"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының түлектерін жұмысқа орналастыру деңгейі бойынша мәліметтер" нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2025 жылғы 16 маусымдағы № 95 Бұйрыққа қосымша |
"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының түлектерін жұмысқа орналастыру деңгейі бойынша мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне.
Әкімшілік деректердің нысаны www.tsm.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы:
"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының түлектерін жұмысқа орналастыру деңгейі бойынша мәліметтер
Индекс: 1-ЗСТ
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20__ жыл
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы:
"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:
жыл сайын, есептік кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей.
Жинау әдісі: электронды түрде.
р/с № | "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының түлектер саны (бірлік) | Жүкті әйелдердің және үш жасқа дейінгі балалары бар адамдардың саны (бірлік) | Магистратурада оқуын жалғастырғандар саны (бірлік) | Әскери қызметке шақырылғандар саны (бірлік) |
"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жұмысқа орналасқан түлектер саны (жұмыстан босату міндетінен босатылған 3-5-бағандардағы мәліметтерді ескере отырып) | Жұмысқа орналастыру деңгейі (жұмыстан босату міндетінен босатылған 3-5-бағандардағы мәліметтерді ескере отырып) (%) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Атауы __________________________ Мекенжайы ________________________
Телефоны___________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы_________________________________________
Орындаушы ______________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
________________________________________________ ____________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы Мөрдің орны
Ескертпе: "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының түлектерін жұмысқа орналастыру деңгейі бойынша мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанның қосымшасында келтірілген.
Туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының түлектерін жұмысқа орналастыру деңгейі бойынша мәліметтер" туристік қызмет саласындағы әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме
1-бағанда нөмір "№" ретімен толтырылады.
2-бағанда "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының түлектер саны көрсетіледі (бірлік).
3-бағанда жүкті әйелдердің және үш жасқа дейінгі балалары бар адамдардың саны көрсетіледі (бірлік).
4-бағанда магистратурада оқуын жалғастырғандар саны көрсетіледі (бірлік).
5-бағанда әскери қызметке шақырылғандар саны көрсетіледі (бірлік).
6-бағана "Халықаралық туризм және меймандостық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жұмысқа орналасқан түлектер саны (жұмыстан босату міндетінен босатылған 3-5–бағандардағы мәліметтерді ескере отырып) (бірлік).
7-бағанда жұмысқа орналастыру деңгейі (жұмыстан босату міндетінен босатылған 3-5–бағандардағы мәліметтерді ескере отырып) қөрсетіледі (%).