ПРИКАЗЫВАЮ:
1. "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларында:
Күдікті операцияны айқындау белгілерінде:
жол:
"
133 | 1162 | Заңсыз қызметпен (терроризмді қаржыландыру, адам саудасы, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сату) байланысы бар цифрлық активтердің мекенжайларымен операциялардың жасалуы |
";
мынадай редакцияда жазылсын:
"
133 | 1162 | Заңсыз қызметпен (терроризмді қаржыландыру, адам саудасы, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сату, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы) байланысы бар цифрлық активтердің мекенжайларымен операциялардың жасалуы |
".
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг Агенттігінің Терроризмді, есірткі бизнесін және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қаржылық мониторинг департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының Бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
