Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңыңың 27 бабына сәйкес, Бәйтерек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2021 жылғы 8 маусымдағы №10-12-190 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара мал арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Бәйтерек ауданы Атамекен ауылдық округі Қайнар ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі әкімінің "Бәйтерек ауданы Железнов ауылдық округі Новенький ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 22 мамырдағы №5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6251 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Атамекен ауылдық округінің әкімі | Ф. Умбеткалиев |
