Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 8 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 65 "Созақ ауданының кейбір елді мекендерін есепті деректерден шығару туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4002 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауданы әкімінің орынбасары А.Сатыбалдыға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Созақ ауданы әкімінің міндетін атқарушы | А. Сатыбалды |
