Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының 12.02.2025 № 30/290 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы № 12/110 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6511-09 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) Осакаров ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын мүгедектігі бар балалар және балалары бар көп балалы отбасыларға жартыжылдықта бір рет 50% мөлшерінде ата-ана жарналарына шығындарды өтеуге;";
7-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңның 3 -бабының 1 тармағына сәйкес ардагерлерге табыстарын есепке алмай, жылына бір рет, 14 күннен аспайтын санаторий-курорттық емдеуге мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторий-курорттық емдеуге кепілдендірілген сомасынан аспайтын жұмсалған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсету;
мүгедектігі бар балалардың ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдармен еріп жүретін адамдарға санаторий-курорттық емдеуге жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, бір рет санаторлық-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | К. Саккулаков |
