"Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына және "Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 63 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 тамызда № 34945 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.04.2026 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19629 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтер және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттерде, оларды есептеу әдістемесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Пруденциялық нормативтердің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің құрамына:

      1) микроқаржы ұйымы үшін:

      жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;

      меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;

      меншікті капиталдың жеткіліктілігі;

      бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері;

      левередж коэффициенті;

      қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті;

      2) кредиттік серіктестік үшін:

      жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері;

      меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері;

      левередж коэффициенті;

      3) ломбард үшін – жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері кіреді.";

      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

      "4-тарау. Микроқаржы ұйымы қарыз алушысының кірісіне қатысты борыш коэффициенті

      13. Микроқаржы ұйымы (кредиттік серіктестік пен ломбардты қоспағанда):

      қарыз алушыға ашылған кредиттік желі шеңберінде микрокредит (микрокредиттің бір бөлігін) беруді қоспағанда, қарыз алушыға микрокредит беру;

      қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);

      қарыз алушыға жасалған микрокредит беру туралы шарт (шарттар) шеңберінде қосымша микрокредит беру туралы шешімдер қабылданғанға дейін қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

      14. Нормативтердің 13-тармағының талаптары қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға берілген микрокредиттерге қолданылады.

      15. Қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициентін есептеуді микроқаржы ұйымы мынадай түрде жүзеге асырады:

      КБК =

      мұнда:

      КБК – қарыз алушының кірісіне қатысты борыш коэффициенті;

      ӨҚБС – қарыз алушының барлық өтелмеген банктік қарыздары мен микрокредиттері бойынша берешек сомасы;

      ӨҚБС – қарыз алушының барлық өтелмеген қарыздары мен микрокредиттері бойынша берешектің жиынтық сомасы барлық өтелмеген қарыздар мен микрокредиттер бойынша мерзімі өткен төлемдердің сомаларын, кредиттік карта бойынша кредиттік лимиттің пайдаланылған бөлігі бойынша, сондай-ақ шарттарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделген төлем картасы бойынша сомаларды, сондай-ақ шарттарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделген кредиттік лимиттің, кредиттік картаның немесе төлем картасының пайдаланылмаған бөлігінің 10 (он) пайызын қоса алғанда есептеледі;

      ЖБС – қарыз алушының Нормативтердің 13-тармағында көзделген жағдайларда туындайтын жаңа берешегі бойынша сома;

      ҚЖЖТ – қарыз алушының жылдық жиынтық табысы қарыз алушының өтініш берген күнінің алдындағы соңғы 6 (алты) айдағы, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19670 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысымен бекітілген Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнінің 6-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген өлшемшарттар негізінде айқындалған қарыз алушының жалақысының және (немесе) табыстарының өзге де түрлерінің орташа айлық сомасын 12-ге көбейтіп есептеледі.".

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2024 жылғы 16 тамыздағы
№ 63 Қаулыға
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.04.2026 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қаулыға
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.04.2026 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады