"Шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 693 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 шiлдеде № 36365 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 3 қыркүйектегі № 693 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №19355 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген шағын индустриялық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеу қағидаларында:

      27-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін.

      Бұл ретте өтініш берушілермен 2025 жылға дейін жасалған қарыз шарттары бойынша қаржыландыру мерзімі – 15 жылға дейін;";

      28-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қаржыландыру мерзімі – 10 жылға дейін.

      Бұл ретте өтініш берушілермен 2025 жылға дейін жасалған қарыз шарттары бойынша қаржыландыру мерзімі – 15 жылға дейін;";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Шағын өнеркәсіптік аймақты жалдау ақысының құнын комиссия 28-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шарттық міндеттемелер мерзіміне айқындайды, ол кредитор алдындағы шығыстарды жабу және шағын өнеркәсіптік аймаққа қызмет көрсету үшін жеткілікті болуға тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады