Қазығұрт ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 12/80-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 28 наурызда № 6494-13 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 қарашадағы № 33/195-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 25.11.2025 № 33/195-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазығұрт ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2%- ға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазығұрт аудандық мәслихат төрағасы Т. Калымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады