Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| мәслихат төрағасы | Л. Кайргалиева |
| 2024 жылғы 10 маусымдағы № 18-3 шешіміне қосымша |
1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Бөкей ордасы ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 17 мамырдағы № 16-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5207 тіркелген);
2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының "Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 16-4 "Бөкей ордасы ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 15 қазандағы № 9-2 шешімі.
