"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 623 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 26 маусымдағы № 472 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 маусымда № 36355 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 623 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21222 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары әскери-дәрігерлік комиссияларының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының Үлгі біліктілік сипаттамаларында:

      1-тарауда:

      1-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Орталық әскери-дәрiгерлiк комиссиясының төрағасы – Басқарма бастығының орынбасары – дәрiгер

      1. Лауазымдық міндеттері:

      Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссияларының (бұдан әрі - ІІО ӘДК) қызметіне басшылық жасайды;

      ІІО ӘДК қызметінде заңдылықты сақтай отырып, тиісті контингентке әскери-дәрігерлік сараптама жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етуді және бақылауды жүзеге асырады;

      ІІМ номенклатурасына кіретін лауазымдарды атқаратын жоғары басшы құрамдағы адамдардың ауруы туралы куәліктерін қарайды және бекітеді;

      Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының және Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің бұрынғы қызметкерлерінің әскери қызметке жарамдылық санаты туралы ІІО ӘДК қорытындыларын көрсетілген кезеңнің медициналық сараптамалық құжаттамасы бойынша оларды босату кезеңіне қайта қарауды жүзеге асырады;

      құқық қорғау органдарының оқу орындарына түсетін кандидаттарды түпкілікті куәландыру кезінде практикалық көмек көрсету және ұйымдастыру үшін бақылауды жүзеге асырады;

      ІІО ӘДК қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды және маманданудан өтуін қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін бақылауды жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша, оларды практикалық қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды, түсіндірмелер мен ұсынымдарды, есепке алу және есеп беру тәртібі бойынша ІІМ-нің ведомстволық нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;

      басқа да нормативтік актілерге әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, медициналық куәландыру жүргізуді дамыту мен ұйымдастыруды жетілдіру, жұмыстың жаңа ұйымдастырушық нысандары мен әдістерін енгізу және қолданыстағылардың тиімділігін арттыру бойынша әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша өтініштерді қарайды және азаматтарды қабылдауды, осы жұмыстың нәтижелерін талдауды және қорытуды жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасы ІІМ Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының жұмысын жоспарлауды жүргізеді;

      ІІО ӘДК-да медициналық куәландыру нәтижелерін қорытуды және талдауды, жылдық есептің жасалуын бақылауды жүзеге асырады;

      әскери-дәрігерлік сараптама және психологиялық іріктеу мәселелері бойынша кеңестерге, ғылыми-практикалық конференцияларға, жиындарға материалдар дайындайды және қарайды;

      ІІО ӘДК мамандарының ішкі істер органдарының басқа да бөліністерінің және мемлекеттік органдардың мамандарымен әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді;

      мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен сотта ІІО ӘДК мүддесін қорғайды;

      ішкі еңбек тәртібі талаптарын және еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық принципін сақтайды және мамандардың сақтауын қамтамасыз етеді;

      қызметкерлердің еңбек уәждемесін, ықпалын және белсенділігін дамытуға, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераның қалыптасуына, адам өміріне және денсаулығына қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға мүмкіндік етеді;

      Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын, мүліктің сақталуын және аспаптардың, жабдықтар мен механизмдердің техникалық тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      ІІМ басшылығының заңнамада көзделген өзге де тапсырмаларын орындайды.

      2. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексін (бұдан әрі – "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексі);

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін (бұдан әрі - Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі);

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң);

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заң);

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі - "Құқықтық актілер туралы" Заң);

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді;

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен басқару жүйесінің теориялық негіздерін, статистикасын;

      қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      3. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      денсаулық сақтау саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің (қоғамдық денсаулық сақтау; жалпы медицина; медициналық-профилактикалық іс; денсаулық сақтау менеджменті; емдеу ісі; жалпы дәрігерлік практика; отбасылық медицина; терапия; ересектер, балалар кардиологиясы; ересектердің, балалардың ревматологиясы; ересектердің, балалардың гастроэнтерологиясы; ересектердің, балалардың гематологиясы; ересектер, балалар онкологиясы; ересектердің, балалардың пульмонологиясы; ересектер, балалар эндокринологиясы; ересектердің, балалардың нефрологиясы; ересектердің, балалардың жұқпалы аурулары; ересектердің, балалардың невропатологиясы (неврологиясы); ересек, балалар психиатриясы; педиатрия; ересектердің, балалардың анестезиологиясы және реаниматологиясы; ересектердің, балалардың шұғыл медицинасы; жалпы хирургия; балалар хирургиясы; ересектер, балалар кардиохирургиясы; ересектердің, балалардың ангиохирургиясы; ересектердің, балалардың нейрохирургиясы; ересектердің, балалардың травматология-ортопедиясы; ересектердің, балалардың урологиясы мен андрологиясы; ересектердің, балалардың офтальмологиясы; ересектердің, балалардың оториноларингологиясы; төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы; стоматология);

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру туралы өзекті куәліктің не маманның өзекті сертификатының және негізгі клиникалық мамандықтардың бірі (терапия, хирургия, неврология, психиатрия, офтальмология, оториноларингология) бойынша біліктілікті арттыру туралы өзекті куәліктің болуы;

      денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық немесе сараптамалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.";

      мынадай мазмұндағы 2 параграфпен толықтырылсын:

      "2-параграф. Бөлім бастығы-дәрігер-облыстық, республикалық маңызы бар қаланың Полиция департаменті әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы

      3-1. Лауазымдық міндеттері:

      облыстық, республикалық маңызы бар қаланың Полиция департаменті әскери-дәрігерлік комиссиясының (бұдан әрі – ӘДК) қызметіне басшылық жасайды, саясатын, стратегиясын және қызметін жүзеге асыру тетігін анықтайды, ӘДК заңдылықтың сақталуын, әскери-дәрігерлік сараптама өткізудің толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етеді;

      ӘДК мамандарының барлығына міндетті өкімдер шығарады, қабылданатын шешімдерге жауап береді;

      құқық қорғау органдарындағы медициналық куәландыру тиімділігін, ұйымдастыру және өткізу сапасын жоғарылатуға бағытталған жаңа ұйымдастыру формаларын енгізуді және қолданыстағы жұмыс әдістерін жетілдіруді, олардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

      ӘДК мамандарының өзара іс-қимылдарының тиімділігін қамтамасыз етеді, олардың іс-әрекеттерін құқық қорғау органдарында медициналық куәландыру өткізуді ұйымдастыруды және дамытуды жетілдіруге бағыттайды;

      қызметке қабылданатын, оқу орындарына түсетін азаматтарды, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық куәландыруды ұйымдастыруды және оны алқалы өткізуді қамтамасыз етеді;

      құқық қорғау органдарының қызметкерлері зақымдарының (жаралануының, контузиясының, жарақаттануының), ауруларының себепті байланысын анықтайды;

      ӘДК қызметін талдауды іске асырады және оның жұмыс көрсеткіштерін бағалау негізінде бөліністің жұмыс нысандарын және әдістерін жақсарту бойынша қажетті іс-шаралар қабылдайды, есептерді дер кезінде ұсынуды қамтамасыз етеді;

      ішкі істер органдарының басқа да қызметтерінің, бөліністерінің және басқа да мемлекеттік органдардың мамандарымен әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады;

      мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ӘДК мүддесін қорғайды;

      медициналық құжаттаманы, есепке алу-есеп беру құжаттамасын уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама, есепке алу және есеп беру мәселелері бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      ӘДК-ны білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіптік білімі мен тәжірибесін тиімді пайдалану, мамандардың біліктілігін жоғарылату, олардың кәсіптік білімін дамыту бойынша іс-шаралар қабылдайды;

      ішкі еңбек тәртібі талаптарын және еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық принципін сақтайды және мамандардың сақтауын қамтамасыз етеді;

      қызметкерлердің еңбек уәждемесін, ықпалын және белсенділігін дамытуға, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераның қалыптасуына, адам өміріне және денсаулығына қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға мүмкіндік береді;

      Қазақстан Республикасының қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитариялық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын, мүліктің сақталуын және приборлардың, жабдықтардың және механизмдердің техникалық тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;

      3-2. Қазақстан Республикасының Конституциясын;

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексін;

      Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін;

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңын;

      "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын;

      "Құқықтық актілер туралы" Заңын;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелеріне қатысты құқықтық актілерді;

      денсаулық сақтауды ұйымдастыру және басқару жүйесінің теориялық негіздерін;

      қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесінің негіздерін;

      қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды білуге тиіс.

      3-3. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) медициналық білім ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Жалпы медицина", "Медициналық-профилактикалық іс", "Емдеу ісі", "Педиатрия" мамандықтары бойынша), магистр/ғылыми дәрежесі/ PhD докторы және (немесе) денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша бірінші біліктілік санатынан кем емес ("Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті") немесе клиникалық мамандықтар (терапия, хирургия, неврология, психиатрия, отоларингология, офтальмология) дәрежесінің болуы;

      денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық немесе сараптамалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Лауазымдық міндеттері:

      куәландырылатын адамдарға комиссиядан өту бағдарын түсіндіреді, тексеру түрлеріне жолдама мен бланктер береді;

      медициналық куәландыру құжатының төлқұжат бөлігінің дұрыс толтырылуын тексереді;

      қорытынды отырыстар өткізу кезеңінде әскери-дәрігерлік комиссияның шешімдерін тіркейді;

      ӘДК қорытындыларын электрондық картотекалық есебін жүргізеді;

      тіркеу, есепке алу, әзірлеу, сақтау және тиісті құрылымдық бөліністерге анықтамалар беру бойынша жұмысты жүзеге асырады;

      сақтауға берілетін құжаттарды және мұрағат материалдардың сақталуын және істерді қалыптастыруды, істерді дер кезінде мұрағатқа тапсыруды ресімдеуге жауап береді;

      қызметтік құжаттарды басып шығаруды және көбейтуді қамтамасыз етеді;

      ай сайын ұйымның медициналық статистигіне есеп береді, ӘДК жұмысының қорытындысы бойынша жылдық есепті жасауға арналған есепке алу-медициналық құжаттаманы дайындайды;

      басшылық шақыратын кеңестерге техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;

      ӘДК құжаттары бланкілерінің болуын тексереді және оларға тапсырыс беру үшін өтінімдер дайындайды;

      медициналық құжаттарды уақтылы және сапалы ресімдеуді қамтамасыз етеді, есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді;

      куәландырылатын адамдардың бойын, дене салмағын кейіннен медициналық куәландыру актісіне жаза отырып, антропометриялық өлшеулер жүргізеді;

      бөліністі қажетті диагностикалық дәрілік заттармен, медицинаға арналған бұйымдармен, медициналық техникамен, қамтамасыз етуді ұйымдастырады, олардың дұрыс сақталуын, есепке алуды және есептен шығаруды қамтамасыз етеді, бөліністің медициналық мүлкінің және құрал-саймандарының сақталуына, олардың уақтылы жөндеуден өткізілуіне бақылау жасайды;

      бөлініс мамандарының арасындағы гигиеналық оқытып-үйрету, санитариялық-ағарту және салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарына, олардың індетке қарсы іс-шараларды, асептика және антисептиканы сақтауына бақылау жүргізеді;

      ағымдағы санитарлық қадағалауды іске асырады, індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастырады және үй-жайлардың санитариялық-гигиеналық жағдайына бақылау жүргізеді;

      медициналық құрал-саймандарды дер кезінде санитарлық өңдеуден және зарарсыздандырудан өткізеді;

      кезек күттірмейтін жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді;

      әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша ведомстволық құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, түсініктемелерді және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

      ӘДК басшылығының қарауына ұйымдастыру және еңбек жағдайларын жетілдіру, жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;

      ішкі еңбек тәртібінің талаптарын және еңбек тәртібін, кәсіптік этиканы, деонтологияны, медицина қызметкерінің құпиясын, этика нормаларын, субординация және дара басшылық қағидатын сақтайды;

      Қазақстан Республикасының техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық режимі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына, сеніп тапсырылған мүліктің сақталуын және приборлардың, жабдықтардың және механизмдердің техникалық тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді.";

      3-тараудың 1-параграфы алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының басқармасы (М.Ш.Ниязов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады