БҰЙЫРАМЫН:
1. "Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 3 шiлдедегi № 448 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33023 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларында:
21-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) қаулы жобасын қабылдаудың ықтимал қоғамдық-саяси, құқықтық, ақпараттық және өзге де салдарын бағалау;".
2. "Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндет атқарушының 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 464 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33048 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
9-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әзірлеуші мемлекеттік орган әзірленген нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғанға дейін оны қабылдаудың ықтимал қоғамдық-саяси, құқықтық, ақпараттық және өзге де салдарын бағалау жүргізеді."
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқық түсіндіру және үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |