БҰЙЫРАМЫН:
1. "Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 46 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26905 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мемлекеттік тілде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығын, айқындығын және анықтығын бақылауды жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Климаттық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Абай облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақмола облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақтөбе облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Алматы облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Атырау облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Алматы қаласының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Астана қаласының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Шымкент қаласының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Жетісу облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Жамбыл облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қарағанды облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қостанай облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қызылорда облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Түркістан облысының әкімдігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Ұлытау облысының әкімдігі
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 302-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобы – 1988 жылы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы бірлесіп құрған, климаттың өзгеруіне байланысты ғылыми білімді бағалауға және парниктік газдар эмиссияларын бағалау әдіснамасын әзірлеуге жауапты Біріккен Ұлттар Ұйымының (бұдан әрі –БҰҰ) органы;
2) басты көздердің санаты – ұлттық кадастрда басым орындардың бірін алатын санат, өйткені оны бағалау шығарындылардың абсолюттік деңгейі, шығарындылар үрдістері немесе екеуінің де тұрғысынан парниктік газдардың тікелей шығарындыларының жалпы кадастрына әсер етеді;
3) көміртегі бірліктерінің саудасы жүйесінің операторы – парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулері саласындағы (бұдан әрі – Оператор) мемлекеттік реттеу мен халықаралық ынтымақтастықты техникалық және сараптамалық қолдап отыруды қамтамасыз ететін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдардың шығарылуын реттеу жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы;
4) қайта есептеу – әдістемелердегі өзгерістер, шығарындылар факторларын және қызмет туралы деректерді алу және пайдалану әдістеріндегі өзгерістер немесе көздер мен сіңіргіштердің жаңа санаттарын енгізу салдарынан көздерден парниктік газдардың антропогендік шығарындыларын және оларды бұрын ұсынылған кадастрларда көрсетілген сіңіргіштермен абсорбциялауды қайта бағалау рәсімі;
5) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеу жүйесі – Қазақстан Республикасында тиісті кезеңде парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірулерінің нақты көлемін айқындау үшін қажетті деректерді жинау, өңдеу, сақтау және талдау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жиынтығы;
6) сапаны бақылау – парниктік газдардың шығарындылары көздері мен сіңірулерінің кадастрын оның әзірленуіне қарай, оның жасалуына қарай өлшеу және сапасын бақылау жөніндегі әдеттегі техникалық жұмыс жүйесі;
7) сапаны қамтамасыз ету – деректер сапасы саласындағы міндеттердің орындалуын тексеру, ғылыми білімнің қазіргі деңгейі мен қолда бар деректерді ескере отырып, шығарындылар мен абсорбцияны бағалау тұрғысынан кадастрдың барынша дәлдігін қамтамасыз ету және сапаны бақылау бағдарламасының тиімділігін қолдау мақсатында кадастрларды әзірлеу және құрастыру процесіне тікелей тартылмаған қызметкерлер жүзеге асыратын қарау рәсімдерінің жоспарлы жүйесі.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Парниктік газдардың шығарындылары мен сіңірілуін жыл сайын мемлекеттік түгендеуді (бұдан әрі – мемлекеттік түгендеу) жоспарлау, дайындау, ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен бастап он екі ай ішінде жүзеге асырылады.
Парниктік газдарды мемлекеттік түгендеу жұмысының жыл сайынғы қорытындылары Парниктік газдардың шығарындылары ұлттық құжатта (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенцияның Хатшылығына (бұдан әрі – БҰҰ КӨНК Хатшылығы) ұсынылатын жалпы есептілік кестелерінде (бұдан әрі – ЖЕК) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізу тәртібі мемлекеттік түгендеудің жұмыс істеуін жыл сайын бақылау және кадастрлардың транспаренттілігі, келісімділігі, салыстырмалылығы, толықтығы мен дәлдігі қағидаттарын қамтамасыз ету арқылы 2005 жылғы 30 қарашадағы "Киото хаттамасының 5-бабының 1-тармағына сәйкес Ұлттық жүйелерге арналған басшылық қағидаттар" 19/СМР.1 Киото хаттамасы Тараптарының кеңесі ретінде әрекет ететін Тараптар Конференциясы шешімінің 6-тармағына (бұдан әрі – 19/СМР.1 шешімі) сәйкес жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік түгендеу жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыруды және үйлестіруді Кодекстің 302-бабының 3-тармағына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерден тұрады:
ведомствоаралық Жұмыс тобын ұйымдастыру;
мемлекеттік түгендеудің жұмыс істеу қорытындылары бойынша бастапқы деректерді ұсыну;
"Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы № 2260 Жарлығының 4-бабы 1-тармағының а) тармақшасына сәйкес мемлекеттік түгендеудің жыл сайынғы жұмыс істеу қорытындылары бойынша Ұлттық баяндаманы және ЖЕК әзірлеу және тексеру.
1-параграф. Мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізудің бірінші кезеңі
7. Мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізудің бірінші кезеңін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган Парниктік газдарды түгендеудің мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрады.
8. Жұмыс тобы уәкілетті орган өкілінің төрағалық етуімен құрылады және "БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының климаттық өзгеруінің салдарын бейімдеу және жұмсарту мәселелері жөніндегі Конференциясының 18-сессияның шешімі" (бұдан әрі – 18/СМА.1. шешімі) қосымшасының II бөліміне сәйкес барлық функциялардың орындалуына жауапты уәкілетті органның, Оператордың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерінен тұрады.
Жұмыс тобының құрамын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
9. Жұмыс тобының алғашқы отырысы жыл сайын 15 маусымнан кешіктірмей өткізіледі.
Жұмыс тобының алғашқы отырысында:
жұмыс тобының келесі отырыстарының күндері айқындалады;
сапаны қамтамасыз ету және сапаны бақылау жоспары қаралады;
ұлттық баяндама мен ЖЕК дайындауға қажетті бастапқы мәліметтерді ұсыну бөлінеді.
10. Мемлекеттік түгендеудің толықтығын, ашықтығын және анықтығын қамтамасыз ету мақсатында Жұмыс тобының алғашқы отырысына Оператор сапаны бақылау және сапаны қамтамасыз ету жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) 18/CMA.1 шешімінің 34-тармағына сәйкес әзірлейді.
11. Жоспар төмендегі іс-шараларды қамтиды:
1) әзірлеу басталғаннан оны БҰҰ КӨНК Хатшылығына ұсынғанға дейінгі жұмыстарды дайындау кестесі;
2) тексеру процедураларының сипаттамасы;
3) сапаны бақылау рәсімдері бойынша бекітілген адамдардың тізімі және секторлар бойынша оларды орындау мерзімдері.
12. Жоспар мемлекеттік түгендеу сапасын бақылау бойынша мынадай рәсімдерді қамтиды:
1) тексеруге бекітілген адамдарды тағайындау;
2) күнтізбелік жұмыс жоспарын және тексеру мерзімдерін белгілеу;
3) бастапқы деректердің дұрыстығын тексеру;
4) жекелеген секторлар бойынша сарапшылар арасындағы есеп айырысуларды тоғыспалы бақылау.
13. Жоспар Ұлттық баяндаманың қызметі, шығарындылар коэффициенттері, әдістері мен параметрлері туралы деректердің сапасын арттыру жөніндегі ақпаратты қамтиды.
2-параграф. Мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізудің екінші кезеңі
14. Жұмыс тобы алғашқы отырыста бастапқы мәліметтерді ұсынуды – Энергетикалық қызмет секторындағы мемлекеттік түгендеуді әзірлеуге арналған мәліметтерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Ауыл шаруашылығы секторындағы мәліметтерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Жерді пайдалану, жер пайдаланудағы өзгеріс және орман шаруашылығы секторындағы мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қалдықтар секторындағы мәліметтерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Жұмыс тобының тиісті өкілдері арасында бөледі және уәкілетті органның мемлекеттік статистика секторындағы өкілдерін қоспағанда, парниктік газдарды түгендеу үшін мәліметтерді ұсынатын өкілдер тізімін бекітеді.
"Өнеркәсіптік процестер және өнімдерді пайдалану" секторы бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның мәліметтері пайдаланылады.
15. Жұмыс тобының алғашқы отырысы өткізілгеннен кейін Оператор Ұлттық баяндаманы әзірлеу үшін барлық деректер бойынша сұрау салуларды әзірлейді және оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 20 маусымнан кешіктірмей: Энергетикалық қызмет секторындағы мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Ауыл шаруашылығы секторындағы мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Жерді пайдалану, жер пайдаланудағы өзгеріс және орман шаруашылығы секторындағы мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес және Қалдықтар секторындағы мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес уәкілетті органға жібереді.
Парниктік газдарды мемлекеттік түгендеуді дайындау бойынша деректерді алу үшін Оператор қосымша сұраныстар әзірлейді.
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында ашық қолжетімді мәліметтерді Оператор ұлттық түгендеуді әзірлеу үшін сұрау салуды жібермей пайдаланады.
16. Уәкілетті орган Оператордан сұрау салу хаты келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде отырыс қорытындыларына сай Жұмыс тобының өкілдеріне, сондай-ақ Жұмыс тобының құрамына кірмейтін тиісті ұйымдарға бастапқы деректерді: Энергетикалық қызмет секторындағы мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Ауыл шаруашылығы секторындағы мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Жерді пайдалану, жер пайдаланудағы өзгеріс және орман шаруашылығы секторындағы мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес және Қалдықтар секторындағы мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жібереді.
17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген Жұмыс тобы мен ұйымның өкілдері сұратылатын деректерді Энергетикалық қызмет секторындағы мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Ауыл шаруашылығы секторындағы мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтерді осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Жерді пайдалану, жер пайдаланудағы өзгеріс және орман шаруашылығы секторындағы мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтерді осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес және Қалдықтар секторындағы мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтерді осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мәліметтерде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей ұсынады.
18. Жұмыс тобының екінші отырысы осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес Отырыстардың кестесіне сәйкес, бірақ әрбір жылдың 15 тамыздан кешіктірмей өтеді.
Жұмыс тобының екінші Отырысында:
осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес ұсынылған деректер қаралады;
қосымша бастапқы деректерді алу талқыланады.
19. Бастапқы деректер алынбаған кезде жүйе операторы осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес бастапқы деректерді ұсыну туралы қосымша сұрау салуларды жібереді.
3-параграф. Мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізудің үшінші кезеңі
20. Мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізудің үшінші кезеңі мемлекеттік түгендеудің жыл сайынғы жұмыс істеуінің қорытындылары бойынша Ұлттық баяндаманы және ЖЕК кестелерін әзірлеп, тексеруден тұрады.
21. Мемлекеттік түгендеудің жыл сайынғы жұмыс істеу қорытындылары бойынша Ұлттық баяндаманы және ЖЕК кестелерін әзірлеуді Оператор мемлекеттік органдардан және қызметі парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерінің көзі болып табылатын кәсіпорындардан алынған деректерді жинау, талдау және өңдеу арқылы жүзеге асырады. Өңделген деректерді пайдалану арқылы Жүйе операторы парниктік газдардың шығарындылары мен сіңуін есептейді.
22. 19/СМР.1 шешімінің 16-тармағына сәйкес Мемлекеттік түгендеу қорытындылары бойынша Ұлттық баяндаманы дайындау кезінде мынадай шарттар қамтамасыз етіледі:
1) парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін есептеу үшін пайдаланылған қызмет туралы деректер, сапаны бақылау және сапаны қамтамасыз ету рәсімдері бойынша ішкі құжаттама, шығарындылар көздерінің негізгі және басқа да санаттары бойынша деректер, сондай-ақ Ұлттық баяндаманы жоспарланған жетілдіру;
2) уәкілетті орган өкілдеріне, оператор қызметкерлеріне, халықаралық сарапшыларға БҰҰ КӨНК Хатшылығы бастамашылық жасаған Ұлттық баяндаманы жыл сайынғы тексеру кезінде архивтелген ақпараттың қолжетімді болуы;
3) халықаралық шолу кезінде тексерушілердің сұрақтарына Оператор қызметкерлерінің жауаптарын әзірлеу және Ұлттық баяндамаға тексеру нәтижелері бойынша ұсынымдарды енгізу.
23. Оператор уәкілетті органның сұрау салуы бойынша не халықаралық сарапшылар тобының парниктік газдарды мемлекеттік түгендеуді тексеруі кезінде олардың архивтелген ақпаратқа қол жеткізулерін қамтамасыз етеді.
24. Көміртегі бірліктерінің сауда жүйесінің операторы Ұлттық баяндаманы қарау және келісу рәсімдерін қамтамасыз ету үшін Ұлттық баяндаманың жобасын уәкілетті органға әр жылдың 15 наурызынан кешіктірмей ұсынады.
25. Уәкілетті орган Ұлттық баяндама жобасын Жұмыс тобының өкілдеріне қарауға ұсынғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде Ұлттық баяндама жобасын жібереді.
26. Жұмыс тобының өкілдері 5 (бес) жұмыс күні ішінде Ұлттық баяндама жобасындағы мемлекеттік түгендеудің жұмыс істеу қорытындыларын қарайды және өз ескертулері мен ұсыныстарын ұсынады.
27. Оператор 5 жұмыс күні ішінде Жұмыс тобы өкілдері ұсынған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, мемлекеттік түгендеу қорытындыларын пысықтайды.
28. Жұмыс тобы өкілдерінің ескертулерімен және ұсыныстарымен келіспеген жағдайда Оператор оларға 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті ескертулер мен ұсыныстар ескерілмеген себептердің дәлелді негіздемелерін ұсынады.
29. Уәкілетті орган ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, Ұлттық баяндаманы қарау арқылы түпкілікті нәтижелерді бағалауға бақылау жүргізеді.
30. Жұмыс тобы үшінші отырыста жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы әр жылдың 12 сәуіріне дейін қарайды және келіседі.
31. Уәкілетті орган жыл сайын 15 сәуірге қарай "Конвенцияға I Қосымшаға енгізілген Тараптардың ұлттық хабарламаларды дайындауы және ұсынуы" 1995 жылғы 7 сәуірдегі Тараптар Конференциясының 3/СР.1 шешімінің 2-тармағына сәйкес бағалау рәсіміне жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу қорытындыларын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
Ұсынылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo интернет-ресурсына орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: "Энергетикалық қызмет" секторында мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтер
Есепті кезең: __ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1 ЭД
Жиілігі: жыл сайын
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын 10 шілдеге дейін
ЖСН/БСН_______________________________________________________
(жеке тұлғалар деректерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ
агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электронды түрде
№ | Сұралған деректер санаты | Сұралған деректер | Ұсынылатын деректер | Ескерту | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1. | Көлік | отын түрлері бойынша автомобиль саны | электр, дана | ||
гибридті, дана | |||||
жүк автомобильдері, дана | |||||
автобустар, дана | |||||
отын түрі | |||||
автомобиль паркінің автомобиль түрлері бойынша жылы | жеңіл, жыл | ||||
жүк, жыл | |||||
автобустар, жыл | |||||
автомобильдердің жүрісі бойынша деректер, километр | |||||
автомобиль қозғалтқышының көлемі бойынша деректер, текше метр | |||||
| Авиациялық қызмет | ұшақтың әр түрі үшін циклдар саны | |||
авиациялық компаниялардың Қазақстан бойынша орындаған рейстерінің тізбесі. | |||||
авиаотынды тұтыну жөніндегі деректер (авиаотын түрі) | |||||
керосин, литр | |||||
авиациялық бензин, литр | |||||
реактивті жанармай, литр | |||||
| Теңіз авиациясы | отын түрі | |||
кеме түрі | |||||
маршрут түрі (халықаралық жергілікті) | |||||
| Теміржол көлігі | темір жол көлігі тұтынылған отын көлемі, литр | |||
қатынас жолдарының ұзындығы | электрлендірілген, километр | ||||
электрлендірілмеген, километр | |||||
қуаты бойынша электровоздар саны, дана | |||||
| Құбыр көлігі |
мұнай құбырларының ұзындығы, километр | мұнай, километр | ||
газ, километр | |||||
мұнай мен газды айдау үшін тұтынылатын отын мөлшері, текше метр | |||||
сорғы станциялары | саны, дана | ||||
тұтынылатын отын түрі | |||||
| Фугитивті шығарындылар - Көмір өнеркәсібі | ашық тәсілмен өндірілген көмірдің көлемі, тонна | |||
жабық тәсілмен өндірілген көмірдің көлемі, тонна | |||||
өндірілген көмірдің метандылығы, тонна | |||||
консервіленген шахталар, дана | |||||
шахталарда метанды кәдеге жарату, тонна | |||||
| Фугитивті шығарындылар - Мұнай және газ | мұнай мен газды барлау жөніндегі деректер,текше метр | |||
мұнай мен газды жалындатып жағу жөніндегі деректер, текше метр | |||||
мұнай және газ өндіру кезінде кәдеге жарату жөніндегі деректер, текше метр | |||||
газ бен мұнайды қайта өңдеу бойынша деректер, текше метр | |||||
мұнай өндіру көлемі бойынша деректер, текше метр | |||||
газ өндіру көлемі бойынша деректер, текше метр | |||||
мұнай көлемі бойынша деректер, текше метр | |||||
газ көлемі бойынша деректер, текше метр | |||||
мұнайды бөлу жөніндегі деректер, текше метр | |||||
газды бөлу жөніндегі деректер, текше метр | |||||
отын тасымалдау жөніндегі деректер | құбыр көлігі, текше метр | ||||
автомобиль көлігі, текше метр | |||||
теміржол көлігі, текше метр |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________
Телефон _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Басшы немесе
оның міндетін атқарушы адам ______________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөрдің орны___________________________________________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Энергетикалық қызмет" секторында мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтер (бұдан әрі – №1 ЭД нысан), кезеңділігі: жыл сайын.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме парниктік газдарды мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мемлекеттік органдардың әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға арналған.
2. Мемлекеттік органдар "Энергетикалық қызмет" секторында мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтер ұсынады.
3. Парниктік газдар шығарындыларының және (немесе) сіңірулерінің азаюын растайтын көрсеткіштер нысанда көрсетілген өлшем бірліктеріне сәйкес толтырылады.
4. Мәліметтер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға электрондық форматта ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
1. № 1 ЭД нысан Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 302-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. № 1 ЭД нысан төмендегідей түрде толтырылады:
"Ұсынылатын деректер" деген 4-бағанда "Сұралған деректер" деген 3-бағанда санамаланған мәліметтерге сәйкес деректер көрсетіледі
"Ескертпе" деген 5-бағанда, бар болған жағдайда, ескертулер көрсетіледі.
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
Ұсынылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo интернет-ресурсына орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: "Ауыл шаруашылығы" секторында мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтер
Есепті кезең: __ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1 ҰБАШ
Кезеңділігі: жыл сайын
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын 10 шілдеге дейін
ЖСН/БСН_______________________________________________________
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ
агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электронды түрде
№ | Сұралған деректер санаты | Сұралған деректер | Ұсынылатын деректер | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Ішкі ферменттеу нәтижесінде және ауыл шаруашылығы жануарларының көңін басқару жүйелерінен шығарылатын шығарындылар | ауыл шаруашылығы ұйымдарында көңді және құс саңғырығын жинау, сақтау және кәдеге жарату жүйелерін пайдалану (жүйелердің (құрғақ, сұйық) әртүрлі түрлерінің арақатынасы), % | ||
ірі қара малдың төлдерінің саны, мың бас | ||||
малдың түрлері бойынша туған кездегі орташа тірі салмағы (килограмм) | ||||
малдың түрлері бойынша ересек ұрғашы малдың орташа тірі салмағы (килограмм) | ||||
малдың түрлері бойынша ересек еркек малдың орташа тірі салмағы | ||||
жемшөп рационының құрамы (жемшөп элементтерінің сипаттамасы және олардың жалпы тұтынылатын құрғақ заттағы үлесі) (%) | ||||
сиыр сүтінің орташа майлылығы (%) | ||||
2. | Топырақты гипстеу | барлық санаттағы ауыл шаруашылығы ұйымдарында және шаруашылықтарында әктас ұны мен әк материалдарын қолдану, мың тонна |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________
Телефон _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Басшы немесе
оның міндетін атқарушы адам ______________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөрдің орны___________________________________________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысаны бойынша түсіндірме
"Ауыл шаруашылығы" секторындағы мемлекеттік кадастрды әзірлеуге арналған ақпарат (бұдан әрі – № 1 ҰБАШ нысан), кезеңділігі: жыл сайын.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме парниктік газдарды мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мемлекеттік органдардың әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға арналған.
2. Мемлекеттік органдар "Ауыл шаруашылығы" секторында мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтерді ұсынады.
3. Парниктік газдар шығарындыларының және (немесе) сіңірулерінің азаюын растайтын көрсеткіштер нысанда көрсетілген өлшем бірліктеріне сәйкес толтырылады.
4. Мәліметтер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға электрондық форматта ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. № 1 ҰБАШ нысан Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 302-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. № 1 ҰБАШ нысан төмендегідей түрде толтырылады:
"Ұсынылатын деректер" деген 4-бағанда "Сұралған деректер" 3-бағанда көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес деректер көрсетiлуге тиiс;
"Ескерту" деген 5-бағанда, бар болған жағдайда, ескертулер көрсетіледі.
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізу қағидаларына 3-қосымша |
Ұсынылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: "Жерді пайдалану, жер пайдалануды өзгерту және орман шаруашылығы" секторында мемлекеттік кадастрды әзірлеуге арналған мәліметтер
Есепті кезең: ___ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1 ЖПЖПӨОШ
Кезеңділігі: жыл сайын
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын 10 шілдеге дейін
ЖСН/БСН_______________________________________________________
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ
агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электронды түрде
№ | Сұралатын деректер санаты | Сұралған деректер | Ұсынылатын деректер | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Орман қоры жерлерінің ауданын санаттар бойынша бөлу | орман қоры жерлерінің ауданын (мың га) әкімшілік телімдер тұрғысында санаттар бойынша бөлу, мың гектар | ||
орман алқаптары, мың гектар | ||||
питомниктер алып жатқан жерлер, мың гектар | ||||
орман дақылдарының плантациялары, мың гектар | ||||
тұтаспаған көшеттер, мың гектар | ||||
уақытша ағаш өспеген жерлер (кесілген ағаш түбірлері, өртенген жерлер), мың гектар | ||||
ауыл шаруашылығы және өзге де алқаптары бар орманды емес жерлер, мың гектар | ||||
2. | Орманды жерлер мен сүрек қорларының ауданын бөлу | орманды жерлер мен сүрек қорларының ауданын басым түрлері мен жас топтары бойынша бөлу, мың гектар | ||
ведомстволар құрамындағы орман қоры мен орманды жерлер, мың гектар | ||||
әртүрлі ведомстволардың құрамындағы әртүрлі нысаналы мақсаттағы жерлердегі орман өсімдіктері өскен алаңдар, мың гектар | ||||
| Ормандарды молықтыру | ормандарды молықтыру. | ||
орман шаруашылығын жүргізу регламентіне сәйкес өндірістік қызмет | ||||
орманның экологиялық жағдайы | ||||
орман қоры жерлеріндегі қауіпті табиғат құбылыстарын, аурулар мен зиянкестердің шығуын, табиғи орман және дала өрттерін қоса алғанда, екпе ағаштардың табиғи апаттан зақымдануы және жойылуы | ||||
4. | Егіндік жерлердің алаңдарын ведомстволық тиесілілігі бойынша және жер түрлері бойынша бөлу. | егістік жерлердің топырағындағы қарашірік пен азоттың топырақ айырмашылықтары бойынша құрамы (көкжиектер 0-20 сантиметр және 0-30 сантиметр), әкімшілік телімдер тұрғысында,% | ||
жайылымдар мен шабындықтардағы топырақта әкімшілік телімдер бойынша қарашірік пен азоттың болуы (көкжиектер 0-20 сантиметр және 0-30 сантиметр), % | ||||
| Табиғи жайылымдар мен шабындықтар алаңдарын бөлу | ведомстволық бағыныстылығын ескере отырып, табиғи жайылымдар мен шабындықтар алаңдарын әкімшілік облыстар мен табиғи аймақтар бойынша бөлу, мың гектар | ||
таза, ағаш өскен және бұталар өскен, төмпешікті, жақсартылған жерлерді қоса алғанда, жайылымдар мен шабындықтардың алқаптарын дақыл-техникалық жай-күйі бойынша бөлу, мың гектар | ||||
мал таптаған, топырақ-өсімдік жамылғысының өзгеру дәрежесі әртүрлі сумен қамтылған жайылымдар алаңдарын бөлу, мың гектар | ||||
ҚР аумағындағы және әкімшілік телімдер бойынша әртүрлі инфрақұрылымдарға жайластырылған барлық жерлерді қамтитын қоныстануға арналған жер алаңдарын бөлу, мың гектар | ||||
өсімдік жабынынан айырылған (тақыр жерлер) топырағы бар жерлерді, тасты жерлерді, мұзды, бүлінген жерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында және әкімшілік телімдер бойынша басқа жерлердің алаңдарын бөлу, мың гектар | ||||
Қазақстан Республикасының аумағында дала өрттері болып тұратын аумақтар**, мың гектар | ||||
Қазақстан Республикасының аумағындағы су шаруашылығы бассейндері бөлінісінде су, батпақ, жасанды су айдындары алып жатқан жер алаңдарын (мың гектар) бөлу, мың гектар |
**-Деректерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ұсынады
Телефон _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Басшы немесе
оның міндетін атқарушы адам ______________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөрдің орны___________________________________________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанының түсіндірмесі
"Жерді пайдалану, жер пайдаланудағы өзгеріс және орман шаруашылығы" секторында мемлекеттік кадастрды әзірлеуге арналған мәліметтер (бұдан әрі – № 1 ЖПЖПӨОШ нысан), кезеңділігі: жыл сайын.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме парниктік газдарды мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мемлекеттік органдардың әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға арналған.
2. Мемлекеттiк органдар "Жердi пайдалану, жер пайдаланудағы өзгеріс және орман шаруашылығы" секторындағы мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәліметтерді ұсынады.
3. Парниктік газдар шығарындыларының және (немесе) сіңірулерінің азаюын растайтын көрсеткіштер нысанда көрсетілген өлшем бірліктеріне сәйкес толтырылады.
4. Мәліметтер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға электрондық форматта ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. № 1 ЖПЖПӨОШ нысан Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 302-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. № 1 ЖПЖПӨОШ нысан төмендегідей түрде толтырылуға тиіс:
"Ұсынылатын деректер" деген 4-бағанда "Сұралған деректер" 3-бағанда көрсетілген мәліметтерге сәйкес деректер көрсетіледі;
"Ескерту" деген 5-бағанда, бар болған жағдайда, ескертулер көрсетіледі.
Парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін мемлекеттік түгендеудің толықтығына, ашықтығына және анықтығына бақылау жүргізу қағидаларына 4-қосымша |
Ұсынылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo интернет-ресурсына орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: "Қалдықтар" секторында мемлекеттік кадастрды әзірлеуге арналған ақпарат
Есепті кезең: _____ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1 Қалдықтар
Кезеңділігі: жыл сайын
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын 10 шілдеге дейін.
ЖСН/БСН_______________________________________________________
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ
агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: электронды түрде
№ | Сұралатын деректер санаты | Сұралған деректер | Ұсынылатын деректер | Ескерту | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1. | Тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ) бойынша деректер | бір жылда шығарылған және көмуге арналған полигондарға орналастырылған қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі, тонна | |||
қалдықтары ТҚҚ полигонына түсетін қала халқының саны, мың адам | |||||
бір жылда пайда болған ТҚҚ жалпы көлемі, мың тонна | |||||
қоқыс тастайтын жерлерге шығарылған өнеркәсіптік қалдықтардың көлемі, тонна | |||||
қоқыс тастайтын жерлерге шығарылған өнеркәсіптік қалдықтардың түрі (былғары өндірісі, тоқыма, тамақ өнеркәсібінің қалдықтары – бар болса), тонна | |||||
қоқыс өңдейтін кәсіпорындарға шығарылған ТҚҚ көлемі, тонна | |||||
жағылатын ТҚҚ -ның тоннамен көлемі (ашық жағу фактілері болған жағдайда), тонна | |||||
өртенген қатты қалдықтардың мөлшері тоннада (ашық күйдіру фактілері болған кезде), тонна | |||||
электр және жылу энергиясын алу мақсатында жағылатын ТҚҚ көлемі, тонна | |||||
жағылатын ТҚҚ көлемі (ашық рұқсатсыз жағу фактілері болған жағдайда), тонна | |||||
заңсыз үйінділерге шығарылған ТҚҚ көлемі, тонна | |||||
қайта өңдеу үшін кәдеге жаратылған ТҚҚ көлемі, тонна | |||||
ТҚҚ ашық жағу (егер жағылатын болса), тонна | |||||
бір жылдағы ТҚҚ өңдеуден түскен метан мөлшері (метанды кәдеге жарату болған жағдайда), тонна | |||||
компосттың пайда болу мөлшері (егер компостталса), тонна | |||||
ТҚҚ үйінділеріне шығарылған ТҚҚ көлемі, түрі | |||||
басқарылатын полигондар, тонна | |||||
басқарылмайтын терең, тонна | |||||
басқарылмайтын терең емес, тонна | |||||
қоқыс тастайтын жерлердегі ТҚҚ морфологиялық құрамы (қалдықтардың жалпы көлемінің %) | |||||
протеинді тұтыну, килограмм | |||||
2. | Сарқынды сулар туралы деректер | толық биологиялық тазартуға арналған тазарту құрылыстары арқылы ағынды сулардың көлемі, текше метр | |||
кәдеге жаратылған тұнбаның мөлшері, тонна | |||||
пайда болған тұнбаның мөлшері (құрғақ зат бойынша), тонна | |||||
сарқынды суларды ағызу (коммуналдық-тұрмыстық және экономиканың салалары мен кіші салалары бойынша талдап-тексере отырып): | |||||
тазартусыз, текше метр | |||||
нормативтік-таза, текше метр | |||||
тазартылған, оның ішінде нормативтік тазартылған және жеткіліксіз тазартылған | коммуналдық-тұрмыстық сала кәсіпорындарынан сарқынды сулардың тұнбасын көму үшін шығару көлемі (өнеркәсіптік кәсіпорындарды есептемегенде), текше метр | ||||
Коммуналдық тұрмыстық сала кәсіпорындарынан шыққан сарқынды сулардың тұнбасын қайта өңдеу көлемі (өнеркәсіптік кәсіпорындарды есептемегенде), текше метр | |||||
қалалық және ауылдық жерлерде қазылған шұңқырларды, септиктерді және канализац | |||||
3. | Медициналық қалдықтар туралы деректер | өртенген қауіпті медициналық қалдықтардың көлемі, тонна | |||
4. | Медицинада қолданылатын азот оксидінің мөлшері, кг | медициналық мақсаттағы пайдаланылған азот оксидінің мөлшері (анестетиктерді және ветеринарияны қолдану), кг |
Атауы _________________________________________________________
Мекенжайы____________________________________________________
Телефон _______________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________
Орындаушы____________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Басшы немесе
оның міндетін атқарушы адам ______________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөрдің орны___________________________________________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанының түсіндірмесі
"Қалдықтар" секторындағы мемлекеттік кадастрды әзірлеуге арналған ақпарат (бұдан әрі – № 1 Қалдықтар нысан), кезеңділігі: жыл сайын.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме парниктік газдарды мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мемлекеттік органдардың әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинау нысанын толтыруға арналған.
2. Мемлекеттiк органдар "Қалдықтар" секторында мемлекеттік түгендеуді әзірлеу үшін мәлiметтердi ұсынады.
3. Парниктік газдар шығарындыларының және (немесе) сіңірулерінің азаюын растайтын көрсеткіштер нысанда көрсетілген өлшем бірліктеріне сәйкес толтырылады.
4. Мәліметтер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға электрондық форматта ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. №1 Қалдықтар нысан Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 302-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
2. №1 Қалдықтар нысан төмендегідей түрде толтырылады:
"Ұсынылатын деректер" деген 4-бағанда "Сұралған деректер" 3-бағанда көрсетілген мәліметтерге сәйкес деректер көрсетіледі;
"Ескерту" деген 5-бағанда, бар болған жағдайда, ескертулер көрсетіледі.