Қарағанды облысының Приозерск қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 6/42 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 29 маусымда № 6451-09 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 36/272 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 29.12.2025 № 36/272 шешімімен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексінің (Салық кодексі) 696-3 бабының 5-тармағына сәйкес, Приозерск қалалық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 %-дан 2 %-ға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Исатаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады