Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастикалық комиссияның 2022 жылғы 19 қазандағы қорытындысы негізінде, Қарағайлы кентінің тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентіндегі Ленин көшесі Әлихан Бөкейхан көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағайлы кентінің әкімі | М. Акимбаев |
