"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2022 жылғы 19 қазандағы № 4 "Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30269 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы |
А. Иргалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
