"Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 23 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 маусымда № 36352 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларын және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидаларында және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату қағидалары және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес әзірленді және банктерді таратуды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін және қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) банк кредиторы – таратылатын банкке оның азаматтық-құқықтық және басқа да міндеттемелерінен туындайтын мүліктік талаптары бар тұлға;

      2) бастапқы баға – әрбір лот бойынша сауда-саттық басталатын, "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалаушы айқындаған лот (мүлік) құнынан төмен емес болып белгіленетін баға";

      3) бас офис – тарату комиссиясының төрағасы ұйымдастыру-басқару және Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын офис;

      4) ең төменгі баға – бұдан төмен бағамен лот сатылуы мүмкін емес баға;

      5) кепілдік беру жөніндегі ұйым – екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын арнайы құрылған коммерциялық емес ұйым;

      6) кредиторлар комитеті – кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында таратылатын банктің кредиторларынан құрылатын орган;

      7) кредиторлар санаты – біртекті сипаттағы талаптары бар және Банктер туралы заңның 74-2-бабында көзделген белгілі бір кезектілік шеңберінде қанағаттандырылатын кредиторлар тобы;

      8) кредиторлар талаптарының тізілімі – уәкілетті орган бекіткен, белгіленген мерзімде мәлімделген және тарату комиссиясы таныған кредиторлардың талаптарын, сондай-ақ кепілдік беру жөніндегі ұйымның талаптарын көрсететін құжат;

      9) күтпеген шығыстар – тарату комиссиясының мөлшері бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, кезек күттірмейтін мұқтаждарға арналған жоспарланбаған шығындары;

      10) қатысушы банк – Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болған таратылатын;

      11) құндылықтар – Қазақстан Республикасының бағалы металдары, валюталық құндылықтары, банкноттары мен монеталары, бағалы қағаздар, қатаң есептегі бланкілер және бағалы заттар;

      12) лот – бірлікті сату үшін бөлінбейтін (бөлінетін) болып ажыратылған аукционға қойылатын мүлік;

      13) мерзімді баспасөз басылымы – тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде 3 (үш) айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, оларға қосымшалар;

      14) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген лоттың бағасы, ал мүлікті сауда-саттықты өткізбей сатқан жағдайда – кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы) бекіткен мүліктің бағасы;

      15) сату объектісі – жеке (дербес) бірлік ретінде сауда-саттыққа қойылатын таратылатын банктің мүлкі немесе бірнеше бірліктен бір лотқа шоғырланған өзге мүлік;

      16) сатушы – таратылатын банктің тарату комиссиясы;

      17) сатып алушы – сатушымен сатып алу-сату шартын жасаған сауда-саттық жеңімпазы;

      18) сауда-саттық жеңімпазы – сауда-саттықтағы лотқа барынша жоғары баға ұсынған қатысушы;

      19) сауда-саттықты ұйымдастырушы – таратылатын банктің тарату комиссиясы немесе тарату комиссиясымен сауда-саттық жүргізу жөніндегі қызмет көрсету туралы шарт жасаған және оның нәтижелеріне мүдделі емес заңды не жеке тұлға;

      20) сауда-саттық қатысушысы – сауда-саттыққа қатысу туралы өтінішті сауда-саттық ұйымдастырушысы белгілеген тәртіппен берген және оның қатысушысы ретінде сауда-саттық ұйымдастырушысы тіркеген жеке немесе заңды тұлға;

      21) сауда-саттықтың ағылшын әдісі – лоттың бастама бағасы лотқа ең жоғары баға ұсынған қатысушылардың біреуі қалған кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен көтерілетін сауда-саттық әдісі;

      22) сауда-саттықтың голланд әдісі – лоттың бастама бағасы қатысушылардың біреуі мәлімделген баға бойынша лот сатып алуға келіскен кезге дейін алдын ала мәлімделген қадаммен төмендейтін сауда-саттық әдісі;

      23) тарату комиссиясы – банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган тағайындайтын (босататын), тарату рәсімі барысында банктің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктерді тарату комиссия төрағасының тікелей басшылығымен жүзеге асыратын орган;

      24) тарату комиссиясының шығыстары – банкті мәжбүрлеп тарату процесінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді тұтынуға байланысты шығындар (бұдан әрі – тарату шығыстары);

      25) тарату, конкурстық масса – таратылатын банктің банк ісін аяқтауға және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз етуге арналған активтері;

      26) тарату массасының мақсатсыз жұмсалуы – уәкілетті органмен келісілген немесе кредиторлар комитеті бекіткен тарату шығыстары сметасында көзделмеген шығындарды жүзеге асыру;

      27) тарату шығыстарының сметасы – кредиторлар комитеті немесе тарату комиссиясының төрағасы уәкiлеттi органмен келісе отырып бекітетін, тарату комиссиясының белгiлi бір уақыт кезеңіне болжап отырған шығындарды көрсететін құжат;

      28) тарату өндірісі – банк ісін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын банктің заңды тұлға ретіндегі қызметін тоқтату рәсімі;

      29) таратылатын банк – сот шешімінің заң күшіне енуіне байланысты мәжбүрлеп тарату процесіндегі банк;

      30) таратылатын банктің борыштық міндеттемесі – олардың пайдасына орындау мерзімі басталған банк кепілдігі берілген кредиторлар алдындағы таратылатын банктің міндеттемесі;

      31) таратылатын банктің мүлкі – құнды бағасы бар және тарату, конкурстық массаға енген мүліктік игіліктер мен құқықтар жиынтығы ;

      32) уақытша әкімшілік (уақытша басқарушы) – банк мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету және банкті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айырған күннен бастап тарату комиссиясын тағайындағанға дейінгі кезеңге уәкілетті орган тағайындайтын орган (тұлға);

      33) электрондық аукцион – мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталының электрондық сауда алаңын пайдалану арқылы мүлік сатылатын аукцион түріндегі электрондық сауда-саттық тәсілі;

      34) электрондық аукциондарды ұйымдастырушы – тарату комиссиясымен жасалған электрондық сауда-саттықты жүргізу жөніндегі электрондық қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Банктің банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиясының түпнұсқасы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 35-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органға қайтарылуға тиіс.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Тағайындалған күннен бастап тарату комиссиясы мынадай іс-шараларды өткізеді:

      1) бірінші жұмыс күні ішінде:

      банктің басшылығын және (немесе) банктің уақытша әкiмшiлiгін (уақытша басқарушысын) тарату комиссиясына банкте тарату ісін жүргізу міндеттерін жүктеуді растайтын құжатпен қол қойғыза отырып таныстырады;

      қабылдау-өткізу актілерін жасай отырып, банктің басшылығынан не банктің уақытша әкімшілігінен (уақытша басқарушысынан) банктің мөртабандарын, мөрлерін, электрондық ақпарат тасымалдағыштарын, бағдарламалық қамтылымын, бланкілері мен құрылтай құжаттарын талап етеді;

      банктің қассасына түгендеу жүргізеді;

      2) 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің қабылданғаны немесе уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банк және өзге де операцияларды жүргізуге берген лицензиядан айыру туралы шешімінің қабылданғаны туралы және уәкілетті органның тарату комиссиясын тағайындағаны туралы, сондай-ақ Банктер туралы заңның 74-5-бабы 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату жөнінде соттың қабылдаған шешімі туралы хабарландыруды көрінетін жерге, сондай-ақ банктің интернет-ресурсына орналастырады;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және (немесе) таратылатын банктің банк шоттары бар екінші деңгейдегі банктерге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына (бұдан әрі – № 207 қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қол қою үлгілері бар құжатты ұсынады;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік кірістер органдарын банкті мәжбүрлеп тарату туралы хабардар етеді;

      мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын органдарды, "Қазақстан қор биржасы" (бұдан әрі – қор биржасы), "KASE клирингтік орталығы", "Бағалы қағаздардың орталық депозитарий" (бұдан әрі – орталық депозитарий) акционерлік қоғамдарын және кредиттік бюроларды банкті мәжбүрлеп тарату туралы, банктің тарату комиссиясын тағайындау және оған банктің істерін аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктердің ауысуы жөнінде хабардар етеді;

      орталық депозитарийден банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің заңды күшіне ену күніндегі жағдай бойынша банктің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімін сұратады;

      тарату комиссиясын тағайындау күнгі жағдай бойынша электрондық түрде бар, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген "Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті немесе Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21278 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 107 қаулысымен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті ұсыну қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы есепті автоматтандырылған есепке алу жүйесінің немесе деректерді өңдеу орталығының (сервердің) деректерін жеке электрондық тасымалдағышқа көшіре отырып (резервтік көшірмелер) қағазға басып шығарады. Осы ақпарат электрондық түрде болмаған жағдайда қағаз тасымалдағыштағы ақпарат негізге алынады;

      толық материалдық жауапкершілік атқаратын адамдар, оның ішінде таратылатын банктің бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық және өзге де есептілігін өңдеу және қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлік есебі мен өзге де есептілігінің деректері бойынша есептілікті жүргізу электрондық жүйесіне қол жеткізе алатын адамдар тобын айқындайды және олармен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасады;

      3) 10 (он) жұмыс күні ішінде:

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында және банктің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде кредиторлардың шағымдарын беру тәртібін, мерзімдері мен мекенжайларын, филиалдар желісі болған кезде – кредиторлар өз талаптарын ұсынатын филиалдар мекенжайларын міндетті түрде көрсетіп, банкті мәжбүрлеп тарату туралы ақпаратты жариялайды;

      тарату шығыстарының сметасын қалыптастырады және оны келісу үшін уәкілетті органға ұсынады;

      банктің корреспонденттік шоттарын салыстырып тексереді, банктің корреспонденттік шоттарын жабады және № 207 қағидаларда көзделген тәртіппен таратылатын банктің теңгемен және, қажет болған кезде, шетел валютасымен ағымдағы шоттарын ашады;

      Банктер туралы заңның 73-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген іс-шараларды (таратылатын банк үшін) және Банктер туралы заңның 74-5-бабы 5-тармағының 2) тармақшасында көзделген іс-шараларды (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) жүзеге асырады;

      кредиторлардың тізімін жасайды, автоматтандырылған банктік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің немесе деректерді өңдеу орталығының (сервердің) қолда бар деректері бойынша олардың мекенжайларын белгілейді;

      4) банкті таратудың бүкіл кезеңі ішінде:

      таратылатын банктің мүлкін және құжаттарын сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;

      таратылатын банктің активтерін анықтайды;

      таратылатын банктің активтеріне оны тарату мақсаттарына сәйкес иелік етеді;

      таратылатын банктің атынан талап қояды және сотта сөз сөйлейді;

      таратылатын банктің бағдарламалық қамтылымының және электрондық ақпарат тасымалдағыштарының, сондай-ақ басқа да ақпаратының сақталуын қамтамасыз етеді;

      Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33512 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бірлескен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 78 қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының-Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 1054 бұйрығына сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады;

      штаттық кестені қалыптастырады;

      өз функциялары мен міндеттерін орындауды қамтамасыз ету үшін жұмысқа қызметкерлерді еңбек шарттары, өтеулі қызмет көрсету шарттары негізінде қабылдайды;

      уәкілетті органға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21834 болып тіркелген "Ерікті түрде және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының есептер және қосымша ақпарат беру нысандарын, мерзімдері мен кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 116 қаулысымен белгіленген нысан бойынша және мерзімде атқарылған жұмыс туралы есептерді ұсынады;

      тоқсанның қорытындысы бойынша уәкілетті органға есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-не (он бесіне) дейін оның ресми интернет-ресурсында жариялау үшін тарату өндірісінің негізгі көрсеткіштері туралы ақпарат ұсынады;

      тарату комиссиясы кепілдік беруге жататын, бірақ уақытша әкімшіліктің (уақытша әкімшінің) есебіне енгізілмеген депозиттерді анықтаған, сондай-ақ есептеуде өзге де сәйкессіздіктер анықталған кезде тарату комиссиясы депозиттер бойынша өтеу есебіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді және депозиттер бойынша өтеу есебіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей кепілдік беру жөніндегі ұйымды хабардар етеді. Тарату комиссиясы депозиттер бойынша өтеу есебін есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанында кепілдік беру жөніндегі ұйыммен салыстырып тексеруді жүргізеді және тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада ресімдейді;

      уәкілетті органның талап етуі бойынша тарату ісіне қатысты мәліметтерді ұсынады;

      банкті тарату, тарату балансы туралы есеп жасайды және оларды уәкілетті органға келісуге жібереді. Тарату туралы есеп түпкілікті нысанда жасалғанға дейін тарату туралы есептің жобасы Тарату комиссиясының жұмыс жоспарында айқындалған мерзімде мәлімет үшін жыл сайынғы негізде уәкілетті органға ұсынылады;

      банктің бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою мақсатында уәкілетті органға акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының күшін жою үшін құжаттарды ұсынады;

      банкті тарату аяқталғаннан кейін Ұлттық мұрағат қорының және жеке құрам бойынша құжаттарды ретке келтірілген түрде мұрағат ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша мемлекеттік мұрағатқа сақтауға береді және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Тарату ісіне байланысты, оның ішінде тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз ету шығыстары, сондай-ақ таратылатын банктің негізгі функцияларын қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтын шығыстар кредиторлар комитеті бекіткен смета шегінде таратылатын банк қаражатынан кезектен тыс және тұрақты түрде жасалады.

      Тарату ісінің шығыстары олардың туындауына қарай тарату массасынан төленеді.

      Тарату массасының мақсатсыз жұмсалуына, сондай-ақ күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімге тарату шығыстарында қаражаттың резервте сақталуына жол берілмейді.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Әкімшілік шығыстар:

      1) қызметтік және шаруашылық мұқтаждықтар үшін көлік жалдау жөніндегі қызметке;

      2) байланыс қызметіне (телекоммуникациялық шығыстар, телефонды, телеграфты пайдаланғаны үшін абоненттік төлем, қалааралық және халықаралық сөйлесулер, почта мен анықтамалық қызметтердің қызмет көрсетуі бойынша шығыстар, интернет желісін пайдалану үшін шығыстар);

      3) үйлер мен ғимараттарды (меншікті және кепіл мүлкін) күзету және сигнализация жөніндегі қызметке;

      4) көлікті күзету жөніндегі қызметке;

      5) көлікке арналған тұрақты ұсыну жөніндегі қызметке;

      6) көлікті тіркеу жөніндегі қызметке;

      7) көлікті техникалық тексеру жөніндегі қызметке;

      8) көлікті сақтандыру жөніндегі қызметке;

      9) қызметкерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;

      10) коммуналдық қызметке;

      11) мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылатын негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (байқау) жөніндегі жұмыстарға;

      12) үй-жайды жалдауға;

      13) жылжымайтын мүлік пен тиісті құжаттаманы тіркеуші органдарда тіркеу жөніндегі қызметке;

      14) мүлікті бағалау жөніндегі қызметке;

      15) бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі қызметке;

      16) жылыту жүйесін іске қосуға дайындау жөніндегі қызметке;

      17) сантехникалық жұмыстарға;

      18) мүлікті сақтау жөніндегі қызметке;

      19) мемлекеттік бажды төлеуге;

      20) нотариалды куәландыру жөніндегі қызметке;

      21) мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру жөніндегі қызметке;

      22) терезелерге, есіктерге темір торларды дайындау және орнату жөніндегі жұмыстарға;

      23) аукциондар өткізу жөніндегі қызметке;

      24) инкассация қызметіне;

      25) сараптама жүргізу жөніндегі қызметке;

      26) аудит жүргізу жөніндегі қызметке;

      27) құжаттарды аудару қызметіне;

      28) телефон нөмірлерін орнатуға, ауыстыруға немесе басқа жерге орнатуға;

      29) акционерлердің тізілімін өзекті күйде ұстау үшін орталық депозитарийдің қызметіне;

      30) банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашусыз жүзеге асырылған ақша аударымы мен төлемдері жөніндегі қызметке;

      31) құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды архивке тапсыру жөніндегі қызметке;

      32) таратуды тіркегені үшін алым төлеуге;

      33) коллекторлық қызметке;

      34) жеке сот орындаушыларының қызметіне арналған шығындарды қамтиды.

      Жұмысқа және қызмет көрсетуге ақы төлеу тұрақты және (немесе) біржолғы сипатта болады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Тарату комиссиясы төрағасының, мүшелерінің және қызметкерлерінің іссапарға шығу шығыстары тарату шығыстарының сметасында көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады

      Іссапарға жіберілген тарату комиссиясы төрағасына мүшелеріне және қызметкерлеріне тәуліктік ақы 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен, облыс орталықтарында - айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және аудан орталықтарында - айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен аспайтын тұрғын жайды жалдау жөніндегі шығыстар, іссапарға жіберілген жерге және кері қарай тұрақты жұмыс орнына баратын көлік шығыстары өтеледі.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Басқа бап бойынша үнем жасау есебінен бір баптың шығындары бойынша артық шығын жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ шығындарды шығындар баптарының ішінде қайта бөлуге рұқсат етілмейді.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Кассада қолма-қол ақшамен жасалатын операцияларды есепке алу "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19680 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 231 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарында, Ұлттық почта операторында және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Таратылатын банктің кредиторларының талаптарын қоюға арналған мерзім басылымда банкті мәжбүрлеп тарату туралы қазақ және орыс тілдерінде хабарландыру жарияланған күннен бастап есептеледі және күнтізбелік 60 (алпыс) күн құрайды.";

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Кредиторға жауап тапсырысты немесе құнды хатпен, оның жөнелтілгендігін белгілеуді қамтамасыз ететін басқа да байланыс құралдарымен, оның ішінде электрондық пошта арқылы жіберіледі.";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Осы Қағидалардың 82, 84-тармақтарында белгіленген кредиторлар талаптарын ұсыну және қарау үшін көзделген мерзімдер өткеннен кейін тарату комиссиясы 30 (отыз) жұмыс күні ішінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастырады, таратылатын банктің немесе қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы мүлкінің құрамы туралы мәліметтер, кредиторлар мәлімдеген талаптардың тізбесі, оларды қарау нәтижелері және банк кредиторлары талап етпеген берешек туралы мәліметтерді қамтитын активтер мен міндеттемелерге жүргізілген түгендеу нәтижелерін ескере отырып, аралық тарату балансын немесе қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалының активтері мен міндеттемелері туралы есеп жасайды.";

      116, 117 және 118-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Кредиторлар комитетінің өкілеттігіне мыналар кіреді:

      1) банкті тарату барысында пайда болған барлық құжаттармен танысу;

      2) тарату комиссиясынан таратылатын банктің қаржылық жай-күйі туралы ақпарат алу;

      3) тарату комиссиясының төрағасымен және (немесе) мүшесімен Қағидалардың 17-тармағына сәйкес келісім жасасу;

      4) уәкілетті органды банкті тарату процесінде кредиторлардың құқықтарының, мүдделерінің және Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуы туралы, оның ішінде тарату комиссиясы төрағасының және (немесе) мүшелерінің өз міндеттерін орындамауы және (немесе) тиісінше орындамауы туралы хабардар ету;

      5) тарату комиссиясының іс-әрекеттеріне сотқа және уәкілетті органға шағым жасау;

      6) мүлікті сату бойынша аукциондарды және тарату комиссиясының отырысын қоса алғанда, банкті тарату рәсімдерінің кез келгенін жасау кезінде қатысуға өкілеттік берілген кредиторлар комитеті мүшелерінің арасынан кредиторлар өкілдерін сайлау;

      7) таратылатын банктің өндіріп алу мүмкін емес дебиторлық берешегін баланстық және баланстан тыс шоттан есептен шығару туралы актіні бекіту;

      8) тарату комиссиясы ұсынған таратылатын банктің тарату, конкурстық массасын сату жоспарын бекіту, сондай-ақ тарату комиссиясының төрағасы қабылдаған таратылатын банктің мүлкін күнтізбелік 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге бөліп-бөліп төлеу немесе кейінге қалдыру түрінде ақы төлеу талабымен жария сауда-саттық арқылы сату туралы шешімді келісу;

      9) тарату шығыстарының сметасын бекіту;

      10) тарату комиссиясының таратылатын банктің баланстық және баланстан тыс шоттарынан мүлікті есептен шығару актісін бекіту;

      11) қарыздар бойынша дебиторлық берешекті мерзімінен бұрын ішінара өтеген кезде айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды), банктік кепілдіктер бойынша айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығаруды келісу;

      12) тарату комиссиясы қабылдаған, таратылатын банк алдындағы берешекті өтеу үшін, соның ішінде сот шешімін орындау есебіне мүлікті қабылдау туралы шешімін келісу;

      13) тарату комиссиясы қалыптастырған кредиттік пакет бойынша баға ұсыныстарының нәтижелерін келісу және қалыптастырылған кредиттік пакет бойынша құқықтарды (талаптарды) иеліктен шығару және (немесе) басқаға беру тәртібін анықтау;

      14) тарату комиссиясы қабылдаған таратылатын банктің жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ банктің тарату комиссиясы атқарушылық іс жүргізу шеңберінде сот актілері бойынша қабылдаған, банкке келтірілген залалды өтеу есебінен алынған жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жасау туралы шешімді, сондай-ақ осы Қағиданың 141-тармағына сәйкес жасалатын, дауды реттеу туралы келісімнің талаптарын келісу;

      15) таратылатын банктің борышкерлерінен берешекті өндіріп алу және таратылатын банктің активтерін қайтару жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын заңды тұлғалармен жасалатын мәмілелерді келісу;

      16) таратылатын банктің меншікті мүлкін қайта бағалау жүргізу мәселесін келісу;

      17) кепіл жоғалған және (немесе) қосымша кепіл берілген жағдайларда, осындай шешім қабылданған күні белгіленген бағалау құны бойынша мүлікті кепілге қабылдау туралы тарату комиссиясы қабылдаған шешімді келісу;

      18) әрбір жеке дебитордан берешекті өндіріп алу рәсіміне арналған жалпы шығындар оның берешек сомасынан асатын жағдайларда, таратылатын банк дебиторларының 2 (екі) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде дебиторлық берешек сомаларын есептен шығару туралы тарату комиссиясы қабылдаған шешімді келісу.

      117. Кредиторлар комитетінің отырысы хаттамамен ресімделеді. Кредиторлар комитетінің шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады.

      Кредиторлар комитеті отырысы хаттамасының көшірмесін тарату комиссиясы кредиторлар комитетінің отырысы өткізілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.

      118. Тарату комиссиясы қалыптастырған кредиторлар комитетінің құрамы болмаған немесе кредиторлар комитеті өздерінің функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асырмаған кезде, осы Қағиданың 116-тармағының 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшаларында көзделген шешімдерді қабылдау өкілеттіктерін тарату комиссиясы дербес жүзеге асырады.

      Тарату комиссиясының шешімі тарату комиссиясының хаттамасымен ресімделеді.";

      134-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "134. Уақытша әкімшіліктен (уақытша әкімшіден) таратылатын банктің тарату комиссиясы қабылдайтын мүлкінің көлемін ескере отырып түгендеу жүргізу кезінде, сондай-ақ тарату комиссиясы төрағасын, бухгалтерлік қызмет басшысын, материалдық жауапты адамдарды ауыстыру кезінде уәкілетті органмен келісім бойынша түгендеу жүргізу мерзімі тарату комиссиясы төрағасының бұйрығымен белгіленген түгендеуді аяқтау мерзімі аяқталатын күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынылған дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, түгендеу жүргізу мерзімін ұзарту туралы тарату комиссиясы төрағасы өтінішінің негізінде ұзартылады.";

      136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "136. Бухгалтерлік есеп деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында тарату комиссиясы түгендеуді жылына кемінде бір рет, сондай-ақ міндетті түрде мынадай жағдайларда жүргізеді:

      тарату комиссиясының төрағасы, бухгалтерлік қызметінің басшысы, материалдық жауапты адамдары ауысқан кезде;

      мүлікті ұрлау немесе теріс пайдалану, сондай-ақ бүлдіру фактілері анықталған кезде;

      табиғи апаттар, өрт, авариялар немесе төтенше жағдайлардан туындаған басқа да төтенше жағдайларда.

      Түгендеу кезінде тарату комиссиясы кепіл мүлкіне, оның ішінде банктің кепіл мүлкіне ауыртпалықтарының болуы тұрғысынан тіркеу органдарымен салыстыруды жүзеге асыру арқылы мониторинг жүргізеді.

      Электрондық нысандағы және қағаз тасымалдағыштағы түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталғаннан және қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылғаннан кейін (тарату комиссиясының төрағасы, бухгалтерлік қызмет басшысы, материалдық жауапты адамдар ауысқан жағдайда) 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жіберіледі.";

      140, 141 және 142-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "140. Тарату комиссиясы дебиторлық берешекті есептеуді сотқа талап арыз берген күні дебитор мен банк арасында жасалған шарттардың талаптарын негізге ала отырып, таратылатын банктің уәкілетті органдары сыйақы және (немесе) күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешекке айыпақы (айыппұл, өсімпұл) есептеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған сәтте болған қарыздар бойынша бұған дейін қабылдаған шешімдерін ескере отырып жүзеге асырады.

      Сотқа талап арыз берілген күннен бастап дебиторлық берешек бойынша сыйақыны, айыпақыны (айыппұл, өсімпұл) есептеу кредиторлар комитетінің келісімінсіз тоқтатыла тұрады.

      Заңды күшіне енген сот актілері бойынша атқарушылық құжаттарды тарату комиссиясы оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сот актісін мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларының Республикалық немесе өңірлік палатасына жібереді.

      141. Сот талқылауы барысында немесе атқарушылық іс жүргізу шеңберінде татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, дауды реттеу туралы өтініш мәлімделген жағдайда, тарату комиссиясы мынадай талаптар сақталған кезде бітімгершілік келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдер (бұдан әрі – дауды реттеу туралы келісім) жасасу туралы мәселені қарайды:

      дебитордың қаржылық жағдайы дебиторлық берешекті дауды реттеу туралы келісімде көзделген тәртіппен және мерзімдерде өтеуге мүмкіндік береді;

      дауды реттеу талаптары таратылатын банктің қаржылық жағдайының нашарлауына әкеп соқпайды

      дауды реттеу туралы келісім шеңберінде дебиторлық берешекті өтеу мерзімі дебитор-жеке тұлғалар үшін - 30 (отыз) айдан, дебитор-заңды тұлғалар үшін - 24 (жиырма төрт) айдан аспайды;

      банк дебитордың міндеттемелерін орындау есебіне бұрын қабылдаған қамтамасыз ету (ол бар болса) өзгеріссіз сақталады; сот орындаушысы дебиторға қатысты атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдаған мүлік (бар болса) дауды реттеу туралы келісім талаптарының орындалуын қамтамасыз ету ретінде тарату комиссиясына кепілге беріледі;

      дауды реттеу туралы келісімнің талаптары таратылатын банк алдындағы дебиторлық берешекті есептен шығаруды көздемейді.

      Осы тармақта көзделген талаптарды іске асыру мақсатында тарату комиссиясының төрағасы кепіл мүлкі шарттарын жасасады. Дебитормен жасалатын дауды реттеу туралы келісім бойынша берешекті өтеу дауды реттеу туралы келісімде көзделген берешекті өтеудің бүкіл мерзімі ішінде ай сайын тең төлемдермен жүзеге асырылады.

      Дауды реттеу туралы келісімге тарату комиссиясының төрағасы кредиторлар комитетімен оның талаптарын келіскеннен кейін қол қояды.

      Егер сот актісін мәжбүрлеп орындау сатысында дебитор өзіне кредиторлар комитетімен келісілген дауды реттеу туралы келісімнің талаптары бойынша дебиторлық берешекті өтеуді жүргізуге, сондай-ақ жеке сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау бойынша нақты жұмсаған шығыстарын өтеуге міндеттеме алған жағдайда, тарату комиссиясы борышкермен дауды реттеу туралы келісім жасасуға байланысты атқарушылық іс жүргізуді тоқтата туралы сот орындаушысына жүгінуге құқылы. Атқарушылық құжаттар банкте сақталады.

      142. Тарату комиссиясы дауды сотқа дейінгі реттеу шеңберінде жеке (дара кәсіпкерлерді қоса алғанда) және заңды тұлғаларға (шағын және орта бизнес субъектілері) берілген қарыздар, сондай-ақ қарызды пайдаланудан туындаған дебиторлық берешек бойынша айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығару туралы шешім қабылдайды:

      1) айыпақыны (айыппұл, өсімпұлды) есепке алмағанда, дебиторлық берешек сомасынан 70 (жетпіс) және одан да көп пайыз мөлшерінде борыш сомасын біржолғы өтеген кезде – 100 (жүз) пайыз мөлшерде;

      2) айыпақыны (айыппұл, өсімпұлды) есепке алмағанда, дебиторлық берешек сомасынан 70 (жетпіс) пайыздан кем мөлшерде борыш сомасын біржолғы өтеген кезде - борышкер өтеуге жоспарлаған соманың пайыздық қатынасына мөлшерлес мөлшерде.

      Бұдан әрі тарату комиссиясы қарызды және дебитор тарапынан қарызды пайдаланудан туындаған дебиторлық берешекті біржолғы толық өтеу шартымен айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) толық көлемде есептен шығару туралы шешім қабылдайды.

      Тарату комиссиясы бұрын қаралған және тарату комиссиясының оларды қанағаттандыру туралы кредиторлар комитетімен келісілген айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығару туралы шешімдері бойынша қайталама өтінішхаттарды қарамайды және қанағаттандырмайды.";

      144 және 145-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "144. Айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) есептен шығару туралы өтінішхат, оның ішінде дауды сотқа дейін реттеу кезінде тарату комиссиясының шешім қабылдауы үшін объективті негіздерді қамтиды, олар мына талаптардың біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келеді:

      1) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін:

      бизнесті жүргізудің қатарынан 6 (алты) айдан астам, қызметтен түскен кірістің, берешекті 50 (елу) және одан да көп пайызға өтейтін екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттардағы ақшаның болмауы;

      екінші деңгейдегі банктерде ашылған шоттарда тыйым салудың болуы;

      кепіл мүлкінің жоғалуын және (немесе) зақымдануын растайтын құжаттардың болуы;

      алынатын табыс көзі болып табылатын мүліктің жоғалуын және (немесе) зақымдануын растайтын құжаттардың болуы;

      борышкердің қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын өзге де құжаттар;

      2) жеке тұлғалар үшін:

      берешекті 50 (елу) және одан да көп пайызға өтейтін екінші деңгейдегі банктерде ашылған банктік шоттарда қатарынан 6 (алты) айдан астам ақшаның болмауы;

      кепіл мүлкінің жоғалуын және (немесе) зақымдануын растайтын құжаттардың болуы;

      соңғы қатарынан 6 (алты) ай ішінде жұмысынан айрылғандығын және табыстың жоқтығын растайтын құжаттар;

      асыраушысынан айрылғандығын растайтын құжаттар;

      борышкердің немесе оның отбасы мүшесінің мүгедектігін растайтын құжаттар;

      борышкердің қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын өзге де құжаттар.

      Өтінішхаттарға растайтын құжаттар (мемлекеттік органдардың ресми жауаптары, фотосуреттер, ағымдағы шоттардан үзінді көшірмелер, банктермен хат алмасу, тәуелсіз бағалау компаниясы (кепіл мүлкі болған кезде) жүргізген кепіл мүлкін бағалау туралы есеп және басқа да растайтын құжаттар) қоса беріледі.

      145. Тарату комиссиясы өтініш берілген күні:

      1) кепілмен қамтамасыз ету бағалау құны бойынша есептелген сыйақы мен айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) есепке ала отырып, қарызды 2 (екі) және одан да көп есе өтейтін болса;

      2) борышкерге қатысты таратылатын банктің мүддесі үшін берілген қарыздар бойынша қылмыстық талқылау жүргізілетін болса;

      3) борышкерге қатысты таратылатын банктің пайдасына дебиторлық берешекті өндіріп алу туралы заң күшіне енген орындалмаған сот шешімі болса.";

      146-тармақ алып тасталсын;

      147-және 148-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Дебиторлық берешек қарыздары бойынша есептелген айыпақыны (айыппұлды, өсімпұлды) кейіннен есептен шығара отырып, есептелген айыпақы (айыппұл, өсімпұл) есепке алынбай таратылатын банк алдындағы дебиторлық берешектің 100 (жүз) пайызынан аз мөлшерде борыш сомасын біржолғы өтеу туралы шешімді тарату комиссиясы таратылатын банктің кредиторлар комитетімен келісім бойынша қабылдайды және банк шартына қосымша келісімге қол қою арқылы таратылатын банктің ішкі кредиттеу қағидаларына сәйкес ресімделеді.

      Есептелген айыпақы (айыппұл, өсімпұл) есепке алынбай таратылатын банк алдындағы дебиторлық берешек сомасы толығымен біржолғы өтелген кезде міндеттемелерді тоқтату туралы тарату комиссиясының шешімі тарату комиссиясы төрағасының өкімімен ресімделеді.

      Берешектің толық өтелгені жөніндегі ақпаратты тарату комиссиясы кредиттік бюроға Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен береді.

      148. Осы Қағидалардың 140, 141, 142, 143, 144, 145 және 147-тармақтарының ережелері берілген банктік қарыздар бойынша тең қарыз алушыларға, кепіл берушілерге және кепілгерлерге қолданылады.";

      156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "156. Тарату комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын бағалаушыны (бұдан әрі – Бағалаушы) тарта отырып, таратылатын банктің мүлкін бағалауды жүргізеді.";

      158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "158. Таратылатын банктің баланстық құнына қарамастан, оның барлық мүлкін бағалау үшін бағалаушыны таңдау бағалау компанияларынан олардың қызметтеріне баға ұсыныстарын қарау жолымен жүзеге асырылады. Бағалау компанияларынан алынған баға ұсыныстарының нәтижелері бойынша неғұрлым тиімді шарттарды (көрсетілетін қызметтер үшін төлем мөлшері, бағалау жүргізу мерзімдері, бағалаушыда филиалдық желінің болуы және өзге де талаптар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Баға ұсынысын беру талаптарын банктің тарату комиссиясының төрағасы айқындайды және таратылатын банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      Бір-біріне қатысты үлестес бағалаушылар баға ұсыныстарын бере алмайды. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабында айқындалған тұлғалар үлестес бағалаушылар болып табылады.";

      165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "165. Таратылатын банктің бағалы қағаздарын сатуды тарату комиссиясы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарығында Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамада белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.

      Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналыстағы таратылатын банктің бағалы қағазының (бір бірлігінің) құнын бағалау қор биржасының бағалы қағаздарының нарықтық бағаларының әдістемесіне сәйкес жүргізіледі. Мұндай бағалы қағаздарды көрсетілген әдістеме бойынша бағалау мүмкін болмаған не белгілі бір бағалы қағазға қатысты әдістеме болмаған жағдайда, олардың құнын бағалауды бағалаушы жүргізеді.

      Таратылатын банкке меншік құқығында тиесілі бағалы қағаздарды нарықтық құны бойынша сатып алуға ниет еткен адамдар болмаған жағдайда, кредиторлар комитеті (кредиторлар комитеті болмаған кезде уәкілетті органмен келісім бойынша тарату комиссиясының төрағасы) бағалы қағаздардың әрбір түрі үшін құн, алайда оның соңғы бағалау құнының 50 (елу) пайызынан кем емес құн белгілейді. Өзгерген құны бар бағалы қағаздар ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында ғана сатуға жатады.";

      173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "173. Сату жоспарында сату объектілері туралы ұсыныстар мен олардың жан-жақты сипаттамасы, бағалау құны, сатудың бастапқы (және сауда-саттықтың голландтық әдісіндегі ең төмен) бағасы, сауда-саттықты өткізу кезеңі мен әдісі туралы мәліметтер бар.

      Сату жоспарына бағалау құны 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен төмен мүлік кірмейді.

      Мүлікті сату жоспарына енгізілетін өзгерістерді кредиторлар комитеті бекітеді, ол болмаған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы бекітеді және уәкілетті органға жіберіледі Өзгертілген сату жоспары сатылатын лоттардың жаңартылған құрылымын және (немесе) олардың жаңа бастапқы (ең төменгі) бағасын қамтиды.";

      175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "175. Сауда-саттықты ұйымдастырушы таратылатын банктің мүлкін сату туралы хабарландыруды аукцион өткізу күніне дейін кем дегенде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын таратылатын банктің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

      Аукцион ол туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей өткізіледі. Әрбір жеке аукционға жеке хабарландыру беріледі.

      Таратылатын банктің мүлкін сату туралы хабарландыру қажет болған кезде, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде немесе мүліктің орналасқан жері бойынша жарияланады.";

      180-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "180. Аукционға қатысуға осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен тіркеуден өткен жеке және заңды тұлғалар жіберіледі.

      Аукционға "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына және "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес таратылатын банкке қатысты немесе өзара үлестес әлеуетті сатып алушылар қатыстырылмайды.

      Аукционға тарату комиссиясының төрағасы, мүшелері, тарату комиссиясының қызметкерлері, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары болып табылатын адамдар қатыстырылмайды.";

      189-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "189. Аукционға қатысушы ретінде тіркеу үшін құжаттар тізбесі мыналарды қамтиды:

      1) белгіленген нысандағы аукционға қатысуға өтінім;

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жеке басты куәландыратын өзге құжат (жеке тұлға үшін)";

      3) кепілдік жарнасының енгізілуін растайтын төлем құжатының немесе кіріс ордердің көшірмесі;

      4) сауда-саттыққа қатысушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат;

      5) жарғының және құрылтай шартының (бар болса) және заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы анықтаманың (заңды тұлға үшін) нотариалды куәландырылған көшірмелері.";

      199-тармақ мынадай редакцияда жазылсын

      "199. Сауда-саттық төменде сипатталған екі әдістің бірімен өткізіледі:

      1) сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың бастама бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайтын сауда-саттықтың ағылшын әдісі. Сауда-саттыққа қатысушылар нөмірді көтере отырып бастама бағасын жоғарылатады, бірақ хабарланған қадамнан кем емес етіп жоғарылатады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лот бойынша сауда-саттыққа қатысатындардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны жоғарылатуды ұсынады. Лот бойынша сауда-саттық ұсынылған ең жоғары бағасына дейін барады. Сауда-саттықты ұйымдастырушы лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды;

      2) сауда-саттықты ұйымдастырушы бастама бағасын төмендету қадамын хабарлаумен жаңа бағаны хабарлай отырып, лоттың бастама және ең төменгі бағасын хабарлайтын сауда-саттықтың голланд әдісі. Сауда-саттықты ұйымдастырушы баға хабарланған кезде аукциондық нөмірін бірінші болып көтерген қатысушының нөмірін атайды, лоттың соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балғамен ұрып сауда-саттық жеңімпазын атайды және осы лоттың сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттыққа қойылатын лоттың ең төменгі бағасы төмендетілмейді. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша алғаш рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы тарату комиссиясы бағалаушыны тарта отырып белгілейтін оның соңғы бағалау құнының сексен пайызынан аз болмайды. Сауда-саттыққа голланд әдісі бойынша екінші рет және одан көп рет қойылып отырған лоттың ең төменгі бағасы тарату комиссиясы бағалаушыны тарта отырып белгілейтін оның соңғы бағалау құнының елу пайызынан аз болмайды.

      Егер сауда-саттықты өткізу кезінде баға хабарланған сәтте екі немесе одан көп нөмір бір мезгілде көтерілген болса, сауда-саттықты ұйымдастырушы жеңімпазды айқындау сәтіне дейін белгіленген қадам шамасына бағаны көтере бастайды. Жарияланған қадам сауда-саттықта белгіленген қадамға тең болады. Егер бағаны көтерген кезде өз нөмірлерін бір мезгілде көтерген сауда-саттыққа қатысушы тұлғалардың ешқайсысы көтерілген бағасы бойынша мүлікті сатып алуға ниет білдірмесе, сауда-саттықты ұйымдастырушы жеребе рәсімін қолданады.

      Жеребеде сауда-саттыққа қатысатын өз нөмірін бір мезгілде көтерген тұлғалар сауда-саттықты ұйымдастырушы дайындаған бірдей конверттерді тартады, олардың біреуінде "жеңімпаз" деген жазуы бар қағаз парағы, ал басқасында (басқаларында) – таза қағаз парағы болады.

      Конвертті тарту құқығын аукционға қатысушы ретінде бірінші болып тіркеуден өткен сауда-саттыққа қатысушы алады. "Жеңімпаз" деген жазумен қағаз парағы бар конвертті тартқан сауда-саттыққа қатысушы сауда-саттықтың жеңімпазы деп танылады.

      Өткізілетін сауда-саттық мынадай жағдайда:

      Осы Қағидалардың 202-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер болмағанда немесе егер берілген өтінімдердің саны бір өтінімнен аспайтын болса;

      сауда-саттыққа қатысушылар келмегенде немесе қатысушылардың келуі бір қатысушыдан аспайтын болғанда;

      сауда-саттықтың жеңімпазы сауда-саттық хаттамасына, сатып алу-сату шартына қол қоюдан бас тартқанда немесе сатып алу-сату объектісі бойынша сатушымен одан әрі есеп айырысулар тәртібін бұзғанда;

      көтерілген аукциондық нөмірлер болмағанда немесе сауда-саттықтың ағылшын әдісінде лоттың бастама бағасы хабарланған кезде бір ғана аукциондық нөмір көтерілгенде;

      сауда-саттықтың голландық әдісінде лоттың ең төменгі бағасы жарияланған кезде көтерілген аукцион нөмірлері болмағанда;

      сауда-саттық өткізу залынан қатысушылардың жалпы саны екі адамнан аспайтын аукционның бір қатысушысын шығарып жібергенде өтпеген болып саналады.";

      206, 207 және 208-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "206. Аукционды өткізгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде сатып алушы және сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады, онда шарттың мәні, тараптардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, сату объектісінің соңғы бағасы және ақы төлеу шарттары, тараптардың деректемелері, сондай-ақ тараптар арасында сатып алушы және сатушы қол қоятын сауда-саттықтың объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасай отырып тараптардың қарауына қарай өзге де талаптар көрсетіледі.

      207. Егер шартта бөлiп төлеу немесе төлем мерзімін кейінге қалдыру көзделмеген болса, сатушы мен сатып алушы арасында сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін 5 (бес) банктік күннен кешіктірмей сатып алушы шартта көрсетілген соманы сатушының ағымдағы шотына аударады және оған тиісті төлем құжатының көшірмесін растауға ұсынады.

      208. Сатып алушы белгіленген мерзімде аукционда сатып алған мүлік үшін төлем енгізбеген жағдайда, сатушы сатып алу-сату шартын біржақты тәртіппен бұзады, бұл осы шарттың талаптарында көзделеді. Сатып алушы енгізген кепілдік жарнасы оған қайтарылмайды және осы мүлік қайтадан сауда-саттыққа қойылады. Сатып алушының сату объектісіне төлем енгізбегені үшін жауапкершілігі сатушы мен оның арасындағы сатып алу-сату шартында көзделеді.

      Мүлікті сатып алу-сату шарты және (немесе) мүлікті сату жөніндегі сауда-саттық нәтижелері сот тәртібімен жарамсыз деп танылған жағдайда, мүлікті сатып алу-сату шарты бойынша түскен ақша сатып алушыға 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей қайтарылады.";

      1, 2 және 3-қосымшалар осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2025 жылғы 25 маусымдағы
№ 23 Қаулысына
1-қосымша
Банктерді таратуды жүзеге
асыру, Қазақстан
Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының
қызметін мәжбүрлеп тоқтату
қағидаларына және қызметі
мәжбүрлеп тоқтатылатын
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктері
филиалдарының, мәжбүрлеп
таратылатын банктердің тарату
комиссияларының жұмысына
қойылатын талаптарға
1-қосымша

      Нысан

_________________________ (таратылатын банктің атауы) ___________ жылғы _____ тоқсандағы тарату шығыстарының сметасы

Шығыстар баптарының атауы

Жоспарланған шығыстар сомасы (мың теңгемен)

ай

ай

ай

тоқсандағы барлығы

1

2

3

4

5

6

1

Еңбекке ақы төлеу шығыстары





1.1

тарату комиссиясы төрағасының және мүшелерінің сыйақысы, оның ішінде:





1.1.1

сыйақы





1.1.2

жеке табыс салығы





1.1.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.1.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





1.2

еңбек шарттары негізінде жұмыс істейтін тарату комиссиясының тартылған қызметкерлеріне ақы төлеу шығыстары, оның ішінде:





1.2.1

лауазымдық жалақы





1.2.2

жеке табыс салығы





1.2.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.2.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





1.3

өтеулі қызмет көрсету шарттары бойынша қызмет көрсететін тартылған адамдардың жұмысына ақы төлеу шығыстары, оның ішінде:





1.3.1

көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу





1.3.2

жеке табыс салығы





1.3.3

міндетті зейнетақы жарналары





1.3.4

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





2

Бюджетке аударымдар бойынша шығыстар





2.1

әлеуметтік салық





2.2

әлеуметтік аударымдар





2.3

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру





2.4

мүлікке салынатын салық





2.5

көлік құралдарына салынатын салық





2.6

жер салығы





2.7

қосымша құн салығы





2.8

жер телімдерін пайдалану төлемі, қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем





2.9

өзге салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер





2.10

қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары





3

Әкімшілік шығыстар





3.1

қызметтік және шаруашылық қажеттіліктерге көлік жалдау қызметтері





3.2

байланыс қызметтері





3.3

үйлер мен ғимараттарды күзету және сигнализациясы қызметтері





3.4

көлікті күзету қызметтері





3.5

көлік үшін тұрақ беру қызметтері





3.6

көлікті тіркеу қызметтері





3.7

көлікті техникалық қарау қызметтері





3.8

көлікті сақтандыру қызметтері





3.9

қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу қызметтері





3.10

коммуналдық қызметтер





3.11

негізгі құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеу, техникалық, сервистік қызмет көрсету (қарау) жұмыстары





3.12

үй-жайды жалдау





3.13

тіркеу органдарында жылжымайтын мүлікті және тиісті құжаттаманы тіркеу қызметтері





3.14

мүлікті бағалау қызметтері





3.15

бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қызметтері





3.16

жылыту жүйесін қосуға дайындау қызметтері





3.17

сантехникалық жұмыстар





3.18

мүлікті сақтау қызметтері





3.19

мемлекеттік бажды төлеу





3.20

нотариаттық куәландыру қызметтері





3.21

мүлікті тасымалдау, тиеу, түсіру қызметтері





3.22

терезелерге, есіктерге темір торларды дайындау және орнату жұмыстары





3.23

аукциондар өткізу қызметтері





3.24

инкассация қызметтері





3.25

сараптама жүргізу қызметтері





3.26

аудит жүргізу қызметтері





3.27

құжаттарды аудару қызметтері





3.28

телефон нөмірлерін орнату, ауыстыру немесе басқа жерге орнату





3.29

бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі орталық депозитарийдің қызметтері





3.30

банк шотына қызмет көрсету, банк шотын ашпастан жүзеге асырылған төлемдер және ақша аударымдары қызметтері





3.31

құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу және оларды архивке тапсыру қызметтері





3.32

таратуды тіркеу үшін алым төлеу





3.33

коллекторлық қызметтер





3.34

жеке сот орындаушыларының қызметі





4

Тауар-материалдық құндылықтарды сатып алу шығыстары





4.1

офис жабдығын жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау





4.2

көлік құралдарын ұстау





4.3

үй-жайларды ұстау





4.4

қағаз және бланктік өнімдерді сатып алу





4.5

кеңсе тауарларын сатып алу





4.6

жанар-жағар май материалдарын сатып алу





5

Іссапар шығыстары





6

Көзделмеген шығыстар





7

Өзге де шығыстар





ЖИЫНТЫҒЫ





      Атауы________________ Мекенжайы____________________________

      Телефон ___________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы_________________________________

      Орындаушы _______________________________ __________________

      тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон

      Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      ________________________________ __________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон

      Басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам

      _____________________________ _____________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефон

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2025 жылғы 25 маусымдағы
№ 23 Қаулысына
2-қосымша
Банктерді таратуды жүзеге
асыру, Қазақстан
Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының
қызметін мәжбүрлеп тоқтату
қағидаларына және қызметі
мәжбүрлеп тоқтатылатын
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктері
филиалдарының, мәжбүрлеп
таратылатын банктердің тарату
комиссияларының жұмысына
қойылатын талаптарға
2-қосымша

      Нысан

_____________________________________ (таратылатын банктің атауы)

Кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кітабы

      Басталды ___________________________

      Аяқталды _________________________

      Оны толық пайдаланғанға дейін кітапқа жазылады

Кіріс

Түскен күні

Кімнен қабылданды (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Кіріс құжаттардың саны (данамен)

Цифрлармен сомасы (валюта түрін көрсете отырып бірліктермен)

Сомасы жазумен

Нысаналы мақсаты

Кассирдің қолы

Бас бухгалтердің (бөлімше бухгалтерінің) қолы

Төрағаның (бөлімше басшысының) қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9





































Бір күндегі жиынтығы









Шығыс

Берілген күні

Кімге берілді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Шығыс құжаттардың саны (данамен)

Цифрлармен сомасы (валюта түрін көрсете отырып бірліктермен)

Сомасы жазумен

Нысаналы мақсаты

Кассирдің қолы

Бас бухгалтердің (бөлімше бухгалтерінің) қолы

Төрағаның (бөлімше басшысының) қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9





































Бір күндегі жиынтығы









      Растаушы жазба:

      "Осы кітаптағы жиынтығы _____________________________________________,

      (таратылатын банктің атауы)

      20 ___ жылғы "__" _________ жазбаларға арналған __________________

      ______________________________________ (саны жазумен көрсетіледі)

      _______________ нөмірден бастап_____________ нөмірге дейін қоса алғанда

      нөмірленген, байланған және мөрмен бекітілген парақ."

      20 ___ жылғы "__" _________________

      Басшы немесе растаушы жазбаға қол қоюға уәкілетті адам

      _______________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Бас бухгалтер немесе растаушы жазбаға қол қоюға уәкілетті адам

      _______________________________________ ________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

      Кассир _______________________________________ _______________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2025 жылғы 25 маусымдағы
№ 23 Қаулысына
3-қосымша
Банктерді таратуды жүзеге
асыру, Қазақстан
Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының
қызметін мәжбүрлеп тоқтату
қағидаларына және қызметі
мәжбүрлеп тоқтатылатын
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банктері
филиалдарының, мәжбүрлеп
таратылатын банктердің тарату
комиссияларының жұмысына
қойылатын талаптарға
3-қосымша

      Нысан

  "Бекітемін"
  _______________________
  (лауазымы, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса), қолы)
  _____ жылғы "__" _______

Кредиторлар комитетінің құрамы ________________________________________

(таратылатын банктің атауы)


р/с

Кезектіліктің (санаттың) нөмірі және атауы

Кредиторлар комитетінің құрамына енгізілген таратылатын банк кредиторының атауы

Кредиторлық берешек сомасы

1

2

3

4

      Тарату комиссиясының төрағасы

      __________________________________________ ___________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон

      Орындаушы ________________________________ __________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефон

      Күні _________ жылғы "____" ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады