Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына,139-бабының 9-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Жаңаарқа ауданының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Жаңаарқа ауданының әкімдігінің "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 21 мамырдағы №53/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5848 болып тіркелген);
2) Жаңаарқа ауданының әкімдігінің "Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы №53/01 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2021 жылғы 19 ақпандағы №16/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6203 болып тіркелген).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | К. Кожукаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жаңаарқа аудандық мәслихаты
| Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 106/02 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
№ | Лауазым атаулары |
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
Басқарушы персонал: | |
1. | Аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі |
Негізгі персонал: | |
2. | Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант |
3. | Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
4. | Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер |
Әкімшілік персонал: | |
5. | Бухгалтер |
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
Басқарушы персонал: | |
1. | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы (директоры) |
2. | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшының (директорының) орынбасары |
3. | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК сектор басшысы |
4. | Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК бөлім басшысы |
5. | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК көркемдік жетекшісі |
6. | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК әдістемелік кабинет меңгерушісі (басшысы) |
7. | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК кітапхана меңгерушісі (басшысы) |
Негізгі персонал: | |
8. | Ұжым (үйірме) басшысы |
9. | Әкімші (негізгі қызметтер) |
10. | Аккомпаниатор |
11. | Музейлер қорын есепке алу архивисті |
12. | Библиограф |
13. | Кітапханашы |
14. | Концертмейстр |
15. | Дыбыс режиссері |
16. | Мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) |
17. | Барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер) |
18. | Музыкалық жетекші |
19. | Редактор (негізгі қызметтер) |
20. | Режиссер |
21. | Барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер) |
22. | Хореограф |
Әкімшілік персонал: | |
23. | Бухгалтер |
24. | Экономист |
25. | Барлық атаудағы мастер |
26. | Барлық атаудағы техниктер |
27. | Заң кеңесшісі |
28. | Бағдарламашы |
29. | Инструктор |
30. | Дыбыс операторы |
Қосалқы персонал: | |
31. | Жарық аппаратурасы, бейнежазба, дыбыс жазбасы операторы |
32. | Іс жүргізуші |
3. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары: | |
Басқарушы персонал: | |
1. | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысы |
2. | Аудандық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары |
Негізгі персонал: | |
3. | Жаттықтырушы-оқытушы |
4. | (Мамандырылыған) медициналық бике |
5. | (Мамандырылыған) медициналық аға |
6. | Әдіскер |
Әкімшілік персонал: | |
7. | Бухгалтер |
8. | Экономист |
9. | Заңгер |
10. | Нұсқаушы (нұсқаушы-спортшыдан басқа) |
11. | ММ және МҚК шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын (бюро, гараж, іс-жүргізуші, сақтау камерасы, кеңсе, қазандық, кір жуатын орын, қойма, шаруашылық) құрылымдық бөлімшенің басшысы |
12. | Зертханашы |
13. | Инженер |
Қосалқы персонал: | |
14. | Іс жүргізуші |
Аббревиатураны ажырату:
ММ – мемлекеттік мекеме;
МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
