"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Байкадамов |
| Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 89 шешіміне қосымша |
Қызылорда облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қызылорда облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 134 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5942 болып тіркелген);
2. "Қызылорда облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 134 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 326 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6833 болып тіркелген);
3. "Қызылорда облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 134 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 17 наурыздағы № 15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8223 болып тіркелген).
