"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 13 маусымдағы № 174 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 18 маусымда № 36302 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында:

      3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Процесс сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Талаптар тізбесі) осы Қағидалардың "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1-қосымшасына және "Жұмыссыздарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып келтірілген.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мансап орталығының маманы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын мәліметтер негізінде ізденуші ұсынған құжаттар мен дербес деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.";

      23 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мансап орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тарауына сәйкес оған лайықты жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Егер мансап орталығы осы Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген кезең өткеннен кейін жұмыс іздеп жүрген адам үшін лайықты жұмыс таба алмаса немесе жұмыс іздеп жүрген адам ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыс іздеп жүрген адам автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркеледі.

      "Еңбек нарығы" ААЖ осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған ақпараттың дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады.

      Жұмыс іздеп жүрген адамға enbek.kz порталы және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелгені немесе бас тартқаны туралы хабарлама жіберіледі .";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Мансап орталығының қызметкері сұрау салу бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама береді.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Мансап орталығының қызметкері тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыссызды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы хабардар етеді.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы ақпарат беру жұмыссыздың сұрауы бойынша enbek.kz порталы, "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) ақпараттандыру объектілері арқылы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес электрондық құжат түріндегі электрондық цифрлық қолтаңба болған кезде жүзеге асырылады.

      Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы ақпараттың қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Еnbek.kz порталы осы Қағидалардың 41-тармағында көзделген негіздер бойынша жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған ақпараттың анықтығын тексеруді жүзеге асырады.";

      39, 46, 47, 48, 49 және 50-тармақтар алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 7 және 8-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды және ресми жарияланғаннан кейін өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті берушілерге, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы хабардар етуді;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады