"Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 3-3/331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 6 мамырда № 36083 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 3-3/331 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9643 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 132 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасында
пайдалануға ұсынылатын, мал
шаруашылығы саласындағы
селекциялық жетістіктердің
мемлекеттік тізілімін
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміндегі әкімшілік облыстардың реттік нөмірлері

№ р/с

Облыстардың реттік нөмірі

Әкімшілік облыстардың атаулары

1

2

3

1

15

Абай

2

1

Ақмола

3

2

Ақтөбе

4

3

Алматы

5

4

Атырау

6

5

Батыс Қазақстан

7

6

Жамбыл

8

16

Жетісу

9

7

Қарағанды

10

8

Қостанай

11

9

Қызылорда

12

10

Маңғыстау

13

12

Павлодар

14

13

Солтүстік Қазақстан

15

11

Түркістан

16

17

Ұлытау

17

14

Шығыс Қазақстан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады