"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес" Қарасай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасай ауданы әкімінің "Аудан әкімінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы №12-29 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 4 наурыздағы №3-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2-11-66 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ж. Естенов |
