Бесқарағай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/6-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 наурызда № 241-18 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2026 жылғы 15 сәуірдегі № 39/3-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 15.04.2026 № 39/3-VIII шешімімен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бесқарағай ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы
      М. Абылгазинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады