Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 19.12.2025 № 253/44 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 %-дан 2 %-ға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы | М. Омаргалиев |
