Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 16 мамырдағы № 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 21 мамырда № 36135 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 16 мамырдағы
№ 154 Бұйрығымен
бекітілген

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 275 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7020 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және теміржолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу тәртібін айқындайды.";

      1-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) теміржолдар (бұдан әрі – жолдар) – жылжымалы құрамның орын жүзеге ауыстыруы асырылатын жылжымайтын мүлік объектілері (магистральдық, станциялық, кірме жолдар), мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржолдар;";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жолдар кластары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 2 ақпандағы № 42 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6785 болып тіркелген), Теміржолдарды сыныптау қағидаларына сәйкес белгіленеді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Аралықтар мен станциялардағы барлық құрылыстар мен құрылғылар Қазақстан Республикасының техникалық пайдалану қағидаларында белгіленген нормалар мен рұқсаттарға сәйкес ұсталады (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген).".

      2. "Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11602 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында:

      1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-11) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, солардың салдарынан адамның қаза болу және (немесе) жылжымалы құрамның мүкаммалдан шығарып тасталатын дәрежеге дейін зақымдалу жағдайлары апатқа жатады.";

      13. Теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, солардың салдарынан адамның денсаулығына ауыр зиян келтірілу және (немесе) жылжымалы құрамның күрделі жөндеу көлемінде зақымдалу жағдайлары аварияға жатады.";

      14. Теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамның бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кету не поезды қабылдау-жөнелту маршрутына кетіп қалу, бірақ апат немесе авария салдары жоқ жағдайлар оқиғаларға жатады.";

      15-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржолдарда апатқа, аварияға және оқиғаға әкеп соқпаған, тізбесі теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында айқындалған жол жүрісі қауіпсіздігінің бұзылу жағдайлары оқыс оқиғаларға жатады:";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жылжымалы құрамның станциялардағы, кірме жолдардағы теміржолдардағы шектік бағанадан асып іргелес аралыққа, станциядан аралыққа немесе аралықтан станцияға кетуі, бірақ осы Қағидалардың 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген салдардың болмауы;";

      22) және 23) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) магистральдық, станциялық, кірме жолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында адамды басып кету жағдайы;

      23) магистральдық, станциялық, кірме жолдарда және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында малды басып кету салдарынан поездан ағытылуы талап етілетін жылжымалы құрамның бүлінуі;";

      43-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша теміржолдарда жүк вагоны арбашығының құйма бөлшектерінің омырылуы (жарылу) себебінен жол берілген қауіпсіздікті бұзу жағдайында, Ұлттық инфрақұрылым операторы:".

      3. "Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 544 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11897 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темiржол көлiгiн техникалық пайдалану қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Темір жол көлiгiн техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және темiр жол көлiгiн техникалық пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Ұлттық инфрақұрылым операторы және темiржол иесi пойыздардың үзiлiссiз қозғалысын ұйымдастыруға арналған жағдайларды қамтамасыз етедi.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Қар жинағыш және қар тазалағыш техниканы орналастыру жоспарын, қармен күресудiң жедел жоспарын тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторы мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарының иесімен қысқы маусым басталғанға дейінгі үшінші тоқсаннан кешіктірмей бекітіледі.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Магистральдық және станциялық жолдардың, сондай-ақ Ұлттық инфрақұрылым операторына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша темiржол иесiне тиесiлi темiржол кiрме жолдарының жоспары мен бейiнi кезең-кезеңiмен аспап арқылы тексерiлiп отырады.

      Жолдардың жоспары мен бейiнiн аспап арқылы тексеру, тиiстi техникалық құжаттаманы дайындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ станциялардың масштабтық және схемалық жоспарларын жасау тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша темiржол иесiне жүктеледi.";

      89-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Сұрыптау, учаскелiк және жүк станцияларындағы сұрыптау дөңестерiнiң, дөңесасты және пiшiнделген тартымдық жолдардың бойлық бейiндерiн үш жылда кемiнде бiр рет тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша темiржол иесi тексередi. Барлық станциялардың станциялық жолдарының қалған ұзындығында бейiн он жылда кемiнде бiр рет тексерiледi.

      Басты жолдардың бойлық бейiн аспап арқылы тексеру жолдарды күрделi және орташа жөндеу кезеңiнде жүргiзiледi. Жолдың жоспары мен бейiнiнiң өзгеруiне алып келетiн қайта құру жүргiзiлетiн магистральдық және станциялық жолдардың учаскелерiн жұмысты орындаушылар жұмысты аяқтаған соң тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторына немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша темiржол иесiне тиiстi құжаттаманы ұсына отырып, тексередi.

      Станция аумағында жаңа объектiлер салған, қолда барларын кеңейткен немесе басқа орынға ауыстырған кезде осындай жұмыстарды орындайтын кез келген ұйым қолданыстағы станцияның дамуына объектiнiң байланыстырылуын белгiлейтiн орындаушылық құжаттаманы дереу Ұлттық инфрақұрылым операторына немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша темiржол иесiне бередi.";

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Инженерлiк коммуникация, құбыржолдар, өтпе, байланыс желiсi, электр берудi, мұнай құбыржолдары, газ құбыржолдарын, сондай-ақ олардың темiржолмен қиылысатын объектiлердi немесе олардың өте жақын орналасқан жолақ бұрамасының шегiнде орналасқан құрылыстарды орналастыру, салу және пайдалану шарттары оған тапсырыс берушi мен тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылымның операторы немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша темiржол иесi арасындағы шарт бойынша анықталады.";

      208-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "208. Автоматика және телемеханика құрылғылары бойынша үлгiлiк техникалық шешiмдердi тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша темiр жол иесi бекiтедi. Автоматика және телемеханика құрылғыларында үлгiлік емес техникалық шешiмдердi қолдануға рұқсат етiлмейдi.";

      227-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "227. Жылжымалы құрамның төбесiндегi жабдықтар қарап тексерiлетiн жолдардағы түйiспелiк желiсiнiң және жарақтау құрылғыларының ажыратқыштарын ауыстырып қосуды техникалық байқау пунктiнiң жауапты қызметкерлерi жүргiзедi.

      Магистральдық және станциялық жолдарда айырғыштарды, ажыратқыштарды ауыстырып қосу тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторының (энергодиспетчердiң) немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша темiржол иесiнiң жауапты қызметкерiнiң бұйрығы негiзiнде ғана жүргiзiледi.";

      229-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "229. Электрмен жабдықтау және байланыс желілерін жобалау, салу, қайта жаңарту, жаңғырту кезінде байланыс желісінің, автоблоктау желілерінің және бойлық электрмен жабдықтау желілерінің схемасы сәйкесінше Ұлттық инфрақұрылым операторы немесе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарының иесімен бекітіледі.";

      254, 255 және 256-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "254. Бiр жолды учаскеде жұмыс жүргiзу үшiн аралықты, ал қос жолды немесе көп жолды учаскеде бiр немесе бiрнеше жолды жабу егер ол көршiлес темiржол ұйымдарымен белгiленген қозғалыс мөлшерлерiнiң өзгеруiне алып келмесе, тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша темiржол иесiнiң рұқсатымен жүргiзiледi. Егер мұндай жабу ТМД елдерiнiң көршiлес темiр жолдарына белгiленген пойыздар қозғалысы мөлшерлерiнiң өзгеруiне алып келсе, оған басқа темiр жол әкiмшiлiктерiмен келiсу рұқсат берiледi.

      255. Жеке жолды учаскеде аралықты, ал қос жолды немесе көп жолды учаскеде бiр немесе бiрнеше жолды жабу туралы кем дегенде бiр тәулiк бұрын жұмыстардың тиiстi басшылары хабардар етiледi. Аралықты немесе жолдарды жабу және ашу жұмыстарды бастау алдында және жұмыстар аяқталғаннан кейiн пойыз диспетчерiнiң бұйрығымен жүргiзiледi.

      Жұмыстар жұмыс басшысы аралықтың немесе жолдардың жабылғаны туралы жауапты қызметкердiң (пойыз диспетчерiнiң) тиiсiнше Ұлттық инфрақұрылым операторының немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша темiржол иесiнiң ақпаратын (жазбаша хабарлама, телефонхат немесе жеделхат нысанында) алған соң және жұмыс орындары сигналмен қоршалғанға дейiн жүргізіледі.

      256. Аралықты немесе жолдарды ашу жол жұмыстарының немесе жасанды құрылыстардағы жұмыстардың аяқталғандығы және пойыздардың толассыз және қауiпсiз қозғалуы үшiн кедергiлердiң жоқ екендiгi туралы телефонхатты немесе жеделхатты бұл жұмыстарды қандай ұйымның орындағанына қарамастан жол шаруашылығы кәсiпорыны басшысының немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымы жол шеберiнен төмен емес қызметкердiң жазбаша хабарламасынан, телефонхат немесе жеделхатынан кейiн ғана жүргiзiледi.

      Қолданыстағы автоматика, телемеханика және телекоммуникация немесе электрмен жабдықтаудың құрылғыларының жұмысын қалпына келтiру тиiсiнше жауапты қызметкерден (автоматиканың, телемеханиканың және телекоммуникацияның аға электр механигiнен немесе энергодиспетчерден), Ұлттық инфрақұрылым операторынан немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша темiржол иесiнен хабарлама алғаннан кейiн жүргiзiледi.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады