"Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 11-1-4/328 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 маусымда № 36189 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32095 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық келісімді жасасу, өзгерту, бұзу қағидаларында:

      18-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Инвестициялық штабтың келісім жасасуды мақұлдау туралы оң шешімі болған кезде уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне:

      1) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін келісімдердің жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 73-бабына сәйкес қажетті құжаттар мен есептерді;

      2) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздемейтін келісімдердің жобалары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартудың болмауы туралы жазбаша негіздеме ұсынады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі келісімдердің жобалары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқарту немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін, осы Қағидалардың 18-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген келісілген құжаттарды Республикалық бюджет комиссиясының отырысына шығару үшін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қорытындысы негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды Республикалық бюджет комиссиясының отырысына жібереді.";

      19-тармақтың 1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Келісім жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі қабылданған жағдайда не республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқарту болмаған жағдайда уәкілетті орган белгіленген тәртіппен келісімге қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын 5 (бес) жұмыс күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға келісуге жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) инвестициялар – лизинг шартын жасасқан кезден бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа);";

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) инвестициялық жоба - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында құрылған, кеңейтілген және (немесе) жаңартылған өндірістерді қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және (немесе) жаңартуға инвестицияларды, сондай-ақ өте маңызды объектілерге немесе жалпыелдік маңызы бар жобаларға бағытталған инвестицияларды көздейтiн iс-шаралар кешенi;".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер Министрі
М. Нұртілеу

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады