Түпқараған ауданы бойынша 2024 - 2026 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 сәуірдегі № 10/115 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 11 сәуірде № 4695-12 болып тіркелді.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12353 болып тіркелген), Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Түпқараған ауданы бойынша 2024-2026 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы Ж. Матаев

  Маңғыстау облыстық
  мәслихатының
  2024 жылғы 9 сәуірдегі
  №10/115 шешіміне
  қосымша

Түпқараған ауданы бойынша 2024-2026 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы мәслихатының 04.08.2025 № 21/255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Маршрут атауы және (немесе) нөмірі

Маршрут түрі

1

№1 "Ақшұқыр- Сайын Шапағатов-Ақшұқыр"

ауданішілік

2

№2 "Форт-Шевченко-Баутин-Аташ"

ауданішілік

3

№3 "Қызылөзен- Форт-Шевченко- Қызылөзен"

ауданішілік


 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады