Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Бұқар жырау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 ақпандағы №09/02 "Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Бұқар жырау ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6193 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұқар жырау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Бұқар жырау ауданының әкімі | Е. Құсайын |
