Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 мамырда № 32599 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 167-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғанынан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2023 жылғы 26 мамырдағы
№ 180 бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.09.2026 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 167-бабының 3-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді.

      2. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады.

2-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      3. Құрам астана, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімінің өкімімен бекітіледі.

      4. Комиссия Төрағадан, Төрағаның орынбасарынан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы тақ саннан, бірақ кемінде жеті адамнан құралады.

      Комиссияның құрамы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағындағы жергілікті атқарушы органның мүдделі мемлекеттік органдарының өкілдерінен құралады.

      5. Комиссия өз қызметін жүзеге асыру кезінде қажет болған жағдайда тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне қатысты қорытынды дайындау үшін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына өнім берушіні жіберу және (немесе) оны тіркеуден шығару туралы шешім қабылдауға қатысуға құқығы жоқ сарапшыны немесе сарапшылар тобын тарта алады.

      Сарапшы ретінде мынадай адамдарды қоспағанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және олардың мүмкіндіктерін кеңейту саласында арнайы және (немесе) техникалық білімі, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызмет тәжірибесі бар, тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және өзге де құжаттармен) расталған жеке тұлғалар тартылады:

      1) өнім берушілермен және (немесе) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталындағы өнім беруші және (немесе) өнім беруші ретінде тіркелуге үміткерлермен еңбек, шарттық немесе өзге де мүліктік қатынастары бар;

      2) Комиссия мүшелерінің және (немесе) өнім берушілердің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылатын;

      3) Комиссия қабылдайтын шешімнің нәтижесіне мүдделі адамдар.

      6. Комиссия Төрағасы мен Төрағаның орынбасарын сайлау Комиссияның бірінші отырысында әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті атқарушы орган өкілдері қатарынан ашық дауыс беру арқылы жай көпшілік дауыспен сайланады.

      7. Комиссия Төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарын өткізеді. Төраға болмаған кезде, оның функцияларын Төрағаның орынбасары орындайды.

3-тарау. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      8. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу және оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу туралы шешімдер қабылдау;

      2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының мәселелері бойынша өтініштерді қарау.

      9. Комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады:

      1) "Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32989 болып тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес өнім берушілердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуге, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығаруға, сондай-ақ тауарды (ларды) және (немесе) қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберуге өтініштерін қарау;

      2) жергілікті атқарушы органның, мүгедектігі бар адамдардың және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркелген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының мәселелері бойынша өтініштерін объективті, жан-жақты және уақтылы қарау.

      10. Комиссия өз міндеттері мен функцияларына сәйкес:

      1) өнім берушілердің мүгедектігі бар адамдарға тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді нақты ұсынуын және, сондай-ақ олардың әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы қабылдаған міндеттемелерін орындауын тексеруді жүзеге асырады;

      2) өнім берушілер ұсынған мәліметтердің дұрыстығын тексеруді жүзеге асырады;

      3) Комиссияның міндеттерін орындау үшін қажетті материалдарды мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады.

4-тарау. Арыздарды, өтініштерді және шағымдарды қарау ерекшеліктері

      11. Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу, сондай-ақ тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметті әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық форматтағы хаттаманы қалыптастыра отырып жүзеге асырылады.

      12. Комиссия Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органның, мүгедектігі бар адамдардың және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркелген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің өтініштерін қарайды.

      13. Өнім беруші шарттық қатынастарды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы бұзушылықтар анықталған кезде Комиссия 1 (бір) жұмыс күні ішінде жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде жойылмаған жағдайда, Комиссия өнім берушіні әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан шығару туралы шешім қабылдайды.

      14. Мүгедектігі бар адамдарды тауарлармен және (немесе) көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес Комиссия әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының деректері негізінде әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді берушілердің болмауы туралы қорытынды шығарады.

5-тарау. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі

      15. Өнім берушіні әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу және (немесе) тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді порталға жіберу туралы Комиссияның шешімі немесе әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тауарлар мен қызметтер берушілердің болмауы туралы Комиссияның қорытындысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде Порталда ашық дауыс беру арқылы жай көпшілік дауыспен қабылданады және егер олар үшін Комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп есептеледі.

      16. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы мәселелері жөніндегі Комиссияның хаттамасына осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды және ол әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында электрондық форматта қалыптастырылады.

      17. Комиссияның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған жағдайда шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жоғары тұрған әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

  Әлеуметтік көрсетілетін
қызметтер порталы мәселелері
жөніндегі комиссия туралы
үлгілік ережеге қосымша

Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталының мәселелері жөніндегі комиссияның 20___ жылғы ____ _____________ № _____ ХАТТАМАСЫ

      __________________________________________________ комиссиясы (өңір)

      өнім берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      __________________________________________________________________

      өнім берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________

      өнім берушінің қызмет түрі __________________________________________

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуге өтінішін;

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына тауарды (тауарларды) және (немесе) көрсетілетін қызметтерді жіберуге өтінішін;

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығаруға өтінішін қарап, мынадай шешім шығарды (қажетін таңдау):

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнім берушіні тіркеу туралы;

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнім берушіні тіркеуден бас тарту туралы мынадай себеп бойынша (қажетін таңдау):

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығымен бекітілген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32989 болып тіркелген) 7-тармағында көрсетілген өнім беруші енгізген мәліметтердің дәйексіздігі;

      ұсынылған құжаттарда қажетті деректемелердің болмауы;

      уәкілетті тұлғаның қолымен расталған және мөрімен (болған жағдайда) бекітілген түзетулерді қоспағанда, ұсынылған құжаттарда анық емес және оқылмайтын жазбалардың, анық өшірулердің, жазбалардың, сызылған сөздердің, шифрланбаған қысқартулардың, түзетулердің болуы;

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 167-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі бойынша тіркеуден бас тарту туралы;

      әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнім берушіні тіркеуден шығару туралы;

      тауарды немесе қызметті әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу туралы;

      тауарды немесе көрсетілетін қызметті әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберуден бас тарту туралы мынадай себеп бойынша (қажетін таңдау):

      тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің және олардың сипаттамаларының Сыныптауыштың талаптарына сәйкес келмеуі;

      берілетін тауарға сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның болмауы;

      мемлекеттік тіркелуге және қайта тіркелуге тиісті медициналық бұйымдарға жататын техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру кезінде тіркеу куәлігінің болмауы;

      тауарларды өткізу және (немесе) қызметтер көрсету үшін олардың шыққан жерін, сипаттамасын және бағасын растайтын құжаттардың болмауы;

      мүгедектігі бар адамдар үшін санаторийлік-курорттық ұйымдардың қолжетімсіздігі немесе мүгедектігі бар адамдар үшін санаторийлік-курорттық ұйымдардың қолжетімділігі туралы деректердің болмауы;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығымен бекітілген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32989 болып тіркелген) 7-тармағының 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген тауар (тауарлар) және (немесе) көрсетілетін қызмет (қызметтер) туралы мәліметтердің болмауы;

      тауар бейнесінің (фотосуретінің) қысқаша сипаттамамен (мақсаты, функционалы, техникалық параметрлері) сүйемелденетін ақпараттық мәтіндік сипаттамасының болмауы;

      электрондық шот-фактуралардың цифрлық жүйесінде тауарлардың қозғалысы туралы мәліметтердің болмауы;

      көрсетілетін қызмет, тауар және оның бейнесі туралы мәліметтерде олардың сипаттамаларына жатпайтын ақпараттың көрсетілуі – осы Қағидаларда көзделмеген тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қосымша шарттарының белгіленуі, оның ішінде жарнамалардың, акциялардың, сондай-ақ қосымша тауарлар мен ақшалай сыйақылардың орналастырылуы;

      осы өнім беруші тауарының осы моделіне қолданыстағы (жарияланған) өтінімнің болуы;

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығымен бекітілген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді, мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе оларды тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32989 болып тіркелген) 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тауарлар және (немесе) көрсетілетін қызметтерді өткізуге тиісті лицензияның болмауы;

      мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі өнім берушінің Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен (инватакси) мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген).

      _________________________________

      Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында (тауардың немесе қызметтің атауы)

______________________
(комиссия мүшесінің шешімі)

ЭЦҚ ___________________________________
(комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

 
______________________
(комиссия мүшесінің шешімі)

ЭЦҚ ___________________________________
(комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

 
____________________________
(комиссия Төрағасының
шешімі)

ЭЦҚ ____________________________________
(комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)

  Тізбеге 2-қосымша


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады