Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 05.05.2026 № 46-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Тасқала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары айқындалсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 05.05.2026 № 46-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Тасқала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Ж. Бисенгалиева |
| Тасқала аудандық мәслихаты 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 19-2 шешіміне 1-қосымша |
Тасқала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары
Ескерту. 1 қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 05.05.2026 № 46-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.
3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі – Тұрғын үй көмегін беру қағидалары) айқындалған тәртіппен есептейді.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.
Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 05.05.2026 № 46-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігі күшімен өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.
Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауаптың мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 05.05.2026 № 46-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.
Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 05.05.2026 № 46-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
| шешіміне 2-қосымша |
1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2020 жылғы 21 ақпандағы № 44-6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6059 болып тіркелді).
2. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 44-6 "Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 55-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6583 болып тіркелді).
3. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 44-6 "Тасқала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 2 маусымдағы № 5-3 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7189-07 болып тіркелді).