Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №18 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдардың арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Жарма ауданының Ұзынжал ауылынан шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Жарма ауданы Суықбұлақ кенті әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы №4 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28022 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. "Абай облысы Жарма ауданы Суықбұлақ кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғанынан кейін осы шешімді Жарма ауданы әкімідігінің ресми сайтында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| А. Юсупов |
