. Біліктілік емтиханының нәтижелері бойынша емтихан алушы толтырады:
1) ӘҚҚК диспетчерінің, диспетчер-нұсқаушының және ӘҚҚК емтихан алушы біліктілік емтиханын өткізу хаттамаларын;
2) авиация станциясы операторының біліктілік емтиханын өткізу хаттамасын.
46. Теориялық білімді бағалау нәтижесі 3 (үш) ай ішінде жарамды.
2-параграф. ӘҚҚК мамандарының тәжірибелік дағдыларды тексеру
47. Тәжірибелік дағдыларды тексеруден өту үшін үміткер ӘҚҚК персоналы бойынша емтихан алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.
48. Куәлікті беру, біліктілік белгілерін алу немесе ұзарту мақсатында практикалық дағдыларды тексеру кезінде тексеру ӘҚҚК қызметі маманының жұмыс орнында, ал ұшу қарқындылығы төмен болған жағдайда (жұмыс орнының өткізу қабілеттілігінің 20%-дан аз) диспетчерлік тренажерде жүргізіледі.
49. ӘҚҚК диспетчерлерінің біліктілік белгілерін енгізу немесе ұзарту үшін тәжірибелік дағдыларды тексеру мынадай негізгі критерийлер бойынша жүргізіледі:
1) жұмыс технологиясына және лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес функцияларды орындау;
2) радио алмасу фразеологиясы қағидаларын сақтау;
3) бақылау мен жоспарлауды жүзеге асыру, қалыптасқан ауа жағдайындағы іс-қимылдардың дұрыстығы мен уақтылығы;
4) келіп түскен ақпаратты талдау және өңдеу;
5) радиотехникалық құралдарды, жұмыс орнының жабдықтарын және авиация электр байланысын пайдалану;
6) ұшуды қамтамасыз ететін және бақылайтын аралас диспетчерлік пункттермен, қызметтермен және органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықтарды сақтау;
7) ӘҚҚК-ның радиолокациялық бақылаусыз қамтамасыз ету қабілеті ("procedural" біліктілік белгісін енгізу немесе ұзарту кезінде).
50. ӘҚҚК нұсқаушысының арнайы белгісін енгізу немесе ұзарту үшін тәжірибелік дағдыларды тексеру мынадай технологиялық операциялар бойынша жүзеге асырылады:
1) өткізу, жоспарлау және тәлімгердің алдын ала даярлауды ұйымдастыру;
2) тәлімгердің тәжірибелік даярлыққа дайындығын айқындау;
3) диспетчерлік пунктте тәжірибелік тағылымдаманы және диспетчерлік тренажерде жаттығуларды ұйымдастыру, жоспарлау және өткізу;
4) белгіленген құжаттаманы жүргізу.
51. ӘҚҚК персоналы бойынша емтихан алушының өкілеттігін тағайындау немесе ұзарту үшін тәжірибелік дағдыларды тексеру мынадай технологиялық операциялар бойынша жүзеге асырылады:
1) біліктілік белгісінің тиісті санатты емтиханды өткізуді ұйымдастыру және дайындау;
2) нұсқаулық жүргізу және үміткердің тапсырмаларды орындауға дайындығын айқындау;
3) емтиханды өткізу және үміткердің бағасының жан-жақтылығы;
4) белгіленген құжаттаманы жүргізу.
52. Бірнеше біліктілік белгілердің болуын талап ететін диспетчерлік пункттерді қоспағанда, екі және одан да көп біліктілік белгілерін бір мезгілде енгізуге жол берілмейді.
53. Тәжірибелік дағдыларды тексеру нәтижесі 2 (екі) жыл бойы жарамды.";
61-тармақ алып тасталсын;
103 және 104-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"103. Ұшу экипаждары бойынша емтихан алушы болып тағайындау үшін жеке тұлға уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) уәкілетті ұйым басшысының атына ұшу экипажынан емтихан алушы тағайындауын талап ететін еркін нысандағы өтініші;
2) осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшу экипажының мүшелері үшін ұсыныс;
3) жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесі;
4) ұшу экипажы мүшесінің куәлігінің және қосымша парағының көшірмесі;
5) тиісті біліктілігі бар емтихан алушыға қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын қолданыстағы сертификаттың көшірмесі;
6) нұсқаушыға қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын қолданыстағы сертификаттың көшірмесі;
7) емтихан алушының біліктілігіне сәйкес, ұшу нұсқаушысының ұшу сағаттарын растайтын құжаттың көшірмесі;
8) құзыреттіліктік бағалау парағының (Flight crew Examiner Assessment of Competence) және емтихан алушының құзыреттілікті бағалаудан өту кезінде толтырылған ұшуды тексеру актісінің көшірмесі (License Proficiency Check).
104. Ұшу экипаждары бойынша емтихан алушы емтихан алушының өкілеттігін ұзарту үшін уәкілетті ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) ұшу экипажынан емтихан алушының өкілеттігін ұзартуын талап ететін, уәкілетті ұйым басшысының атына еркін нысандағы өтініші;
2) жеке куәліктің (паспорттың) көшірмесі;
3) ұшу экипажы мүшесінің куәлігінің және қосымша парағының көшірмесі;
4) ұшу экипажынан емтихан алушының кәсіби деңгейін қолдау курстарынан өткенін растайтын қолданыстағы сертификаттың көшірмесі;
5) тағайындау мерзімі ішінде басқа емтихан алушының бақылауымен бір біліктілік тексерісінің жүргізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі (бұл тексеру кешенді тренажерде жүргізілуі мүмкін);
6) емтихан алушының өкілеттігін орындаудың кезеңінде жылына кемінде екі біліктілік емтиханын өткізуді растайтын құжаттардың көшірмесі;
7) емтихан алушының біліктілігіне сәйкес, ұшу нұсқаушысы ретінде ұшу сағаттарын растайтын құжаттың көшірмесі.
8) құзыреттіліктік бағалау парағының (Flight crew Examiner Assessment of Competence) және емтихан алушының құзыреттілікті бағалаудан өту кезінде толтырылған ұшуды тексеру актісінің көшірмесі (License Proficiency Check).";
125-тармақ алып тасталсын;
126-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"126. Біліктілік емтиханын өткізу үшін маман болмаған кезде уәкілетті ұйым мынадай жағдайларда оны өткізу үшін критерийлер бойынша ұқсас біліктілігі бар емтихан алушы немесе бағалаушы тағайындайды:
1) әуе кеменің жаңа түрін игеру;
2) шектелмеген саны бар және қазіргі уақытта өндірілмейтін әуе кемелерінің түрлерін пайдалану;
3) ерекше өндірілген әуе кемесін пайдалану;
4) әуе қозғалысымен басқарудың немесе диспетчерлік пунктің жаңа секторын енгізу.";
6 және 7-қосымшалар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
С. Аблалиев |