Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3-бабы 7- тармағына және 6-бабы 2-тармағына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай облысы Абай ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Абай облысы Абай ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Т.Жанғалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай ауданының әкімі | |
| М. Смагулов |
Келісілді:
"Абай облысының жолаушылар
көлiгi және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекетік
мекемесінің басшысы
Р. Ж. Беркутбаев
| Абай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 217 қаулысына қосымша |
Абай облысы Абай ауданының жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы
№ р/с | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, километр |
Санаты бойынша, | ||||
I | II | III | IV | V | ||||
1 | KU AB-1 |
Қарауыл-Архат, | 42,0 | 42,0 | ||||
2 | KU AB-2 |
Тоқтамыс ауылына кіреберіс, | 21,0 | 21,0 | ||||
3 | KU AB-3 |
Қарауыл-Кеңгірбай би, | 7,0 | 7,0 | ||||
4 | KU AB-4 |
Еңлік-Кебек үңгіріне кіреберіс, | 6,0 | 6,0 | ||||
5 | KU AB-5 |
Орда ауылына кіреберіс, | 2,0 | 2,0 | ||||
6 | KU AB-6 |
Сырт Қасқабұлақ ескерткішіне кіреберіс, | 1,6 | 1,6 | ||||
7 | KU AB-7 |
Көкбай ауылына кіреберіс, | 1,2 | 1,2 | ||||
8 | KU AB-8 |
Медеу ауылына кіреберіс, | 1,1 | 1,1 | ||||
9 | KU AB-9 |
Қасқабұлақ ауылына кіреберіс, | 1,0 | 1,0 | ||||
10 | KU AB-10 |
Құндызды ауылына кіреберіс, | 1,0 | 1,0 | ||||
11 | KU AB-11 |
Қарауыл төбе кіреберіс, | 0,7 | 0,7 | ||||
12 | KU AB-12 |
Саржал ауылына кіреберіс, | 0,3 | 0,3 | ||||
13 | KU AB-13 |
Еңлік-Кебек ескерткішіне кіреберіс, | 0,1 | 0,1 | ||||
ЖИЫНЫ | 85 | 85 | ||||||
