"Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 19 мамырдағы № 238 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2025 жылғы 20 мамырдағы № 30 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 мамырда № 36147 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Қаржы ұйымдарын қоспағанда, жария мүдделі ұйымдар, бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдардың қызметі үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 298 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № 45 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарында (бұдан әрі — Өлшемшарттар):

      Өлшемшарттардың 1 және 2-қосымшалары осы бірлескен бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Өлшемшарттардың 5-қосымшасы осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      корсетілген бірлескен бұйрықтың 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалары осы бірлескен бұйрықтың 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жариялаған күннен кейін орналастырылуын;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
А. Амрин
     
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 30 мен
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 мамырдағы
№ 238 Бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1 қосымша

Профилактикалық бақылау жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу дәрежесі

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1. Жария мүдделі ұйымдар (қаржы ұйымдарын қоспағанда) бойынша

1

Дәйекті, бұрмаланбаған қаржылық есептiлiктi ұсыну, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасырмау, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жоймау

Өрескел

2

Қаржылық есептілікті белгіленген мерзімді бұзбай ұсыну не оны құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркелген жері бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік бақылау органдарына дәлелді себеппен және қаржылық есептілік депозитарийіне ұсынбау

Өрескел

3

Жария мүдделі ұйымдардың бас бухгалтерінде кәсіби бухгалтер сертификатының болуы

Өрескел

4

Жария мүдделі ұйым кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтерінің қаржылық есептілікке қол қоюы

Өрескел

5

Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлік ақпаратты оған рұқсаты бар тұлғалардың жария етпеуі

Өрескел

2. Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары бойынша

1

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы аккредиттелген кезден бастап бір ай ішінде Консультативтік органның құрамына бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесін, Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA) (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ЭЙСИСИЭЙ), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (СИПИЭЙ) толық біліктілігін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) дипломының, не "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің, не кәсіби бухгалтер сертификатының, экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит саласындағы (ғылыми) дәрежесінің бар екенін растай отырып бір өкілді ұсыну

Болмашы

2

Өз қызметін Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асыру

Елеулі

3

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген бір немесе бірнеше ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу

Елеулі

4

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына кірген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну

Өрескел

5

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну

Өрескел

6

Бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну

Өрескел

7

Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымының жұмыс органдары құрылымының өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде ұсыну

Өрескел

8

Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту

Елеулі

9

Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымының аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу

Елеулі

3. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар бойынша

1

"Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)", "Этика" пәндері бойынша жаңартылған емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсыну

Елеулі

2

Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдарды әзірлеу, басып шығару және тарату, емтихан процесін ұйымдастыру

Елеулі

3

Кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификаттаудан қабылдау үшін аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлғаны қоспағанда мынадай құжаттарды:
1) пәннің (пәндердің) атауы көрсетілген өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық жұмыс саласында кемінде соңғы үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттардың нотариат немесе кадр қызметі немесе жұмыс беруші куәландырған көшірмелері;
5) адвокаттың немесе нотариустың не соттың (бар болса) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) тиісті халықаралық сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
7) жазбаша хабарлама немесе жекелеген емтихандарды тапсырғаны туралы өзге де құжат (бар болса).

Елеулі

4

Өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған кәсіби ұйыммен бірлесіп бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша емтихандар өткізу

Елеулі

5

Уәкілетті органға бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттары туралы есепті емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде ұсыну

Өрескел

6

Емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихан модульдерінің өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға ұсыну

Өрескел

7

Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту

Елеулі

8

Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу

Елеулі

9

Емтихан онлайн режимінде өткізілген жағдайда комиссияның өзінің қашықтықтан веб-порталы, сондай-ақ онлайн режимінде емтихан өткізудің үздіксіз және сапалы тәртібін қамтамасыз ететін және оған тәуелсіз бақылаушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ететін өз бағдарламасы (платформасы) болады.

Елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 30 мен
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 мамырдағы
№ 238 Бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2 қосымша

Талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу дәрежесі

Талаптар

Бұзушылық дәрежесі

1. Бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдары бойынша

1

Кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтерлердің болуы

Елеулі

2

Мынадай:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша;
2) бухгалтерлердің біліктілігін арттыру бойынша;
3) әдеп мәселелері бойынша;
4) дауларды қарау бойынша жұмыс органдарының болуы

Елеулі

3

Өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы

Елеулі

2. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымдар бойынша

1

"Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)", "Этика" пәндері бойынша емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына, Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған кәсіби бухгалтерлердің Әдеп кодексі және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсыну

Елеулі

2

Емтихан нәтижелерін бағалау тәртібінде:
1) емтихан билеттерін қалыптастыру қағидаларының;
2) емтиханның нәтижелерін бағалау қағидаларының;
3) емтихандық жұмыстарды кодтау/кодты алып тастау қағидаларының болуы

Өрескел

3

Бір немесе бірнеше бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарымен өзара іс-қимыл туралы келісімнің болуы

Елеулі

4

Оқытуға тәуелсiз емтихан жүйесiнiң болуы

Елеулі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 30 мен
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 мамырдағы
№ 238 Бірлескен бұйрығына
3-қосымша
  Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік
саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
5 қосымша

Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

      _______________________ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік

      саласындағы _________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

      _____________________ бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі

      ___________________ бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті

      _________________ аккредиттелген ұйымдарға қатысты тобының атауы

Р/с №

Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші

Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі

Маңызды-лығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi

Шарттар / мәндер, xi

1-шарты / мәні

1

2

3

4

5

Бару арқылы профилактикалық бақылау үшін

1

"Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)", "Этика" пәндері бойынша жаңартылған емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына, Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған кәсіби бухгалтерлердің Әдеп кодексі және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсынбау

Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

50

 
1 факт

100%

2

Уәкілетті органға бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттары туралы есепті емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ұсынбау

Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

15

 
1 факт

100%

3

Емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап үш ай ішінде пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихан модульдерінің өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға ұсынбау

Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

15

 
1 факт

100%

4

Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өтпеу

Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

10

 
1 факт

100%

5

Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдемеу

Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

10

 
1 факт

100%

Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін

1

"Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)", "Этика" пәндері бойынша емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына, Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған кәсіби бухгалтерлердің Әдеп кодексі және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсынбау

Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

Талаптарға сәйкестігін тексеру кестесіне енгізу

 
1 факт

100%

2

Емтихан нәтижелерін бағалау тәртібінде:
1) емтихан билеттерін қалыптастыру қағидаларының;
2) емтиханның нәтижелерін бағалау қағидаларының;
3) емтихандық жұмыстарды кодтау/кодты алып тастау қағидаларының болмауы

Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері

100

 
1 факт

100%

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 30 мен
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 мамырдағы
№ 238 Бірлескен бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 2 сәуірдегі
  № 298 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 21 сәуірдегі
№ 45 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Тексеру парағы

      _____________________________ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік

      саласындағы ________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

      ____________ жария мүдделі ұйымдарға (қаржы ұйымдарын қоспағанда)

      ____________________________________________________________________

      Қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      ____________________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау тағайындау туралы акті

      ____________________________________________________________________

      күні №

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі) бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Дәйекті, бұрмаланбаған қаржылық есептiлiктi ұсыну, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасырмау, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жоймау



2

Қаржылық есептілікті белгіленген мерзімді бұзбай ұсыну не оны құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тіркелген жері бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік бақылау органдарына дәлелді себеппен және қаржылық есептілік депозитарийіне ұсынбау



3

Жария мүдделі ұйымдардың бас бухгалтерінде кәсіби бухгалтер сертификатының болуы



4

Жария мүдделі ұйым кәсіби бухгалтер болып табылатын бас бухгалтерінің қаржылық есептілікке қол қоюы



5

Коммерциялық құпияны құрайтын бухгалтерлік ақпаратты оған рұқсаты бар тұлғалардың жария етпеуі



      Лауазымды адам (-дар) ___________________________________ _____________

                                          лауазымы                         қолы

      ______________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ____________________________ _____________

                                          лауазымы                         қолы

      ______________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 30 мен
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 мамырдағы
№ 238 Бірлескен бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 298 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 21 сәуірдегі
№ 45 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Тексеру парағы

      _____________________________ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік

      саласындағы ________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

      аккредиттелген кәсіби ұйымдарына _____________________________________

      қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау тағайындау туралы акті

      ____________________________________________________________________

      күні №

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі)

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы аккредиттелген кезден бастап бір ай ішінде Консультативтік органның құрамына бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесін, Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA) (Зэ Исоушиэйшн оф Чартерд Сертифаид Экаунтэнтс) (ЭЙСИСИЭЙ), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) (Сертифаид Паблик Экаунтэнт) (СИПИЭЙ) толық біліктілігін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) (Диплоумэ ин зэ Интернашнэл Файнаншл Рипортин) (ДИайпиАЙЭФАР ЭЙСИСИЭЙ) дипломының, не "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігінің, не кәсіби бухгалтер сертификатының, экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит саласындағы (ғылыми) дәрежесінің бар екенін растай отырып бір өкілді ұсыну



2

Өз қызметін Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексіне сәйкес жүзеге асыру



3

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген бір немесе бірнеше ұйымдармен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасу



4

Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымына кірген (шыққан) бухгалтерлердің, кәсіби бухгалтерлердің және бухгалтерлік ұйымдардың саны туралы есепті ұсыну



5

Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы есепті ұсыну



6

Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлік есеп пен есептілік саласында халықаралық ұйымдармен ынтамақтастық туралы есепті ұсыну



7

Уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымының жұмыс органдары құрылымының өзгеруі туралы есепті ұсыну



8

Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту



9

Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымының аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу



      Лауазымды адам (-дар) ___________________________________ _____________

                                          лауазымы                         қолы

      ______________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ____________________________ _____________

                                          лауазымы                         қолы

      ______________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 30 мен
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 мамырдағы
№ 238 Бірлескен бұйрығына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 298 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 21 сәуірдегі
№ 45 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

Тексеру парағы

      ___________бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы_________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

      ____________ бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ________________

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті ___________________________

      аккредиттелген ұйымдарға ________________________ қатысты тобының атауы.

      Субъектіге (объектіге) тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ______________________________________________________________________

      Субъектіге (объектіге) тексеруді тағайындау туралы акті

      ______________________________________________________________________

      күні №

      ________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

      ________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі) бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

Кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтерлердің болуы



2

Мынадай:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша;
2) бухгалтерлердің біліктілігін арттыру бойынша;
3) әдеп мәселелері бойынша;
4) дауларды қарау бойынша жұмыс органдарының болуы



3

Өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы



      Лауазымды адам (-дар) ______________________________ ______________

      лауазымы                   қолы

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы _______________________ ______________

      лауазымы                   қолы

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 30 мен
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 мамырдағы
№ 238 Бірлескен бұйрығына
7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 298 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 21 сәуірдегі
№ 45 бірлескен бұйрығына
5-қосымша

Тексеру парағы

      _________ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы _________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес ___________

      бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ____________________ бақылау

      субъектілерінің (объектілерінің) біртекті ____________________ аккредиттелген

      ұйымдарға_______________________ қатысты тобының атауы.

      Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _______________

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді/бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы

      профилактикалық бақылау тағайындау туралы акті

      _____________________________________________________________________

      күні № _______________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

      _____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі) бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

"Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)", "Этика" пәндері бойынша жаңартылған емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсыну



2

Кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдарды әзірлеу, басып шығару және тарату, емтихан процесін ұйымдастыру



3

Кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификаттаудан қабылдау үшін аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі бар тұлғаны қоспағанда мынадай құжаттарды:
1) пәннің (пәндердің) атауы көрсетілген өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау салаларында немесе жоғары, орта білімнен кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі ғылыми-оқытушылық жұмыс саласында кемінде соңғы 3 (үш) жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттардың нотариат немесе кадр қызметі немесе жұмыс беруші куәландырған көшірмелері;
5) адвокаттың немесе нотариустың не соттың (бар болса) біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) тиісті халықаралық сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
7) жазбаша хабарлама немесе жекелеген емтихандарды тапсырғаны туралы өзге де құжат (бар болса).



4

Өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған кәсіби ұйыммен бірлесіп бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша емтихандар өткізу



5

Уәкілетті органға бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым таныған және берген сертификаттары туралы есепті емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде ұсыну



6

Емтихандар өткізу, танылған және берілген сертификаттар күнінен бастап, сондай-ақ емтихан модульдеріне өзгерістер енгізілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде пәндер бойынша өткізілген емтихандар туралы және емтихан модульдерінің өзгеруі туралы есепті уәкілетті органға ұсыну



7

Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда аккредиттеу рәсімінен өту



8

Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның аккредиттелгені туралы куәлікті қайта ресімдеу



9

Емтихан онлайн режимінде өткізілген жағдайда комиссияның өзінің қашықтықтан веб-порталы, сондай-ақ онлайн режимінде емтихан өткізудің үздіксіз және сапалы тәртібін қамтамасыз ететін және оған тәуелсіз бақылаушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ететін өз бағдарламасы (платформасы) болады.



      Лауазымды адам (-дар) ______________________________ ______________

      лауазымы                   қолы

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы _______________________ ______________

      лауазымы                   қолы

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 мамырдағы
№ 30 мен
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 19 мамырдағы
№ 238 Бірлескен бұйрығына
8-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 298 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 21 сәуірдегі
№ 45 бірлескен бұйрығына
6-қосымша

Тексеру парағы

      __________ бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы _________

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес

      ____________ бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ________________

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті ___________________________

      ________________________ аккредиттелген ұйымдарға қатысты тобының атауы

      Субъектіге (объектіге) тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      _____________________________________________________________________

      Субъектіге (объектіге) тексеруді тағайындау туралы акті ________________

      күні № _______________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________________

      _____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі) бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ____________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

"Қаржылық есеп және халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша есептілік", "Басқарушылық есеп", "Қаржы және қаржы менеджменті", "Салықтар", "Құқық (азаматтық құқық, банк ісі, сақтандыру және әлеуметтік заңнамасы)", "Этика" пәндері бойынша емтихан модульдерінің болуы және оларды халықаралық қаржылық есептілік стандартына, Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған кәсіби бухгалтерлердің Әдеп кодексі және Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға ұсыну



2

Емтихан нәтижелерін бағалау тәртібінде:
1) емтихан билеттерін қалыптастыру қағидаларының;
2) емтиханның нәтижелерін бағалау қағидаларының;
3) емтихандық жұмыстарды кодтау/кодты алып тастау қағидаларының болуы



3

Аккредиттеу туралы куәлік берілген кезден бастап алты ай өткен соң бір немесе бірнеше бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымдарымен өзара іс-қимыл туралы келісімнің болуы



4

Оқытуға тәуелсiз емтихан жүйесiнiң болуы



      Лауазымды адам (-дар) ___________________________________ ____________

                                          лауазымы                         қолы

      _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ____________________________ ____________

                                          лауазымы                         қолы

      _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады