"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері кірістері мен шығыстарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 67/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5539 болып тіркелді) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Булекпаев |
