"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 636 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29766 болып тіркелген);
2) "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 636 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 63 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8385-11 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облысының әкімі | Н. Налибаев |
