Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 30.12.2025 № 255/44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" № 117 бұйрығына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидалары мен мөлшері осы шешімнің 1 – қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 30.12.2025 № 255/44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны "Ақсу қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 30.12.2025 № 255/44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінкүнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
| Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы | М. Омаргалиев |
| Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 119/18 шешіміне 1- қосымша |
Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидалары мен мөлшері
Ескерту. 1- қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 30.12.2025 № 255/44 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 97-бабының 5-тармағына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес әзірленді және Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айкындайды.
2. Осы Қағидарларда пайдаланатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) тұрғын үй көмегі – аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) меншіктегі немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған жалғыз тұрғынжайды не оның бір бөлігін күтіп-ұстауға арналған шығыстар мен осы Заңда айқындалған тәртіппен жергілікті өкілді органдар осы мақсаттарға белгілеген аз қамтылған отбасылар (азаматтар) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырманы өтеу үшін жергілікті бюджеттен берілетін төлем;
3) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
4) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде ескерілетін кіріс түрлерінің сомасы;
5) шекті жол берілетін шығыстар – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы.
3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.
4. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Ақсу қаласында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азамттарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2-тарау. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
6. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін Қағидалардың 4-1 тармағына сәйкес нормативтер шегінде уәкілетті орган есептейді.
7. Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қағидалардың 19-48 тармақтарында айқындалған тәртіппен есептейді.
8. "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларын айқындау және бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).
9. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленеді. Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалмаса, шығындарды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргізіледі.
3-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
10. Аз қамтылған отбасы (азаматтар) (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жолдайды
11. Тұрғын үй көмегін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тағайындау үшін (немесе нотариалды куәландырылған сенімхатпен оның өкілі) тұргын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
12. Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді уәкілетті орган ақпараттық жүйелер арқылы алады.
13. Аз қамтылған отбасы (азаматтар) (немесе нотариалды куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өтініш бергенге дейін өткен тоқсан үшін отбасының кірістерін растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.
14. Тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру тұрғын үй көмегін тағайындаушы уәкілетті органмен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе "жеке кабинетке" электрондық құжат түрінде жолданады.
15. Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.
16. Тұрғын үй көмегін көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Ақсу қаласының бюджетіндн көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
17. Тұрғын үй көмегі ағымдағы тоқсанда жиынтық табысы бойынша және кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналар туралы жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша құжаттарды беру уақытына қарамастан бір тоқсан мерзімге тағайындалады оның ішінде алдыңғы тоқсанның телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтеріне ақы төлеу сметасы мен шоттарына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу.
18. Уәкілетті орган Қағидалардың 18 - тармағында көрсетілген негіздер бойынша тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады.
19. Отбасы тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға алып келген көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар берген кезде өтініш беруші мен оның отбасына атаулы әлеуметтік көмек төлеу оның тағайындалған бүкіл кезеңі үшін тоқтатылады.
20. Алушыларға тұрғын үй көмегін төлеуді алушылардың өтініші бойынша уәкілектті орган ай сайын тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейін айдың 25 - іне дейін екінші деңгейдегі банктер, ұйымдар, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар, "Казпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы жүзеге асырады.
21. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
| Ақсу қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 119/18 Шешіміне 2- қосымша |
Ақсу қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы "Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы" 87/11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5458 болып тіркелген).
2. Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы "Ақсу қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 87/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 135/21 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27270 болып тіркелген).
3. Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 12 сәуірдегі "Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы "Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" № 87/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 16/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7322 болып тіркелген).
4. Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы "Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 87/11 "Ақсу қаласы бойынша тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" № 70/10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7436-14 болып тіркелген).