Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 45 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 шiлдеде № 34859 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.04.2026 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14788 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерде:

      1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2024 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2024 жылғы 31 шілдедегі
№ 45 Қаулыға
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.04.2026 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қаулыға
2-қосымша
  Пруденциялық нормативтерге
және ипотекалық ұйымдар және
агроөнеркәсіп кешені
саласындағы ұлттық басқарушы
холдингтің еншілес ұйымдары
сақтауға міндетті өзге де
нормалар мен лимиттерге
1-қосымша

Ұйымның салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерінің кестесі

Баптар атауы

Тәуекел дәрежесі пайызбен

1

2

3

I топ

1

Қолма-қол теңге

0

2

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетелдік қолма-қол валютасы

0

3

Тазартылған бағалы металдар

0

4

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар

0

5

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

0

6

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының салымдары

0

7

Қазақстан Республикасы Үкіметінің дебиторлық берешегі

0

8

Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының салықтар және бюджетке төленетін басқа төлемдер жөніндегі дебиторлық берешегі

0

9

Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары

0

10

Тәуелсіз рейтингі Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетелдік мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

0

11

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

0

12

Тәуекелдің І тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

0

II топ

13

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің шетелдік қолма-қол валютасы

20

14

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар

20

15

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

20

16

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейiнгi борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

20

17

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА"-дан төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар

20

18

I тәуекел тобына жатқызылған дебиторлық берешекті қоспағанда, Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдарының дебиторлық берешегі

20

19

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" -тен төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі

20

20

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

20

21

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

20

22

Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

20

23

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

20

24

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-" төмен емес борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

20

25

Ұйым баланста ұстайтын және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ААА"-дан "АА-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) ұлттық шкаласы бойынша "kzAAA"-дан "kzAA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

20

26

"Қазақстан тұрғын үй компаниясы" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар

20

27

Тәуекелдің II тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

20

III топ

28

Тазартылмаған бағалы металдар

50

29

Standard & Poor's (стандарт энд Пурс) агенттігінің "А+" - тен "А-"- ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдарға берілген қарыздар

50

30

Мынадай талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары: берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнының 50 (елу) пайызынан аспайды

50

31

Мынадай талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары: берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнының 60 (алпыс) пайызынан аспайды

75

32

Мынадай талапқа сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары: берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнының 70 (жетпіс) пайызынан аспайды. Мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін ипотекалық тұрғын үй қарыздары:
берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнының 85 (сексен бес) пайызынан аспайды және кредиттік тәуекелді ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының қамтамасыз ету құнына қатынасының 70 (жетпіс) пайызынан асатын мөлшерінде сақтандыру ұйымы сақтандырған;
мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде салынған тұрғын үйді сатып алуға берілген ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының кепіл құнына қатынасы кепіл құнының 90 (тоқсан) пайызынан аспайды және олар бойынша кредиттік тәуекелге қамтамасыз ету құнына ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының 70 (жетпіс) пайыздан асатын мөлшерде не ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының қамтамасыз ету құнына қатынасы 85 (сексен бес) пайыздан асатын мөлшерде "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамы кепілдік берген және олар бойынша кредиттік тәуекел ипотекалық тұрғын үй қарызы сомасының қамтамасыз ету құнына қатынасының 70 (жетпіс) пайызынан асатын мөлшерінде сақтандырылған.

100

33

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

50

34

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

50

35

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардағы салымдар

50

36

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдардың дебиторлық берешегі

50

37

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

50

38

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

50

39

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

50

40

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

50

41

Ұйым баланста ұстайтын және Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А+"-тен "А-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzA+"-тен "kzA-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар секьюритилендіру позициялары немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтинг

50

42

Тәуекелдің III тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

50

IV топ

43

Тәуекелдің III және V топтарына жатқызылғандарды қоспағанда, жеке тұлғаларға берілген қарыздар

100

44

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент ұйымдарға, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент ұйымдарға және Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі және немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдарға берілген қарыздар

100

45

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық банктеріндегі салымдар

100

46

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

100

47

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент-ұйымдардағы, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент-ұйымдардағы және Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдардағы салымдар

100

48

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен борыштық рейтингі бар резидент ұйымдардың немесе тиісті рейтингтік бағасы жоқ басқа рейтингтік агенттіктердің, резидент ұйымдардың бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі, "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің борыштық рейтингі және немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдардың дебиторлық берешегі

100

49

Жеке тұлғалардың дебиторлық берешегі

100

50

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар

100

51

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің және тиісті рейтингтік бағасы жоқ елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

100

52

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "В-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары және тиісті рейтингтік бағасы жоқ халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

100

53

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "А-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент-ұйымдар, тиісті рейтингтік бағасы жоқ резидент-ұйымдар және Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВ-"-ке дейінгі борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

100

54

Ұйым баланста ұстайтын және Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВВ+"-тен "ВВВ-"-ке дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің ұлттық шкаласы бойынша "kzBBB+"-тен "kzBBB-"-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар секьюритилендіру позициялары

100

55

Тәуекелдің IV тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

100

56

Төлемдер бойынша есеп айырысулар

100

57

Негізгі құрал-жабдықтар

100

58

Материалдық қорлар

100

59

Сыйақы мен шығыстар сомасын алдын ала төлеу

100

V топ

60

Ұйымның негізгі қызметінің мақсаттары үшін сатып алынған және 38 "Материалдық емес активтер" Халықаралық қаржылық есептілік стандартына (IAS) сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтылым

100

61

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдарға және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент-ұйымдарға берілген қарыздар

150

62

Басқа да ипотекалық тұрғын үй қарыздары

150

63

Тұтынушылық банктік қарыздар

150

64

Төменде көрсетілген шет мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар (немесе олардың азаматтары) болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген қарыздар:
1) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдарының, Гуам аралының және Пуэрто-Рико Достастығы аумақтары бөлiгiнде ғана);
2) Андорра Князьдігі;
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай қаласы аумағы бөлігінде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана);
20) Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;
21) Коста-Рика Республикасы;
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Маврикий Республикасы;
25) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);
33) Нигерия Федеративтiк Республикасы;
34) Палау Республикасы;
35) Панама Республикасы;
36) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
37) Самоа Тәуелсiз мемлекетi;
38) Сейшел аралдары Республикасы;
39) Сент-Винсент және Гренадин мемлекетi;
40) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
41) Сент-Люсия мемлекеті;
42) Тонга Корольдiгi;
43) Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Теркс және Кайкос аралдары; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.

200

65

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "В-" төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық банктеріндегі салымдар

150

66

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "В-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарындағы салымдар

150

67

Standard & Poor's (Стандарт энд Пурс) агенттігінің "ВВ-" төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент-ұйымдардағы және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент-ұйымдардағы салымдар

150

68

Шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарындағы салымдар: 1) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдары, Гуам аралы және Пуэрто-Рико достастығының аумағы бөлігінде ғана);
2) Андорра Князьдігі;
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана);
10) Вануату мемлекеті;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кука және Ниуэ аралдары аумағы бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана);
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Маврикий Республикасы;
25) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нигерия Федеративтiк Республикасы;
33) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);
34) Палау Республикасы;
35) Панама Республикасы;
36) Португалия (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
37) Сейшел аралдары Республикасы;
38) Сент-Винсент және Гренадин мемлекетi;
39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
40) Сент-Люсия мемлекеті;
41) Самоа Тәуелсiз мемлекетi;
42) Тонга Корольдiгi;
43) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтар бөлiгiнде ғана): Ангилья аралдары; Бермуд аралдары; Британдық Виргин аралдары; Гибралтар; Кайман аралдары; Монтсеррат аралы; Мэн аралы; Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары); Теркс және Кайкос аралдары;
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.

200

69

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-" дан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдардың және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдардың дебиторлық берешегі

150

70

Шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдарының дебиторлық берешегі:
1) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдары, Гуам аралы және Пуэрто-Рико достастығының аумағы бөлігінде ғана);
2) Андорра Князьдігі;
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор аралдары Федералдық Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана);
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Маврикий Республикасы;
25) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нигерия Федеративтік Республикасы;
33) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының
тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);
34) Палау Республикасы;
35) Панама Республикасы;
36) Португалия (Мадейра аралдарының аумақтары бөлігінде ғана);
37) Сейшель аралдары Республикасы;
38) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
40) Сент-Люсия мемлекеті;
41) Тәуелсіз Самоа мемлекеті;
42) Тонга Корольдігі;
43) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтары бөлiгiнде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
Теркс және Кайкос аралдары;
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.

200

71

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"- дан төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар

150

72

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ-" дан төмен тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар елдердің жергілікті билік органдары шығарған бағалы қағаздар

150

73

Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "В-"- дан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар

150

74

Standard & Poor's агенттігінің (Стандард энд Пурс) "ВВ-"- дан төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар бейрезидент ұйымдар және тиісті рейтингтік бағасы жоқ бейрезидент ұйымдар шығарған бағалы қағаздар

150

75

Шет мемлекеттердің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының бейрезидент ұйымдары шығарған бағалы қағаздар:
1) Америка Құрама Штаттары (Американдық Виргин аралдары, Гуам аралы және Пуэрто-Рико достастығының аумағы бөлігінде ғана);
2) Андорра Князьдігі;
3) Антигуа және Барбуда мемлекеті;
4) Багам аралдары достастығы;
5) Барбадос мемлекеті;
6) Бахрейн мемлекеті;
7) Белиз мемлекеті;
8) Бруней Даруссалам мемлекеті;
9) Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi (Дубай қаласының аумағы бөлiгiнде ғана);
10) Вануату Республикасы;
11) Гватемала Республикасы;
12) Гренада мемлекеті;
13) Джибути Республикасы;
14) Доминикан Республикасы;
15) Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумағы бөлігінде ғана);
16) Индонезия Республикасы;
17) Испания (Канар аралдарының аумағы бөлiгiнде ғана);
18) Кипр Республикасы;
19) Комор аралдары Федералдық Ислам Республикасы;
20) Коста-Рика Республикасы;
21) Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкiмшiлiк аудандарының аумақтары бөлiгiнде ғана);
22) Либерия Республикасы;
23) Лихтенштейн Князьдігі;
24) Маврикий Республикасы;
25) Малайзия (Лабуан анклавының аумағы бөлiгiнде ғана);
26) Мальдив Республикасы;
27) Мальта Республикасы;
28) Маршалл аралдары Республикасы;
29) Монако Князьдігі;
30) Мьянма Одағы;
31) Науру Республикасы;
32) Нигерия Федеративтік Республикасы;
33) Нидерланд (Аруба аралының аумағы және Антиль аралдарының
тәуелдi аумақтары бөлiгiнде ғана);
34) Палау Республикасы;
35) Панама Республикасы;
36) Португалия (Мадейра аралдарының аумақтары бөлігінде ғана);
37) Сейшель аралдары Республикасы;
38) Сент-Винсент және Гренадин мемлекеті;
39) Сент-Китс және Невис Федерациясы;
40) Сент-Люсия мемлекеті;
41) Тәуелсіз Самоа мемлекеті;
42) Тонга Корольдігі;
43) Ұлыбритания мен Солтүстiк Ирландияның Бiрiккен Корольдiгi (мынадай аумақтары бөлiгiнде ғана):
Ангилья аралдары;
Бермуд аралдары;
Британдық Виргин аралдары;
Гибралтар;
Кайман аралдары;
Монтсеррат аралы;
Мэн аралы;
Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
Теркс және Кайкос аралдары;
44) Филиппин Республикасы;
45) Шри-Ланка Демократиялық Республикасы.

200

76

Ұйым баланста ұстайтын және Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "ВВ+"-тен "ВВ-" дейінгі кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шкаласы бойынша "kzBB+"-тен "kzBB-" дейінгі рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар секьюритилендіру позициялары

350

77

V-тәуекел тобына енгізілген активтер бойынша есептелген сыйақы

150

  Ұйымның салымдардың
кредиттік тәуекел дәрежесі
бойынша мөлшерленген
активтерінің кестесіне
қосымша

Ұйымның салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерінің есебіне түсіндірмелер

      1. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, ұйымда түзетілген құны аталған активтер көлемінің кем дегенде 50 (елу) пайызын құрайтын қамтамасыз етуі бар қарыздар (осы Кестенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10 және 11-жолдарында көрсетілген активтер түрінде) ұйымдарда осы тармаққа сәйкес қамтамасыз етудің түзетілген құнын анықтауға мүмкіндік барабар еспке алу жүйесі болған жағдайда, түзетілген қамтамасыз ету құнын шегере отырып мөлшерленген активтер есебіне енгізілуі мүмкін.

      Түзетілген қамтамасыз ету құны (осы Кестенің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10 және 11-жолдарында көрсетілген активтер түрінде) мыналарға тең болады:

      қамтамасыз ету ретінде ұсынылған салымдар сомасының 100 (бір жүз) пайызы;

      қамтамасыз етуге берілген бағалы қағаздардың нарықтық құнының 95 (тоқсан бес) пайызы;

      қамтамасыз етуге берілген тазартылған бағалы металдардың нарықтық құнының 85 (сексен бес) пайызы.

      Жоғарыда аталған салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың қамтамасыз етілмеген бөлігі салымдарға, дебиторлық берешекке, сатып алынған бағалы қағаздарға сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша осы Кестеге сәйкес сараланады.

      2. Салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар, қарыздар, контрагенттен төмен тәуекел дәрежесі бар ұйымдар кепілдік берген (сақтандырылған) ұйымдар инвестицияларының есебіне енгізілмеген инвестициялар тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (ұйымның инвестициясы есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасын шегергенде) активтердің есебіне борышкердің тәуекел бойынша енгізілуі мүмкін.

      Ұйымның инвестициясының есебіне енгізілмеген салымдардың, дебиторлық берешектің, сатып алынған бағалы қағаздардың, қарыздардың, инвестициялардың кепілдік берген (сақтандырылған) сомасы тиісті кепілгердің (сақтандырушының) дебиторлық берешегінің тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.

      3. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген, мынадай:

      1) оффшорлық аймақтардың аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген;

      2) оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген, жекелей алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан артық иеленетін заңды тұлғаларға тәуелді болып табылатын немесе оффшорлық аймақтың аумағында тіркелген заңды тұлғаға тәуелді болып табылатын;

      3) оффшорлық аймақтардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар,

      осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген қамтамасыз етудің бар-жоғына қарамастан, осы Кестеге сәйкес тәуекел дәрежесі бойынша сараланады.

      4. Осы Түсіндірменің 1-тармағында көрсетілген, мынадай:

      1) оффшорлық аймақтардың аумағында заңды тұлға ретінде тіркелген, бірақ Standard & Poor's (Стандард энд Пурс) агенттігінің "АА-"-тен төмен емес борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар бас ұйымның міндеттемелердің барлық сомасына қамтамасыз ету ретінде тиісті кепілдігі бар;

      2) оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген оффшорлық аймақтар тізбесіне енгізілген не экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне жатқызған мемлекеттердің азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне немесе жеке алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан артық иеленуші заңды тұлғаларға тәуелді не көрсетілген оффшорлық аймақтар аумағында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды қоспағанда, оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға тәуелді, жеке алғанда жарғылық капиталдың 5 (бес) пайызынан артық иеленетін, немесе оффшорлық аймақтардың аумағында тіркелген, бірақ аталған деңгейден төмен емес борыштық рейтингі бар немесе борыштық рейтингі аталған деңгейден төмен емес бас ұйымның міндеттемелердің барлық сомасына қамтамасыз ету ретінде тиісті кепілдігі бар заңды тұлғаға қатысты еншілес болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне берілген салымдар, дебиторлық берешек, сатып алынған бағалы қағаздар және қарыздар тәуекелдің 0 (нөлдік) дәрежесі бойынша сараланады.

      5. Салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген ұйымның активтерін есептеу мақсатында:

      тұрғын үй салу не оны сатып алу және (немесе) жөндеу мақсатында берілетін ипотекалық банктік қарыз ипотекалық тұрғын үй қарызы деп түсініледі;

      жеке тұлғаға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға және (немесе) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттарға берілетін, ипотекалық тұрғын үй қарыздары (ипотекалық қарыз) болып табылмайтын банктік қарыз тұтынушылық банктік қарыз деп түсініледі.

      6. Орталық контрагенттің қатысуымен жасалған "кері репо" операциясының нысанасы болып табылатын бағалы қағаздар тәуекелдің нөлдік дәрежесі бойынша мөлшерленеді.

      7. Осы Пруденциялық нормтивтердің мақсаттары үшін қарыз ұғымы ретінде ұйымның қарыз, лизингтік, факторингтік, форфейтингтік операцияларды жүзеге асыруы түсініледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады